Мазмұнға өту

Жаңа

Серік АХМЕТОВ, Премьер-министр: Біз мемлекет басшысының сенімін ақтауға міндеттіміз

28.09.12.Серік Ахметов Премьер ретінде жаңа қалыптастырылған Министрлер кабинетінің тұңғыш отырысын өткізді. Осында ол Үкімет мүшелеріне масайрап, арқаны кеңге салмауға қадап, кеңес берді. Мәсімов Үкіметінде болған министрлердің көбі өз креслоларында қалғаны мәлім. Алайда оларға мұның «мәңгілікке» еместігі ескертілді. «Бүгінгі күннен бастап, Үкіметтің барлық мүшелері үшін жұмыстың жаңа кезеңі басталады! - деді жиынды ашқан Серік Ахметов. - Бізге Елбасы үлкен сенім көрсетіп отыр. Және де тек маған ғана емес, осы отырған барлығымызға! Сондықтан біз мемлекет басшысының биік сенімін ақтауға міндеттіміз». Ел басшылығы Үкіметтің дәл осы құ­рамы, дәл осы командамен Қазақстан алдында тұрған жаңа міндеттерді жасам­паздықпен шешуге қауқарлы деп шешіпті. Алайда біраз уақыттан кейін әр министр­ліктің…

0
0
412

Ақиқатын айтсақ ащы, Балалар дәрігері тапшы...

28.09.12.Он жылдың ішінде елімізде бала өлімі 14,9 пайызға төмендеген. Ал 2010 жылмен салыстырғанда, 1000 грамға дейінгі, яки өте қауіпті салмақтағы шараналардың тірі қалып, өмір сүруі 1,6 пайызға ұлғайыпты. Әйтсе де, медицинаға енгізілген жаңа технологиялармен жұмыс істейтін білікті маман тапшы. Бұл жөнінде еліміздегі балалар дәрігерлерінің VII съезінде белгілі болды. Биылғы балалар дәрігерлерлерінің VII съезі Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының 80 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Жиынға еліміздің бас дәрі­герлері ғана емес, арысы - Германия, Вен­грия, берісі - Тәжікстан, Қыр­ғызстан, Украина Ресейден білікті дәрігерлер қатысып, балалар ден­саулығын жақсарту жолдары һәм дертті ерте анықтау мәселелерін ортаға салды. «Соңғы он жылда денсаулық сақтау саласын қаржыл…

0
0
505

500 миллион теңге қарыз

28.09.12.Алматы қаласының тұрғындары суық су үшін жалпы есебі 500 миллион теңгедей берешек. Оның ішінде заңды тұлғалар мемлекетке 163 миллион теңге қарыз болса, бюджеттік мекемелер 26 миллион теңге қарыз. Өзгесін былай қойғанда, көппәтерлі үйдің тұрғындары да пайдаланған судың ақшасын төлемейді екен. Мәселен, шаһардағы көппәтерлі сектор тұрғындары 285 миллион теңге, ал жеке сектор тұрғындары 100 миллион теңге берешек. Осыған орай, «Бастау» және «Тоспа су» еншілес мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қарызын өтемеген борышкерлерді жазалау шарасын қолға алды. Мекеме қызметкерлері борышкер­лердің қарызы туралы бірнеше ескертпе жіберіпті. Десек те, тұтынушылар ескер­тулерге құлақ аспайды екен. Бұдан былай берешек тұрғындар қызмет көрсетуден әп-сәтте қағылады. Қазіргі таңда, бо­рышкерлерді қатаң…

0
0
455

Адамзаттың алаңдауына не себеп?

