Мазмұнға өту
Alik66

Алтынбек Халидуллин

@Alik66

Сайтта 2011 ж. 5 қаңтарКазахстан, Атырау

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

5

пікір

1

тіркелуші

0

жазылу

1

Айғана баба

Айғана Жантоқұлы XVII ғасырда Жәңгір хан ставкасында қызмет еткен старшын, атақты әулие, батыр болған. Қазіргі кезде бейіті Атырау облысы, Исатай ауданы, Сазанқұрақ кен орнының маңында. Ол жерде мәрмәрдан ескерткіш белгі, әулие белгісі ақ жалау, түнек үйі бар. Жылына әлденеше рет ағайын-тума ата басына ас беріледі. Ол жөнінде қосымша деректер болса хабарласуды өтінеміз.

0
0
1081

Жұмыр

Исатай ауылы Нарын құмының төскейіне, Атырау-Астрахан теміржол желісінің дәл ортасына орналасқан. Яғни облыс орталығы Атыраудан 180 шақырым қашықтықта. Ауылдың шетінде "Жұмыр" атты төбешік бар. Ауылдың қартаңдау келген адамдары бұл төбешікті "Жұмыр" деп атайтын және осы төбешікке қарап, "қасиетті бабалар қорымы" деп, оларға арнап құран бағыштаушы еді. Жастау кезімізде ауыл балаларынан "осы төбешіктен қылыш, найза сияқты бұрынғы заманның қару-жарақтарын тауып алдық" дейтінін еститінбіз. Бірақ бұл төбешіктің тарихын ешкім білмеді ме, әйтеуір, ол туралы ештеңе естіген жопыз. Кейін келе Махамбет бабамыздың "Жұмыр-Қылыш" күйінің бар екені жарыққа шығып, бұл Жұмыр, Қылыш деген Исатай, Махамбет көтерілісінің ішіндегі батырлар екенін естіген болатынмын. Осы Жұмыр батырдың жерленген жері осы қорым…

0
2
1663

Қайырлы Құрманбаев

Қайырлы Құрманбаев 1874 жылы Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын құмында дүниеге келген. Есен-Беріштің Ырсай атасы, Атажан бөлімінен. 1910 жылы ішкі Орданың (Астрахань губерниясы, Гурьев уезі) 1-ші теңіз жағалауы округінде Мұқанәлі Шынтеміровтың көмекшісі болып қызмет істеді. 1911 жылы сол округтің правителі болып бекітіліп, ол қызметті Кеңес өкіметі орнағанға шейін атқарған. 1929 жылы патша өкіметінің қызметшісі ретінде 3 жылға Сібірге жер аударылады. Соғыс біткен соң елге келіп, 1949 жылы 75 жасында Атырау қаласында дүниеден озады.

0
0
737