«Хабар телеарнасының жалған жобасы жайында немесе сопылықты қаралауға кімдер мүдделі»
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 2011 жылдың 19 мамыр күні Абай.kz. веб-порталының редакциясында «Хабар телеарнасының жалған жобасы жайында немесе сопылықты қаралауға кімдер мүдделі» атты баспасөз мәслихаты өтті. Жиын сарапшылары нақты деректер мен дәйектерге сүйене отырып, 2011 жылдың 20-21 сәуір күндері аталған телеканалда көрсетілген фильмде авторлар тарапынан жіберілген заңдық өрескел қателіктерді, жалған ақпарат тарату және фактілерді қасқана бұрмалануды теріске шығарылды. БАҚ өкілдері алдында филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов, ҚР еңбегі сіңген қайраткер, жазушы Дидахмет Әшімхан, филология ғылымдарының кандидаты, ясауитанушы Болат Қорғанбек, зерттеуші-журналист Амангелді Жұмаш, саясаттанушы Айдос Сарым, адвокат Абзал Құспанов, «Сенім.Білім.Өмір» Республикалық қоғамды…