Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Отандық өнім үлесі артсын

«Қарашығанақ кен орнын игеруші «Қарашығанақ Петролеум Оперейшн»  компаниясы түрлі байқаулар мен тендерлер туралы алдын ала жария ақпарат бермейді, берсе де орындалмас орынсыз талаптармен төңірегіне қамал тұрғызады. Нәтижесінде қазақ кәсіпкерінің қолынан келетін жұмыстарды мұхит асып келгендер атқарып жүр». Осылай деген отандық кәсіпорындар мен әлеуетті жеткізушілердің  аталмыш консорциумға өкпесі қара қазандай.

Бұл мәселе бүгін «Самұрық Қазына» АҚ-ның басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен кен орнында өткен кеңесте талқыланды. Шетелдік компания өкілдерінің айтуынша жыл санап,  қазақстандық мазмұн артып келеді. «Бүгінде Қарашығанақ Петролеум Оперейшнде» 3 мыңнан астам қазақстандық кәсіпорын тіркелген. Өткен жылдың 9-айында отандық ұйымдармен 146 миллион долларға жасалған келісім барлық сатып алулар мен қызметтерге қатысты соманың 27 пайызын құраған. Осыны КПО компаниясы ауыз толтырып айтса, «Самұрық Қазына» жағы бұл көрсеткішке көңілдері толмайтынын жеткізді. Сол себепті Қазақстанда сатып алуға болатын тауарлар санатын анықтауға тапсырма берілді.
Мағзом  Мырзағалиев, «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы Басқарма төрағасының орынбасары:
Бүгінде үлкен жұмыс жүріп жатыр. Кен орнын игеруде Қазақстандық мазмұнның әлі төмен екенін мойындауға тиіспіз. Оны көбейтуде ең алдымен тауарларда сапа болу керек. Ол үшін біз отандық кәсіпорындарға батыстан әріптестер табуға көмектесеміз, шетелден келіп инвестиция салып, жоғары технологиялы өнім шығару үшін.
Ерденбек  ЖЫЛҚАЙДАРҰЛЫ
0
0
467

Осы тақырып бойынша

Отандық өнім үлесі артсын - Yvision.kz