Қазақ тарихы - жалғасы
сонымен Қазақтар жайлы тарихи зерттеулерді жалғастырамыз. Алдыңғы бетте жазғандай, аталарымыз әлемдегі ең ұлкен мемлекетте тұрған. Сол кездегі аталарымыз қандай болған? Кім болған? Қазіргі заманнан қарайтын болсақ, бізге мәлім тек аңыз бен атадан қалған салт дәстүр.
Сол кезден қалған Қазтұған жыраудың әні бар, Бекболат ағамыз айтқан, соны тыңда:
Әлқисасын тағы бір түсіндіріп жіберейін, оқиғамыз 15 ғасыр мен 17 ғасыр аралығында болған. Ноғай хандығы мен Қазақ хандығы араздасып, екі ара келісімі мен Қазақтар Еділдің жағалауын тастап көшіп барады. Қарап тұрсаң екі қалың ел арасындағы конфликт болды деп айтуға болады осы уақыттың сөзімен. Сонда аталарымыз қан төгіс болмасын деп, көшуді жөн көрген. Себебі қан төгу үлкен күнә!!! Міне осылай шешілетін даулар.
Кетерінде Ноғайларға айтқан есіл жыраудың сөзі қандай!:
Қайырлы болсын сіздерге.
Бізден бір қалған, Еділ жұрт.
Егер екі ел арасы қантөгіс болып, жеңгені ту көтеріп, жеңілгенді құл қылса, жырау осындай сөз айтарма еді?
Бұл бір көрініс, енді Қазақ атамыздың тағы бір қырын келтірейін. Ол бәріне мәлім "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" аңызы:

Шынымен болған оқиға. Сонда Қодарға адам өлтіргені үшін 40 құдық қазу керек, деген айып салынады. Күнәсін өтеу үшін. Енді өзің қарашы, бір жағынан дауды соғыссыз, сөзбен шешкен қаншама биіміз болған. Қазақ жалпы құл ұстамаған халық. Ал екінші жағынан біздің Қазақ атамызды ат үстінен түспей жаугершілік заманда өмір сүрді дегісі келеді, тарихшыларымыз. Өзің ойлап шеш, атаң сенің кім болған? Бір қолымен адам басын кесіп жіберетін бау кеспе ме? Жоқ әлде жүрегі нәзік, әуені мен тілдің арқасында рухани мол байлық қалдырған, аруын асқақтап көтере білген, біреудің ала жібін аттамаған адам баласы ма? Кімді таңдайсың? Кімнің баласы боласың?
Жалпы айтысып сөзбен дауды шешу барлық түркі тілдес халықтарға тән. Тіпті Әзірбайжан халқының тойында болған екі жерлес елдің арасындағы айтыс-тартыс Youtube арнасында көптің көзіне түсіп үлгерді.
Тағы білесің, адам өлсе оның құнын төлеу бәріне де міндет болған. Тек еш бір ру - тайпа сондай кең алқапта дауды қан төгіспен шешпеген. Әрине сондай үлкен мемлекеттің өз әскері болған, оған сөз жоқ. Және қолбасшы деп билер лайық адамды таңдап, оны Қаған деп атаған. Ал алда-жалда шет елімен соғыс шығып жатса, билер қан төгіс болатынын білгенде, қолбасшы ретінде қан төгуге шамасы келетін, адам қанын төкті деген күнәні мойынына көтере алатын адамды тағайындаған. Сол адамды билер Қан деп атаған, себебі билердің үкімімен ондай адамға қан төгуге рұқсат беріледі. Содан ол сөз біздің заманға Хан деп келген. Біз білетін әлемге әйгілі сондай адам Шыңғыс Қан болып тұр. Осындай кең алқаптың ішінде бүлік көп шығып, адамдар қиналғаннан кейін, билер оған ел ішіндегі алауыздықты тоқтатып, ел іргесін түзеу үшін, қан төгуге рұқсат беріп, Қан атағына лайық деп шешті. Әрине, нәтижесін бәріміз білеміз, билер ұсынған тапсырманы Шыңғыс Қан толығымен орындап, ел ішіне тыныштық әкелді. Бүлік шығарған елдің басын алып, елдің ішінде қайта тыныштық орнатты. Тек заң бойынша соғыс біткеннен кейін Қан өз міндетінен қайтарылып, Қаған болады. Содан кейін салт бойынша келесі Қанды қайтадан билер тағайындау керек, ал біз білетін Шыңғыс Қан осы атақты өз ұрпақтарына бұйырды. Онысы әрине қате шешім болды. Соның кесірінен алпауыт жатқан мемлекет қайта жиналмастай шәшілді. Көршілес жатқан елдер бір-біріне жау болып, қан төгіс деген тоқтамады.
Аталарымыздың тарихын әлі де зерттейміз келесі жолдары...
