ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
1

Зауыт демалысқа шығады

Ақтаудағы «ҚазАзот» зауыты 15 шілдеден бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, үш айға уақытша жабылады. 1967 жылы ашылған зауытта әлі күнге дейін күрделі жөндеу жұмысы жүргізілмеген екен. Оған қоса, құрал жабдықтарының 89 пайызы тозған.

Зауыттан 2-ші рет өрт шыққаннан кейін облыс әкімі шұғыл түрде зауыт басшылығын жинап, өндіріс қаншалықты маңызды болғанымен, халықтың өмірі одан да маңызды екенін айтып, егер техникалық талап бұзылатын болса, зауыт Заңға сәйкес жабылатынын ескертті.

Апат 17 маусым күні таңғы сағат 07:00 шамасында болған. Осы кезде зауыттың үстінде сары түсті бұлт (түтін) тәрізді бірнәрсе тұрған еді. "ҚазАзот" ЖШС директоры К.Орақовтың айтуынша, оқиға мамандардың техникалық талаптарды өрескел бұзуынан болған.