"Жасанды әсемдікке алданбаған" Мұқағали Мақатаев
Бүгін қазақ әдебиетінің, поэзиясының қайталанбас романтигі, елеулі тұлға, өлеңдерін өзім сүйсіне оқитын ақын - Мұқағали Мақатаевтің туылған күні. Ұшан-теңіз елестер әлеміне жарқ етіп кіріп, ерте сөнген жұлдыз еді. Өлең жолдары қандай да бір сезімге толы, көңіл табалдырығына әкеледі, қиялмен ұштастырады... Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір –Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң. *** Келшi, қарғам, шашыңнан иiскейiн!Иiскейiн тек қана тиiспейiн *** Жауқазын-жан екенсiң;Жасанды әсемдiкке алданбаған. *** Құс та болғым келмейді, қанатым, Сәби болғым келеді, сәби болғым, Сәбиі жоқ ананың құшағында... *** СЕН ӘЛI ТIРI МЕ ЕДIҢ? О, махаббат!Сен әлi тiрi ме едiң?Көзiмнен ғайып болған күнiм едiң,Гүлiм едiң...Елтiген түнiм едiң,О, махаббат!Сен әлi тiрi ме едiң?! Мен сенi ұмытқамын.Жылытқаның есте жоқ суыт…