Мазмұнға өту

Жаңа

Жаңа пост жаздым!

Бәріне сәлемімді жолдаймын! Бүгін - яғни, 27 сәуір күні блогыма жаңа жазба жаздым. Жазба тықырыбы - Кез-келген реферат түрін жазуға көмектесетін бағдарлама. Сол себепті, интернет бетінен еш қиналмастан қазақша рефераттар файлдарын жазып алғыңыз келсе онда сізге бүгінгі жазылған мақала көмектеседі, деген сенімдемін...

Қазақша рефераттарды жүктеуге көмектесетін программа туралы толығырақ оқу....

0
0
705

Отандық өнім үлесі артсын

«Қарашығанақ кен орнын игеруші «Қарашығанақ Петролеум Оперейшн» компаниясы түрлі байқаулар мен тендерлер туралы алдын ала жария ақпарат бермейді, берсе де орындалмас орынсыз талаптармен төңірегіне қамал тұрғызады. Нәтижесінде қазақ кәсіпкерінің қолынан келетін жұмыстарды мұхит асып келгендер атқарып жүр». Осылай деген отандық кәсіпорындар мен әлеуетті жеткізушілердің аталмыш консорциумға өкпесі қара қазандай. Бұл мәселе бүгін «Самұрық Қазына» АҚ-ның басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен кен орнында өткен кеңесте талқыланды. Шетелдік компания өкілдерінің айтуынша жыл санап, қазақстандық мазмұн артып келеді. «Бүгінде Қарашығанақ Петролеум Оперейшнде» 3 мыңнан астам қазақстандық кәсіпорын тіркелген. Өткен жылдың 9-айында отандық ұйымдармен 146 миллион долларға жасалған келісім барлы…

0
0
487

«Жаужүрек мың бала» экранға шығады

«Қазақфильм» киностудиясы- «Сатайфильммен» бірігіп, «Жаужүрек мың бала» атты триллер түсіріп бітті. Фильм 18-ші ғасырдағы жоңғар шапқыншылығында елі үшін шайқасқан жас Сартай батырдың ерлігі турасында. Шытырман оқиғаға толы туынды қалың көрерменге ресми түрде 3 мамырда көрсетіледі. Ал, бүгін фильм авторлары туындыны журналистерге таныстырды. Фильмнің тақырыбы 18 ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы болғанмен, сюжеті мұның алдындағы тарихи туындылардан сәл өзгеше. Кино желісіне Аңырақай шайқасына үш рудың тауқопарар батырларымен бірге қатысқан Сартай батырдың ерлігі арқау болған. «Ата-ана мен барша қазақтың кегін жоңғарлардан қайтарсам» деп армандаған Сартай бозбала шақта өзі сынды өрімдей жастардан жасақ құрап, жауға қарсы төтеп береді. Мың бала атанған Сартайдың сарбаздары 30 мыңнан асатын жоңғ…

0
0
533

Түркияның ең үздік актерлары Берен мен Энгин 31 арна эфирінде!! Фатмагүл телехикаясының жалғасы

«31 арна» өз көрермендеріне әйгілі «Фатмагүл» телехикаясының жалғасын тамашалау мүмкіндігін сыйлап отыр. Тұсаукесері 2 мамыр күні 20:00-де! Естеріңізге саламыз, бұл мелодрамада басты рөлдерді Түркияның аса тамынал актерлары Берен Саат пен Энгин Акюрек сомдаған болатын. Келбеті мен келісті ойыны арқылы көрерменін бірден тартып әкететін Берен туралы аз айтылған жоқ. Алайда, телехикаяда Керемнің рөлін сомдаған сымбатты да, келешегі зор актер Энгинсіз «Фатмагүл» телехикаясы мұндай тартымды болмас па еді?! Энгин Акюректің түрік кинокөгіндегі жұлдызы қалай жанды? Қысқа мерзім ішінде осынау қой көзді актерді түрік телетоптамасы жанкүйерлерінің басым бөлігі жақсы көріп кетті. Энгиннің талантын дәлелдеудің қажеті жоқ! Ол өз кейіпкерінің бейнесіне толық еніп, оның мінезін әрбір қимылымен, көзқарасы…

0
0
3442

Аруақтарды алаламайық

Маңызды бір мәселе тұрғысында Сіздермен пікір алыссам деймін. Тәуеліздікке қол жеткелі бері қазақ халқының бұрындар айтыла бермейтін талай-талай Ұлы Тұлғалары ортамызға қайта оралды. Атын атасаң атылып кетер ата-бабаларымызбен табыстық. Қариялардың аузынан,жыр-дастандардан ғана құлағымызға сіңісті болған хандарымызды , билерімізді,батырларымызды аңыздан аршып,нақтылы тарихи тұлғасымен жастарға тапсыру бағытында үлкен жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар болашақ ұрпақты қазақы патриоттық рухта тәрбиелеу үшін, ата-бабаларының басына барып, өткенімізге құрмет көрсетуі үшін,аруақ сыйлаған салт-дәстүрімізді сақтап,немере-шөберелерімізге жеткізу үшін ұлт болып асар салып, мұражайлар ашылды,кесенелер тұрғызылды. Бұл шараларға бойында қазақ қаны бар Алаш баласы түгел атсалысты. «Ойбой,бұл дұрыс еме…

