Серік Ахметов Германияға сапар шекті
Қоршаған ортаға зиян тигізбей, өндірісті қалай дамытуға болады?! Осы мәселе бойынша, Германияның Ганновер қаласында ірі өнеркәсiптiк жәрмеңке өтіп жатыр. Оған еліміздің Премьер-министрдің бiрiншi орынбасары Серiк Ахметов қатысуда. Шараға 69 мемлекеттен 5000 астам кәсіпорын атсалысқан. Олар табиғатқа залалсыз жаңа технологияларды, энергия үнемдеудің тиімді тетіктерін, сондай-ақ автоматикалық өндіріс үлгілерін көрсетті. Германия Қазақстанның Еуропадағы әлеуетті әрiптестерiнің бірі. Екi ел арасындағы сауда-саттық пен өзара әріптестік жыл сайын артып келеді. Мәселен, былтыр Қазақстан мен Германияның аралығында тауар айналымының көлемi 5,74 миллиард еуроға жетті. Серік Ахметов, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары: Мен мына жерде Қазақстанмен бұрыннан бірге жұмыс істеп келе жатқан «Сименс…



























