Мазмұнға өту

Жаңа

Исламды қабылдау Алланың сыйлығы...

Фадала ибн Убәйд әл-Ансари (р.а.) Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.): «Исламды қабылдау арқылы тура жолға түскен, әрі күнелтуге жететін ғана дүниесі болып, соған қанағат еткен жан қандай бақытты!» – деп айтқанын естіген.  (Риязус-салихин кітабынан)

0
0
659

Мен осындай болудан қорқамын, ал Сен ???

Пайғамбарымыз (с.а.с.) және былай деген:  «Хақиқи мұнафиққа (яғни екіжүзді адам) төрт қасиет тән, олардың біреуімен танылған (адам), ол қасиеттен арылғанша, мұнафиқтықтың (екіжүзділіктің) бір қасиетімен белгіленеді (таңбаланады). Қашан оған сенген кезде, сатып кететін, (бір нәрсе туралы) сөйлесе, жалған сөйлейтін, келісім түзсе, опасыздық жасайтын, (біреумен) жауласса, заңсыздыққа баратын (яғни қиянат жасайтын) адам (осы төрт қасиетке лайық мұнафиқ адам)». (Бұхари, Мүслім)

0
0
425

Төлқұжат алу тездетіледі

Ақпан айынан бастап Әділет министрлігі жеке куәлік пен төлқұжат беру мерзімін жылдамдатады. Естеріңізде болса былтыр жазда әділет министрлігі өндіруші-зауыттың шамасы келмей жатыр деген себеппен жеке куәлік пен төлқұжаттыжылдамдатып беруге уақытша тиым салған болатын. Қазір ең тез алдым дегенде жеке бас құжаттарыңыз екі айдан кейін ғана қолыңызға тиеді. Дегенмен, шетелге тығыз сапарға шығуы тиіс азаматтар дәлел-дәйек көрсете алса тездетіп жасап береді. Құдайға шүкір, біздің азаматтарымызда дәйек деген жетеді. Қалталарында бума-бума көкқұлақ болып жүреді. Әділминдегілер де мұндай дәйектерге теріс қарамайтынын білеміз. Кез келген тиым салынған дүниені «бармақ басты, көз қыстыға» айналдыра қоятындар көп. Дегенмен, министрліктің жеке бас құжаттарын беруде бұрынғы жүйеге қайта көшуіне негіз бо…

0
0
4518

Баянсыз бағдарлама Аралдың обалына қалды

Аралым. Қайран да менің Аралым... Бағың бір ашылмады-ау. Сенің табаныңда қайрандап қалған кемелердің жұрнағы да қалмады. Ал, сенің қайғың қалың қазақтың қайғысы болып қала берді. Дүниенің түкпір-түкпірінен екі иығын жұлып жетіп, сенің суалып қалған арнаңды бірер жылда лықа толтырамыз деген талай ғалым болды. Талай бағдарлама жасалды. Бәрінен қайыр жоқ секілді әзірге. Айналып келгенде сенің обалыңа қалып отырған жемқорлық деген жалмауыз. Соның жеті басын түгел шауып тастамай, Аралым, сенің оралуың екіталай болып тұр емес пе. Есеп комитетінің бағалауынша, Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған бағдарлама тиімді іске асырылмаған. Техникалық-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық зерттеулердің нәтижелері ескерілмей дайындалған бағдарлам…

0
0
630

Қанат енді қытайдың емес, қазақтың намысын жыртады

Қазақ жұдырығының құдыретін Қытайда жүріп мойындатқан қандас бауырымыз Қанат Сіламұлы тарихи отанына түбегейлі оралды! Қытай құрамасының сапында Бейжің Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алған жуан жұдырық иесін атамекенге оралуымен біздің ұжым алғашқылардың бірі болып құттықтаған еді Қанат, туған ел топырағына басқан қадамың құтты болсын! Рахмет! Негізі, Қазақстанға келіп-кетіп жүргеніме он жылдай уақыт болды. Тарихи Отаныма ат басын тіреу бала кезден бергі арманым еді. Сол арманымды жүзеге асыруға мүмкіндік берген жаратқанға ризамын. «Жер-Су» корпорациясының басшысы, боксқа жанашыр болып жүрген азамат Бауыржан Оспанов ағамыздың қолдауымен Алматы облысына отбасыммен көшіп келдім. Енді азаматтық алу үшін құжат жинау үстіндемін. Бір басыңыз екеу болып, шаңырақ көтергеніңізден де хабардармы…

0
3
1020

«Айқап» журналының оқырмандарына арнау

Биыл - Алаштың «Айқап» журналының жарық көргеніне 100 жыл толып отыр. Қазақ баспасөзінің қарлығаштарының бірі болған «Айқап» ХХ ғасырдың басындағы Алаштың көгіне күн болмаққа ұмтылған ұлылардың тұрақты мінберіне айналған және байтақ даладағы қалың елдің қоғамдық санасын оятып, қалыптастыруда сол заманда ерекше мәнге ие болған басылым. Арада бір ғасыр уақыт өтсе де, «Айқаптың» бетінде жарық көрген қазақтың мәселесі түбегейлі шешіліп кетпегеніне біз де «Әй, қап» деумен келеміз. Өкінішімізге қарай... «Айқап» журналы небары 4 жыл ғұмір кешті. 4 жылда оның 88 нөмірі жарық көрді. Осыған қарамастан Алаштың тарихында өшпес із қалдырды. Біз қазақтың қорғанышы болған қазақ баспасөзінің атасы - «Айқаптың» 100 жылдығына орай журналда басылған көптеген мақалаларды жыл бойына жариялап отырмақпыз. Соның…

0
1
4199

Румыния билігін бақсылар қарғауда

Румын президенті мен билігі бақсы балгерлерге салық салғаны үшін тылсым күш иелерінің қаһарына ұшырады. Өйткені, жергілікті балгерлер  мысықтың зәрі мен басқа да сыйқырлы заттарды пайдалану арқылы ел билігіне зиян келтіруді қолға алыпты. Жаңа жылдан бастап румындық бақсы-балгер, астрологтар мен парапсихологтар  кішігірім кәсіпкер қатарына енгізіліп, 16 пайыздық кіріс салығын төлеуі тиіс деген заң шыққан болатын. Мұнымен қоймай, румын билігі салықпен бірге зейнетақы аударымы мен әлеуметтік сақтандыру төлемдерін де міндеттеп қойды.  Сондай-ақ, сәуегейлер бал ашыпболжам айту жұмыстарын тек қана чек арқылы айғақтау керектігін алға тартқан. Әрине, қара сиқырды серік еткендердің заңға оңайлықпен бағына қоймасы анық. Билікке талай рет тағдырдың тауқыметінен қорғаштап көмек қолын с…

0
0
1071