0
4
1091

Қабанбайдың атасы – Тоқтарқожа

Қаракерей Қабанбай батырдың арғы аталары, олардың сол тұстардағы тарихи оқиғаларға, қоғамдық процестерге араласуы, өздері өмір сүрген орталардағы саяси, әлеуметтік орны, өсіп-өнген топырақтары тұрғысында тиянақты зерттелген, табан тірер деректері жеткілікті, тұшымды еңбек әлі жазыла қойған жоқ. Романдарда, ғылыми еңбектерде, мақалаларда, жыр-дастандарда Дарабоздың жеке басы, қосақтары, ұл-қыздары, әрі кетсе әкесі ғана айтылады. Ата бастауы айқындалмайды. Аңыз, шежірелерді былай қойғанда бүгінгі сауатты заманда да Ұлы Қолбасшының отбасын бұра тартады. Шежіренің еш уақытта тарихи шындық болмайтыны ескерілмейді. Қаракерей Қабанбай батырдың нақтылы тарихи тұлға екені, осыған орай бабаны аңыздан ажыратып, аршып, нақтылы тарихи тұлғасын қалыптастыру қажеттігі назарға алынбайды. Ауызша дүние қаш…

0
0
22984

"Электрондық оқыту" деген не? (жалғасы)

Ал ескі білім беру жүйесіне біздің балаларымыз симай жүр. Сиюы мүмкін де емес. Олар жаңа заманның ұрпағы. Міне, осы тұста білім беру жүйесіне уақыт жол сілтеді. Ол – электрондық оқыту жүйесі. Ендігі осы әңгіменің жалғасы -Тұлғалық-бағдарлы оқыту жүйесіндегі мұғалім тұлғасыӘрине, мұның бәрі менің жеке түсінігім екенін естен шығармағайсыз.Тұлғалық-бағдарлы оқыту үшін алдымен мұғалімнің өзі заманға сай өзгеруі тиіс. Тұлғалық деңгейге өсуі оның кәсіби құзыреттілігінің алғы шарты болады. Әйтпесе... ол «істей» береді, бірақ оқушы оны мой-ын-да-май-ды! Мүмкін, қазіргі мұғалім қауымының басым бөлігінің ең бірінші осал тұсы осы – тұлғалық ұсақтық деп сеніммен айта аламын. Бұл мұғалімнің –Тұғырлы заманауи дүниетанымының жоқтығы немесе ескірген дүниетанымы;Шынайы өмірді білмеуі, оған бейімсіздігі, о…

0
9
1744

Қазағыма

Сыйласа егер әр қазақ өз тарихын, Салт-дәстүрін терең бойлап қараса шын, Қазіргі болып жатқан шатасудың, Ажыратып алар еді ақ-қарасын. Ең алдымен жүректерге қарасаңыз, Біз қазақ адалдыққа таласамыз, Абыройды төгуге қорыққаннан, Ар-ұятты сақтауға тырысамыз. Бірақ қазір құндылықтар ауысқан күн, Ақшалы мен қалталы табысқан күн, Ары менен намысты ұмыта сап, Дүние мен мүлікке тартысқан күн. Рухани байлық деген сөз жоғалды, Иман десе қазағың шошынған күн, Абайларға еліктеп сақал қойсаң, Бетіңе тік қараудан тосылған күн. Туылған қорқынышсыз асылдан кім? Туды ғой имандылар қысылған күн. Жамандықтан қайтарып жақсы айтсаң, Дейді саған “күнәхар кім, мұсылман кім”? Қайтейін қазағымның қонақжайын, Тұрса егер дастарханда арақ дайын, Шәй беріп, айран берсең “ойбай, ұят!”, Арақ ішу шаруа ғой “қарапайым”!…

3
1
481

Жапония мен жапондықтар

Өткен жазбаларымда мен әйгілі жапон шиесі - сакураның гүлденуі туралы айтқан едім. Бұл жолы Жапон еліне сапар кезінде таңқалдырған немесе ерекше әсер қалдырған басқа да сәттермен бөлісіп, жол жөнекей түсірген түрлі суреттерді назарларыңызға ұсынғым келеді. Жапон еліне сапар Осака қаласынан басталды. Asiana корей ұшағымен Түс ауа Халықаралық Кансай әуежайына келіп қонған соң, бар болғаны 5-10 минутта кедендік және шекара бақылауынан өтіп, бірден электрпойызға отырдық. Алдын ала келісілген бағдарламаға сәйкес Осакадан бірден, демалмастан оңтүстікте орналасқан Хиросимаға жүретін болғанмын. Елдің ішінде жапондықтар қалалар арасында пойызбен қатынайды. Қазіргі Жапонияның ең бір танымал символдарының бірі – сағатына 260-300 км жылдамдықпен жүретін Синкансен атты жүйрік пойызы. Бір сағаттан аста…