Грузияға саяхат, 2014 жыл.
Фейсбуктағы достарымның сұрауы бойынша Грузиядан фоторепортаж, шілде 2014 жыл. Шығындар есебі көпшіліктің сұрауы бойынша жазылды. Сонымен, ...аз ақ күнде ойланып, кеттік деп басып кеттік. Турфирма қызметін қолданғанымыз жоқ. Суреттегі автобустың сыртында жазылып тұрған сайтпен хабарласып, олар инвойс жіберіп, 2 аптадан соң, 2 аптаға "Боржоми палас" деген отельге 2 адамдық демалыс сатып алдым. Үйдегі келінжеңгелерің қанша тартынғанмен, желкелеп алып шыққандай етіп, "Піссіміллә" деп жолға шықтық. Ақтаудан ұшақпен шықтық, 50 минутта жеттік. Ұшу құны 1 адамға, барып-қайту - 80000 тенге. Келіскендей, қонақ үй шопыры күтіп алды. Түнгі сағат 2- лер шамасында Тбилиси аэропортынан таксимен отельге келдік. Көлік 2 сағат жүрді, жол шаршатты. Трансфер - 100 доллар. Қонақ үй ұнады. Ауасы мен сол маңны…














