Мазмұнға өту
NaimanKZ

Камал Абдрахманов

@NaimanKZ

Сайтта 2010 ж. 7 мамырКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

29

пікірлер

29

тіркелуші

58

жазылымдар

0

Көрден шыққан керім қыз

Көрден шыққан керім қыз Қазақ даласында ата- бабаларымыздан қалған жер- су, өзен- көл, тау- тас атаулары аса мол. Олар халқымыздың өткен өмірі мен тарихымыздың баға жетпес мұрасы, айналып соғар айнасы. Топономика деп аталатын осы ғылым саласы тарих, тілтану, жағрафия ғылымдарының түйісінде өрбиді. Даланың ауызша шежіресімен байланысып жатады, көне мен бүгіннің арасын жалғастырады. Сөйтіп, атауларымыз ата мұраның қатарынан лайықты орнын алады. Осындай ежелден келе жатқан атаулар Жетісудың шығысында аса мол. Балаң шақтарымызда аталарымыз таңдай қаққызар әңгімелерін ел орнына отыра бере бастайтын... --- . --- . --- . --- ... Жұрт жайлауға бет алған маусымның ортасы. Көш алдындағы қария ауыл иттерінің аяқ асты абалай алға ұмтылғанына әу баста мән бермеген. Далада аң мол, соның ізіне түскен шы…

3
2
2433

Ұлтшылдар ма, ұлтбұзарлар ма?

Қазақ егемендік алғалғы- ширек ғасырға жуық уақытта бір принцпті берік ұстанып келемін. Ол- шамам жеткенше қазақ халқын құрыштай біріктіруге, тұтастыруға ат салысу, әр қазақты- жалғызым деп білу, «қазақпын» дегенге бауырым деп қарау. Өз блогімде өткен жылдары «Қазақпын десе- қандасың», «abai.kz» порталында «Қаракерей ме, қарақытай ма?» атты тақырыпты мақалаларымда ойымды айттым. «Ұлтшылдық» деген ұғымды қазіргі кезде өшің кеткеннен кегіңді алуға немесе біреуге қарадай тиісуге айналдырып бара жатқаны жанға батады. Тіпті, ешқандай арсыздықтан да тартынбайтындар пайда болды. Соның бірі интернеттен көзіме түскен «Старая правда о новом премьере» деген Кәрім Мәсімов туралы мақала. Принцпінде, басшыларды сынау, кемшілігін бадырайтып бетіне басып отыру өте дұрыс шаруа. Қазақ әлімсақтан- ақ «Сын т…

1
0
1009

Қаракерей ме, әлде, қарақытай ма?

Ғаламтордың әртүрлі беттерінен қазақ руларының түпкі аталарына ревизия жасау тағы да көріне бастады. Көшпелі Азияға шекесінен қарайтын батыс пен кей тұсы күмәнді қытай деректеріне, өз арамыздағы тарихтан гөрі әдебиетке етене кейбір бауырларымыздың айтқандарына сілтеме жасайды көпшілігі. Ұлттық деңгейге шығуға өресі жетпей, рулық деңгейде малтығып жатқан коментшілерге азық табылды. Қазақтың арғын, найман, керей, жалайыр, уақ, қыпшақ, маңғыт, сіргелі, шапырашты сияқты іргелі руларын бір бейшара- «мыңғұл» деп, екінші байқұс- «қарақытай» деп тартысып жатыр. Әсіресе, арғын мен найманды жілік майына дейін шақпақшы. Бірақ, өрелері жетпей бұлғақтап жүр. «Арғын өздерін Қодан биден таратады. Осы атаудағы «о» әрпінің орнына «и» әрпін қойсаң қидан (қарақытай) деген сөз шықпай ма? Бұдан артық не дәлел…

2
0
2924

Адамды да, Алланы да алдай алмайсыз Қабдеш аға!

