ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Голлувиудқа кім барады?

Қазақстандық 12 кинорежиссер Голливудта өтетін халықаралық конкурсқа жолдама алады. Он аптаға созылатын конкурста әрбір режиссер әйгілі мамандарға сеніп тапсырылып, әр аптаның аяғында қазылар алқасы қатысушылардың бірімен қоштасып отырады. Жеңімпазға өзінің төл туындысын түсіру үшін 2,5 млн АҚШ доллары көлемінде сыйақы ұсынылмақшы.

Конкурсқа қатысу үшін алдымен алматылық мамандардың сарабынан өту қажет. Жергілікті сыншылардан сүрінбей өту үшін талапкерде толықметражды фильмнің дайын сценариі болуы міндетті. Қатысушының сұранысты екі үш минуттық бейне ролик форматында дайындап, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді қоса беруді ұмытпағаны абзал.

«New Hollywood Filmmaker» - Голливудқа тың жаңалық енгізетін жастарға жол ашатын халықаралық конкурс әрі ойын сауықтық бағдарлама. Бұл бәйгенің отандық кино мамандарына не беретіні алдағы уақыт еншісінде.

Аягөз ДӘКЕН.