«Экстремизммен» кім бір бауыр? немесе Ораз Әлімбектің жаңа «заказы» туралы ақиқат
"ЖҰМАДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ", 13.05.2011,№19 (622), 15-бет «Арсыз сөз қыдыртып, жұрт құтыртуға құмар» (Хәкім Абай) «Экстремизммен» кім бір бауыр? немесе Ораз Әлімбектің жаңа «заказы» туралы ақиқат Мына жалғанда пенделік қуанышқа себеп көп. Ол жәйт жүрегіңді қан жылатып тұрса да, ақиқаттың өңін айналдырып, нәжісін жақтауға жағып жатса да, қуануыңа тура келетін мезгілдер болады кейде. Жақында сондай бір қуанышқа кенеліп қалдым, себебі: Ораз Әлімбек ескі «заказын» жаңадан алыпты... Ескі болатын себебі, бұл заказбен ол кемі жеті жыл «айналысып» келеді. Жаңасы мен ескісінің парқы тек, әр кезде оның «заказчиктерінің» ауысып тұруында ғана. Бұл жолғы заказы да сол өзі «зерттеп» жүрген сопылар немесе өз сөзімен айтқанда «ысматоллашылар» туралы екені анық. Рас, осы сопыларда арман жоқ. Оларды жамандаудың «ар…

ЕТ - мясо