Мазмұнға өту

Жаңа

Жапония мен жапондықтар

Өткен жазбаларымда мен әйгілі жапон шиесі - сакураның гүлденуі туралы айтқан едім. Бұл жолы Жапон еліне сапар кезінде таңқалдырған немесе ерекше әсер қалдырған басқа да сәттермен бөлісіп, жол жөнекей түсірген түрлі суреттерді назарларыңызға ұсынғым келеді. Жапон еліне сапар Осака қаласынан басталды. Asiana корей ұшағымен Түс ауа Халықаралық Кансай әуежайына келіп қонған соң, бар болғаны 5-10 минутта кедендік және шекара бақылауынан өтіп, бірден электрпойызға отырдық. Алдын ала келісілген бағдарламаға сәйкес Осакадан бірден, демалмастан оңтүстікте орналасқан Хиросимаға жүретін болғанмын. Елдің ішінде жапондықтар қалалар арасында пойызбен қатынайды. Қазіргі Жапонияның ең бір танымал символдарының бірі – сағатына 260-300 км жылдамдықпен жүретін Синкансен атты жүйрік пойызы. Бір сағаттан аста…

Оңтүстік Қазақстанда шегіртке қаптады

Биылғы ауа-райының қолайсыздығынан Оңтүстік Қазақстан облысындағы 73 мың гектарға жуық жерді қара шегіртке басып алды. Ен даланы қаптаған жәндіктер жайылымды жайпап, қамсыз жұртты әбігерге сала бастады. Мамандардың айтуынша, шегірткенің биыл қара бұлтша қаптап кетуінің бірден бір себебі - қуаңшылық. Жерде шөп аз болғандықтан, зиянкестердің таралуы аумағы күн санап ұлғайып барады. Оның үстіне жер ерте қызған соң шегіртке тұқымы тез жетіліп, қанаттана бастаған. Күн санап көбейіп келе жатқан зиянкестер өңірдің бес бірдей ауданындағы шалғындық шөптерді көктей солдырып, баудай түсіріп барады. Өткен аптадан бастап мамандар зиянкестердің шоғырланған жері мен өсіп өнетін ошақтарына улы дәрілер себуді бастады. Шегірткені жоюға арнайы жабдықталған 39 техника, тікұшақ пен 186 маман жұмылдырылған. Бү…

0
0
413

Серік Ахметов Германияға сапар шекті

Қоршаған ортаға зиян тигізбей, өндірісті қалай дамытуға болады?! Осы мәселе бойынша, Германияның Ганновер қаласында ірі өнеркәсiптiк жәрмеңке өтіп жатыр. Оған еліміздің Премьер-министрдің бiрiншi орынбасары Серiк Ахметов қатысуда. Шараға 69 мемлекеттен 5000 астам кәсіпорын атсалысқан. Олар табиғатқа залалсыз жаңа технологияларды, энергия үнемдеудің тиімді тетіктерін, сондай-ақ автоматикалық өндіріс үлгілерін көрсетті. Германия Қазақстанның Еуропадағы әлеуетті әрiптестерiнің бірі. Екi ел арасындағы сауда-саттық пен өзара әріптестік жыл сайын артып келеді. Мәселен, былтыр Қазақстан мен Германияның аралығында тауар айналымының көлемi 5,74 миллиард еуроға жетті. Серік Ахметов, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары: Мен мына жерде Қазақстанмен бұрыннан бірге жұмыс істеп келе жатқан «Сименс…

0
0
287

Джиу-джитсудан халықаралық семинар

Алдыңғы жазбамнан белгілі болғандай, өткен аптаның соңында Астанада джиу-джитсудан халықаралық семинар өтті. Соған іле, тағы да бір фотосуреттер тобын ұсынып отырмын. Бұл жолы назарыңызға, 21 сәуір күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің спорт кешенінде, аталмыш мереке аясында өткізілген бірнеше шаралар ұсынылып отыр. Олардың қатарында барлық жас және салмақ дәрежелеріндегі спортшылардың қатысуымен өткен ашық семинар, дүние жүзілік деңгейдегі шеберлердің өнер көрсетілімдері, төрешілердің халықаралық дәрежедегі сынақтан өту сертификатын қолға беру рәсімі.

 

 
3
6
730

23 сәуір — Халықаралық кітап күні

Бүгінгі мерекеге орай «Екпін» журналы оқырмандарына: «қандай кітап оқып жүрсіз?» — деген сауалды қойған болатын. Жауаптары төмендегідей. Мейрамхан Жәпек, журналист «Әсет шығармалары» Ең соңғы оқыған кітабым - 1999 жылы Қытайда жарық көрген Әсет Найманбаевтың шығармалар жинағы. Бұл кітап Қазақстанда 1988 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан еді, бірақ осы жинақтағы шығармалар толық емес еді. Әсет Найманбаев өмірінің соңғы жылдарын Қытайда қуғыншылықта, жоқшылықта өткізді. Сол кезде жазған дүниелері қағазға түскен екен. Үрімжідегі «Ұлттар баспасының» қазақ редакциясынан Ермек Керімбайұлы деген азамат барлық шығармаларын жинақтап, «Әсет шығармалары» деген атпен кітап етіп шығарған. Бұл кітаптың Қытайда шыққан нұсқасы менің қолыма кездейсоқ түсті. Қарағандының облыстық газет редакторы Мағауия Семб…

«Электрондық оқыту» деген не?

«Электрондық оқу деген не, білесіз бе?» деген сауалнамаға мұғалімдердің көпшілігі «ия, білемін» деп сеніммен жауап береді. Ал сол туралы әңгімелесе бастасаң, шорқақтап, сөзінің артын жұтып жібереді. Білгеніңді ортаға сал десең де үнсіздік. Кейбірі «электрондық оқулық» туралы айтады. Кейбірі «интернеттен беріп жатқан интерактив сабақтар ма?» деп өзімнен қайта сұрайды. Міне, «электрондық оқу» туралы біліміміз осындай болып тұр. Сондықтан осы бір біз үшін жаңа ұғымның ақиқат мәнісін ашып көрсеткім келді. Оны мен қайдан білемін? Жауабым біреу-ақ – үздіксіз ізденіс, ақпарат жинау, талдау, үйрену. Және... көп жылдық ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен іс-тәжірибе. Сонымен Жаңа білім беру парадигмасы Гугл ма, Яндекс пе, басқасы ма, әйтеуір іздеу жолына «заманауи білім беру парадигмалары»…

1
0
5103

Еркелетші

Періштем боп...жылы нөсер төккенде,
Тереземді қақшы, күнім, көктен кеп.
Мейлі, тіпті, хабарсыз боп кетсең де,
Анда-санда еркелетші "ЕРКЕМ" деп.

Сәл мұңайып жабырқаған кездерде
Маңдайымнан сүйіп қойшы жұбатып.
Азап қинап, жылап қалған кештерде
ЖАНЫМДА БОЛ, жадыратшы тіл катып...

5
5
1048

Жаңбырлы түн

Жаңбырлы түн...
Сансыз тамшы әйнекті ұрды төзімсіз. 
Жабыркаулы үн... 
Тар бөлмеде тұншығамын өзіңсіз.

Нұрсыз жанар... 
Терезеге үңіледі алаңмен. 
Тамшы тамар... 
Өзің жоқта сәл жабығып калам мен...

3
3
2422