Мазмұнға өту

Жаңа

Румыния билігін бақсылар қарғауда

Румын президенті мен билігі бақсы балгерлерге салық салғаны үшін тылсым күш иелерінің қаһарына ұшырады. Өйткені, жергілікті балгерлер  мысықтың зәрі мен басқа да сыйқырлы заттарды пайдалану арқылы ел билігіне зиян келтіруді қолға алыпты. Жаңа жылдан бастап румындық бақсы-балгер, астрологтар мен парапсихологтар  кішігірім кәсіпкер қатарына енгізіліп, 16 пайыздық кіріс салығын төлеуі тиіс деген заң шыққан болатын. Мұнымен қоймай, румын билігі салықпен бірге зейнетақы аударымы мен әлеуметтік сақтандыру төлемдерін де міндеттеп қойды.  Сондай-ақ, сәуегейлер бал ашыпболжам айту жұмыстарын тек қана чек арқылы айғақтау керектігін алға тартқан. Әрине, қара сиқырды серік еткендердің заңға оңайлықпен бағына қоймасы анық. Билікке талай рет тағдырдың тауқыметінен қорғаштап көмек қолын с…

0
0
1072

егер Раббың қаласа еді, әрине жер жүзіндегілердің барлығы түгелдей...

Eğer Rabbin dileseydi, yeryüzündekilerin hepsi iman ederdi! (Ama onları kendi iradelerine bıraktı.) O halde insanları, mü’min olmaları için sen mi zorlayacaksın? (10/Yûnus, 99)  -  (Мұхаммед Ғ.С.)  егер Раббың қаласа еді, әрине жер жүзіндегілердің барлығы түгелдей иман келтірер еді. Адамдарды иман келтіруге сен зорлайсың ба? (99) Алладан бұйрықсыз ешкімнің иман келтіруі мүмкін емес. Алла азапты ақылдарын жұмсамайтындарға береді. (100)  Юнус сүресі (99-100 аяттар) Kalp kör olduktan sonra ,gözlerin görmesinde hiçbir fayda yoktur.. (Hz.Ali r.a) - Жүрек соқыр болған соң, көздердің көруінің ешбір пайдасы жоқ - (Hz.Ali r.a) Evlilikte de ahireti düşüneceğiz.Yâni sevap kazanmayı düşüneceğiz,hayırlı evlât yetiştirmeyi, hayırlı bir eş seçmeyi düşüneceğiz.  Prof. Dr. Mahmud…

0
0
339

Жамбыл облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бір топ қызметкері Тараз қаласындағы «Ұлан» балалар үйіне қайырымдылық жасады.

Олар өз қалталарынан 50 мың теңге ақша жинап, оған қосымша балаларға сыйлықтар алып берді. Осы қаржының есебінен, «Ұлан» балалар үйінің 7 тәрбиеленушісі Бурабайға демалуға баратын болып шешілді. Байланысшылар жасөспірімдермен тілдесіп, кездесу кезінде олардың тұрмыс жағдайларын, сабақтағы жетістіктері жайлы сұрады. «Ұлан» үйі ұзақ жылдар бойы жетімдерді бауырына басып, оларға жылы ұя бола алды. Бүгінде мұнда 113 жасөспірім тұрып жатыр, оның 111-і – қазақ баласы. Ұл-қыздардың тәрбиесін жетекшілері жіті қадағалап келеді. Білімі де қатаң бақылауда, сондықтан болар өткен жылы ұлттық бірыңғай тестілеуден «Ұлан» балалар үйінің бір оқушысы 115 баллмен жоғары оқу орнына оқуға тегін түсті.

0
5
1077

Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақтың бас ақыны

Қазақтың бас ақыны Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. Ақмола, Семей облыстарында Абайды білмейтін адам жоқ. Ақмоламен сыбайлас Торғай облысында Абайды білетін адам кем, құты, жоқ деп айтса да боларлық. Олай болуы сөзі басылмағандықтан, Абайдың сөздері кітап болып басылып шыққанша Абайдың аты да, сөзі де Торғай облысында естілмеуші еді. Ақмола, Семей облыстарында Абайдың атын, сөзін естімедім дегенге недәуір таңырқап қалады. Мен ең әуелі Ақмола облысына барғанымда Абайды білмегеніме, сөзін естігенім жоқ дегеніме таңырқап қалушы еді. Қай жерде ақындар жайынан я ақындардың сөздері жайынан әңгіме болса, Абайдың сөзін мақтамайтын адам болмады. Абайдың сөзін көрмей тұрғанда, мақтағандарына сенбей, қазақ үкілеген өз құн…

0
5
6000

Үйлену оңай ма?

Адам қай жаста үйленгені дұрыс? Ертерек пе? Әлде асығудың керегі жоқ па? Америкалық психолог Брунер Александрдың пікірінше 26-30 жаста үйленген дұрыс болады. Неге десеңіз, сол жасқа дейін адам, оң-солын танып, өмірге сергек көзқараспен қарауды үйренеді екен. “Жастардың ерте үйленіп алып, материалдық қиыншылықтарға шыдас бере алмауы да әбден мүмкін” - дейді ол. Ал неміс халқының психолог ғалымы, әрі демографы Лерш Филиптің ойы басқа. Жастадың ерте ошақ құра бергені мақтауға лайық қадам екен. Себебі жастардың өмірдің қиыншылы мен қайғысын бірге көріп, бөлісуі, бір-біріне деген сүйіспеншілігін арттырады екен. Бұндай отбасы мүшелері, барлықтың қадірін біліп, жоқшылыққа мойымайтын асыл қасиетті өздерінде осылайша қалыптастырады. Ал біздің қазақтың қара көз қыздары мен жігіттері бұл туралы не о…

0
2
2560

40 жылдан кейін темекіні қоямыз

40 жылдан кейін Жер бетінде темекі шегетін адам қалмауы мүмкін. Әлем елдеріндегі темекі  шегушілердің саны туралы статистикалық мәліметтерді зерттеп шыққан Citygroup мамандары осындай   түйінге келіп отыр.

Зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, соңғы онжылдықта темекі шегушілердің саны әлем бойынша 9,4   пайызға төмендеген. Атап айтқанда, 1960 жылы Ұлыбритания халқының барлығы дерлік никотинге тәуелді болған, бірақ содан бері темекі шегушілердің саны тез азайып келеді, 2008 жылғы көрсеткіш бойынша, жалпы британдықтардың 20 пайызға жуығы ғана көк түтінге үйір екен. Бельгия, Финляндия, Норвегия және АҚШ елдеріндегі темекі шегушілердің мөлшері де осы шамалас.

Ермек ҚАРАБАЛА.

0
0
871

Еліміз үшін ең маңызды ғимараттағы қателік

Мына тақта қазір Қазақ-британ университетінің ғимаратының қабырғасында ілініп тұр. Бұл ғимарат ұзақ жылдар бойы Казақ КСР Жоғары кеңесінің, кейін тәуелсіздікке қол жеткен соң ҚР Парламентінің ғимараты болған. Бұл жерде Тәуелсіз еліміздің өмірінде аса маңызды болған талай шешімдер қабылданып, елдіктің алғашқы қадамдары жасалған жер. Әрі бұл ғимарат республикалық құндылықтардың қатарына енгізілген. Мұндай киелі жерге талай тақта іліп, тарихқа қалдыруымыз тиіс. Бірақ ілінген жалғыз тақтаның сиқы мынау. Тақтада «Бұл ғимаратта 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация және 1991 жылы 16-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды» деп жазылған. Ал астындағы орысшасында қазан айын «декабрь» деп жазып қойғ…

0
1
390

Asem - Жалт етіп өткен

Алау жақ өтеді-ау
Сағынышым шекер-ау
Біз аңсаған бақыт қайда екен?
Өткен түндер кетер-ау
Оралмайды екен-ау
Қиялыммен сені тербетем
Жүректегі шырыным
Құлағымда тұр үнің
Көңілде солмай жүрген гүлім
Аңса мейлі аңсама
Сағынышпен қаншама
Оралмайтын күндер екен ғой.

Жалт етіп өткен сонау бір көктем!
Қош бол енді деймін мен саған!
Жүрегім енді бәріне көнді!
Қош бол қалқам, жеткізбеді арман!

Шуағым сәнім-ау
Айтылмаған әнім-ау
Естелік болып қана қаласың
Көңілдегі әр-қалай
Жүрмедің бе қалқамай
Жүректегіні жалғап барасың
Өзің дейсің енді сен
Кезікпеймін енді мен
Аңсаумен өткен күндер қанша?

Жалт етіп өткен сонау бір көктем!
Қош бол енді деймін мен саған!
Жүрегім енді бәріне көнді!
Қош бол калқан, жеткізбейді арман! (х3)

0
0
1816

Бөкенбай батыр туралы баяндама

Қадірлі ағайын! Құрметті конференцияның қонақтары! 2006 жылы қазан айында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына қол қойғаны белгілі. Президент жарлығына байланысты «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында еліміздің мәдени рухани өмірінде, шын мәнінде, тарихи деп айтуға болатын, мән-маңызы айрықша зор, әрі ерекше жауапты жұмыстар қолға алынды. Ақтөбе облысының 2006 жылы мәдени Меккеге айналып А.Жұбановтың 100 жылдық, Ш.Берсиевтің 125 жылдық мерейтойы тойланып, Жиренқопа жеріне 40 жылдан кейін Қобыланды батырдың сүйегінің қайта жерленуі және ХIV-ХV ғасырлар ескерткіші болып табылатын Абат Байтақ кесенесінің қайта қалпына келтірілуі соның айғағы деп ойлаймыз. Еліміздің егемендіг…

0
1
2761

Бөкенбай батыр

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға Құрметті Президент! Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Атамыз қазақ артқыларға айтып кеткен бір сөзінде «Елін сыйламаған ер азады, Ерін сыйламаған ел тозады» деген екен. Ғасырларға жалғасқан қасіретті бодандық қазақ халқын аздырды, тоздырды. Тілімізден, ділімізден, дінімізден айрылдық. Ұлтымыздың рухы жұтады. Мың өліп, мың тірілдік. Қазір міне тәуелсіздік алғалы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дұрыс басқаруының арқасында тіріліп жатқан жағдайымыз бар. Елбасымыз  «Атамұра», «Мәдени мұра», бағдарламалары мен  «Қазақстандық патриотизм» туралы 2006 жылғы жарлығында еліміздің барлық азаматтарына үлкен жауапкершілік жүктеді. Қазақ халқының рухын, елдігін сақтау жолында қан төгіп, жан берген аруақты тұлғаларды қастерлеу…

0
0
2840