Қызылағаш тұрғындарына жасалған заңсыздық
Аса құрметті Нұрсултан Әбішұлы ! Миды жарып жүректен шығатын сөз оңай тумайтыны - ақиқат. Әңгіменің арқауы – Өзіңіз бас болып, дүйім жұрт қайғысына ортақтасып, қиын кезеңде қол үшін берген Қызылағаш ауылының бүгінгі жай-күйі. Кезінде өзінің тұрғындарға деген аталық мейірі мол,адами қасиеті жоғары силы ағамыз, сол кездегі Алматы облысының Әкімі Серік Әбікенұлы 550 шаңырақты тұрғызып, халыққа пана бола білгенгіне алғыс білдіре отырып, қазіргі күнгі осы ауылдың кейпі ит тартқылаған теріге айналып отырғаны - көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамды қынжылтып отыр. Бүгінгі облыс әкімі Аңсар Тұрсынханұлы жас та болса, жігерлі, облыс қамын жеп жүрген, тәжірибесі мол басшы. Жақсылықтың нышанын алып келген жас басшының етегіне оралып, шаужайынан тартып отырған келте сапты басшысымақтардың ойлаған арам…
