Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жалғыздық

Күттім, келмеді.

Жүрдім, білмеді.

Бардым, алмады.

Көзі шалмады.

 

Күлдім, күрсіндім,

Тұрдым, отырдым.

Айттым, айтпадым.

Көндім, көңілсізбін.

 

Қайдасың, қарағым?

Жолыңа қарадым.

Іздедім, таппадым.

Жүрмедім шаттанып.

 

Барсың ба, жоқсың ба?

Ашсың ба, тоқсың ба?

Күнсің бе, гүлсің бе?

Айсың ба, түнсің бе?

 

Күн күнге ұласты,

Ай өтті, жыл асты.

Жыл сайын жас қосып,

Әжімдер айқасты.

 

Қолым да қартайды,

Аяғым қартайды.

Басымды қар жауып,

Жанардан жас тайды.

 

Қиялсың бұлыңғыр,

Түсіме кіретін.

Қашан бір күн бар ма,

Құшақтап, өбетін?

   
2
2
796

Осы тақырып бойынша