Өмірбек БАЙГЕЛДИ: БІЗДІҢ ЖОЛЫМЫЗ БІРЕУ, БІР АРНАМЕН АҒАМЫЗ
Platon.kz - Қандай елдегі де ішкі тыныштық оны мекен еткен халықтар татулығына байланысты болмақ. Ал бұл көп ұлтты мемлекет үшін ауадай қажет іс. Бұл бағытта біздің елімізде Мемлекет басшысының дінаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз етудегі рөлі айрықша көрінеді. Оған экономикадағы, мәдениеттегі, құқық қорғаудағы жалпы ішкі, сыртқы саясаттағы көптеген жетістіктеріміздің әсері мол болды деп толық айтуға негіз бар. Дегенмен, жау жоқ деме, жар астында дегендей, осы жетістіктерімізді, тыныштығымызды көтере алмайтындар да баршылық. Осы орайда біз Парламент Сенатының депутаты, белгілі қоғам қайраткері Өмірбек БАЙГЕЛДИМЕН мемлекеттің көпконфессиялық қоғамда да дінге сенушілердің зайырлы дағдыларына құрметпен қарау қажеттілігі туралы, алға қойған ізгілікті істері жөнінде, ұлттық мәдениет…