(Жазушыға жауап ) Қабдеш Жұмаділовке қайтарған жауабымызға ол кісі тағы да әдеттегі сүрлеуінен жаңылмай, байбаламдап,менің жеке басыма тиісіп, үлкен адамға жат, әдепсіз мақала жазыпты. Амал жоқ «Жас Алашқа» тағы мақала жолдап едім, газеттегі жігіттер біріз сүйреп, ақыры басаалмайтынын қынжылыспен білдірді. Қабдеш ағаның осы уақытқа дейінгі көптеген жазушылармен толассыз айтыс- тартыстары жүректерін шайлықтырса керек. Бұл газетті әкем оқыған еді, біз де тәрбиесін көргенбіз. Сондықтан болар «Жас Алаштың» шындыққа жетуден бас тартқаны қынжылтты. Әріптестерім екі тараптың біріне үш қайтара сөз ұстатқаны, нақтылы тарихи ындыққа енжар қарағаны көңілге дік қалдырды. Газет жетекшісі Әмірхан Меңдеке пікір алысқа Семейлік Қабанбай танушы ғалымдардан да хат келіп түскенінтелефон арқылы айтып еді. Ол…

1
3
3199

Қабанбай батыр Ақмолода жерленген

ҚАРАКЕРЕЙ ҚАБАНБАЙ БАТЫР АҚМОЛАДА ЖЕРЛЕНГЕН ( Қабдеш Жұмаділовке жауап) «Ақмола қаласы өзі негізі қаланған 1832 жылы қаладан 28 шақырым жердегі,Нұра өзенінің бойындағы қыраттағы киргиздың (қазақтың) моласының үстінеқойылған ескерткіштен атауын алған.Ақмола- тікелей «Белая могила» деп аударылады...» Уфимцев, Омбы губерниясының коллегиялық хатшысы, 1851 жыл. (Ақмола бекінісіне жасағанинспекциялық тексеру жазбасынан) Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ағамыз Қабдеш Жұмаділов біршама сүбхаттарында, мақалаларында Қаракерей Қабанбай батырдың зираты қай жерде деген сұраққаоралып отырады. Бір- жар жыл бұрын Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетіне осы мәселе жайлы мынадай жауап беріп еді: «Шығыс... Оның әулеті де, ұрпағы да осында, туған жері де осында, мына Барлық пен Ба…

0
5
7474

«Қазақпын» десе - қандасың

«Жас Алаш» газетінің жазуынша Қазақстаннан 4 миллион 150 мың адам көшіп кетіпті. Бұл әлемдегі 11 орын. Келгені – 3 миллион 80 мың. Жоғалтқанымыз – 1 миллион 70 мың .Бұлардың ішінде қанша қазақ кетті,одан бәріміз бейхабармыз. Парламент депутаты Орал Мұхаметжанов 1600 қазақстандық шет елде жасырынып жүргенін үлкен мінберден жариялады. Мұның қаншасы алаш баласы? Осылайша мыңдап,миллиондап жоси берсек аталарымыз ұл-қыздарын құрбандыққа шалып,қанын төгіп жүріп қорғап қалған, бізге аманат еткен мына ҚАСИЕТТІ ДАЛАҒА ТҮПТІҢ-ТҮБІНДЕ КІМ ИЕЛІК ЕТЕДІ? Ой қосарыңыз бар ма? Кез-келген мемлекеттің барлық ішкі және сыртқы саясатының басында ұлттық қауіпсіздік мәселесі тұрады. Ал бұл қауіпсіздік сол мемлекетті құрушы, мемлекет солардың атымен аталып отырған негізгі ұлтқа,халықаралық тілмен айтсақ-титулды…

2
0
1512

Қаракерей Қабанбай батырдың өмірбаяны

Қаракерей Қабанбай батыр (1692 – 1770ж.ж. ) Арқада туып, Арқадағы Есіл мен Нұра өзендерінің ортасындағы Қабанбайдың Үш бұлағы аталатын жерде дүниеден өтеді. Сүйегі Үш бұлақтан 3 шақырымда, «Найман қорым» аталатын қырдың үстінде. Қазір бұл маң Қабанбай ауылдық округіне қарасты,Астана қаласынан 30 шақырымда. Аңыздарда Қаракерей Қабанбай батыр бұл жотаға : Жиылып тегіс ас беріп, Ту биені сойыңдар. Арқаға арнап бейіт соғып, От орныма қойыңдар. деген өз аманаты бойынша жерленеді. Себебі, Қаракерей Қабанбай батырдың арғы бабасы Байжігіттен бастап,өз атасы – Мәмбет,әкесі – Қожақұл,екі ағасы – Есенбай,Есенаман,әпкесі – Меруерт,барлығы Арқаның тумалары. «От орным» деуі сондықтан. Шешесі Мәми (азан шақырып қойған аты-Нәбилә) әлі күнге дейін Арқаны мекендеп отырған Ашамайлы Балта керейдің аты шыққан…

Қабанбай батыр, көзелім!

Қарақұлының Мұхаметшесі (Мұхаметжан) деген қария 1953 жылы бір кездескенімде: «Қарағым, бұрынғы даналар айтқан сөз еді, ата-бабаларымыз бізге жаттатты, енді сендер жазып алып сақтаңдар, түбі бір кәдеге жарар, «асыл пышақ қап түбінде жатпас», – деп бір тоқтап, одан әрі былай дегені есімде, – қазақ-қалмақтың жаугершілігі заманында үйсінде Сарышуаш жырау деген көріпкел әулие өтіпті. Жақынды жақыным деп өзіне тартпайды екен, алысты алыссың деп бетінен қақпайды екен. Бидің әділіне көшіп отыратын қасиетін қадірлеген елі алдынан батасын алып тарасатын болған. Қабанбай батырдың науқасы сал тартып жатыр дегенді естіп, Сарышуаш шешен елінің игі жақсыларын ертіп, көңілін сұрауға барады. Сонда осы толғауды айтады» – деп әңгімелеп еді. Сұңғыла қария 1964-1965 жылдары шамасында Жансүгіров селосында (Та…

1
4
1543

Қаракерей Қабанбай батыр және Мамырсу келіссөздері

МАМЫРСУ – МАҚТАН МЕКЕНІМІЗ 1 Қазақ ұлтының басына әсіре зұлмат төккен «Ақтабан шұбырынды...» жылдарының жан күйзелтер жарасы, арада үш ғасыр уақыт өтсе де, біржола жазылып кете қойған жоқ. «Тұрымтай тұсына...» бас сауғалап кеткен заманда талай-талай асыл арнамыздан айырылып қалдық. Әлі күнге орны толар емес. Қалмақ басып алған өңірлердің топономикасы түбегейлі өзгерді. Ата бастау атауларымыздың орнын Тарбағатай, Мұқыры, Шаған, Шарға, Жоқай, Сәңгі, Сайхан, Боралдай, Шамалған, Уранхай, т.б. қазаққа түсініксіз сөздер басты. Жерімізге қылыш ойнатып, қан шаша келген қалмақты Қаракерей Қабанбай бастаған қазақ қолы талқанын шығара қуып, мекенімізден айдап тастағанша алды - жүз, арты - қырық жылдай уақыт өтті. Осы кезең тарихымызға айғыз-айғыз тыртық тастады. Көптеген аса маңызды нәрселерді ұмытқ…

0
0
3674

Қаракерей Қабанбай батыр Арқаға жерленген

Қазақ поэзиясының дүлдүлі Ілияс Жансүгірұлы: «...Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, Ел, тегі, қайдан алсын кемеңгерді!» деген алып-қосары жоқ, қазақы сана-сезімге шап-шақ, сиымды даналық сөз қалдырып еді. Астарында ол заманда өздері көкке көтере алмаған Ұлы бабаларымызды кейінгі ұрпаққа – бізге тапсырғанын жамырайды. Аруақты аталарымызды жадыдан шығармауды аманаттайды. Ақын көксеген арман заманды Тәңірім қазаққа өзі берді. Орыстандыру саясаты көлегейлеген хандарымызды, билерімізді, батырларымызды, бар жақсыларымызды қазақ жұрты тұмшадан арылтып жатыр. Осы бабалардың алдыңғы санында Қожақұлұлы Ерасыл-Қаракерей Қабанбай батыр тұр. Замандастары Ерасылды-Нарбала, Ізбасар, Хан Батыр, Дарабоз, Көкірек әулие деп те атапты. Санасақ, қасиетті жеті саны – жеті есім шығады. Көмекей әулие Бұхар жырау дан…

0
2
7832