28.09.12.2030 жылға қарай 100 миллион адам қайтыс болып, әлемдік ішкі жалпы өнім 3,2 пайызға құлдырайды. Мұндай сұмдық деректі DARA гуманитарлық орталығы жариялады. Миллиондаған адамның шейіт болуы мемлекетаралық соғыстан емес, әлемдік жылынудың кесірінен болғалы тұр. Ауаға тым көп жайылған парникті газдың кесірінен, мәңгілік мұз жамылған солтүстіктегі мұзтаулардың еруі, соңғы кезде жедел жүріп жатқанға ұқсайды. Күннің күрт жылуы онсыз да шөлді-шөлейтті аймақ­тарда отырған мемлекеттер үшін үлкен қасіретке айналамақшы. Қуаңшылық­тың арты аштыққа, түрлі аурулардың таралуына алып келері айқын. Оның үстіне жұтым судың да табылмауы жұдырық үстіне жұдырық болары белгілі. Мұның арты адамдардың мил­лиондап қырылуына жол ашпақ. Қазірдің өзінде ауаның ластануынан, аштықтан, түрлі аурудан және клима…

0
0
566

Алматының «Алмасы»

28.09.12. Алматының апортына қызығатындардың қатары артты. Тіпті, жер-жерде жарнамалық сипаты бар алманың суретін іліп, тас пен темірден жасалған сұлбаларын көрнекті жерге қоюға құштарлықтан да осыны байқауға... Ал Республика алаңында пайдалануға берілген алып алма бейнесіндегі нысан нағыз шебердің қолынан шықты деуге болады. Ол қала тұрғындары мен қонақтарды қатты қызықтыратын сәулет өнеріне айналып шыға келді. Әсіресе, отау құруға бел буған жастар екі шетіне неке сақинасы тағылған Алманың ортасындағы «көпірден» өтуді сәнге айналдырды. Биіктігі - 2,9 метр, көлемі - 5,4 метр келетін металл каркас пен сөре­лік әйнектерден жасалған мүсін жұртты қызықтырмай қоймайды. Осылайша некеге тұрған жас жұбайлар үшін тәу етер қадірлі орын баршаға қуаныш сыйлап жатыр. - Алматы осындай әдемі, мүмкін бол…

0
0
720

«Арландардың» алдынан кім шығады?

28.09.12.Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) додасында сынға түсетін «Астана арландары» клубы биылғы маусымның топтық турнирінде кімдермен күш сынасатыны белгілі болды. Жеребе тарту рәсімі Швейцарияның Лозанна қаласында өтті. Айтулы жобаға қатысушы 12 команда алты-алтыдан екі топқа бөлінді. «Астана арландары» «В» тобында өнер көрсетеді. Қарсыластарымыз - «Milano Thunder» (Италия), «USA» (АҚШ), «Great Britain» (Ұлыбритания) және «Germany Eagles» (Германия). Бұлардың арасындағы ең белдісі «Milano Thunder» клубы екені даусыз. WSB додасының 2011-2012 жылғы маусымда Аппенин түбегінің түлектері жеңімпаз атанған болатын. Десек те, өзге командаларды да осал деп айтуға болмайды. Олардың дені өз құрамына бірқатар мықты деген былғары қолғап шеберлерін қабылдап, жүлделі орындар үшін таласуға бел буып оты…

0
0
545

Ташкентте табысқа жеттік

28.09.12.Өзбекстанның астанасында дзюдо күресінен әлем кубогының кезеңдік жарысы өтті. Оған 13 мемлекеттен келген 120-ға жуық балуан қатысты. Ташкент татамиінде жерлестеріміздің табысы мол болды. Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 3 қола медальді иеленді. Биыл Лондонда өткен Олимпиада ойындарында 48 келі салмақта белдескен Александра Подрядова бұл жолы 52 келі салмақ дәрежесінде бақ сынауға бел буды. Бұл ретте оның қадамы құтты болды. Жарыс барысында израильдік Гили Кохен, өзбекстандық Ділдора Убайдоллаева және белоруссиялық Алеся Старавероваға сан соқтырып, алтыннан алқа тағынды. Әйгілі әріптесінің жеңісті жолы Анар Сейтімоваға жұғысты болды. Ол 78 келі салмақта өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды. Финалда Анар боз кілем иесі Ирода Мадмұратованы ұтты. Күміс медаль Ай…

0
0
389

Соңғы сынақ Монакода өтеді

28.09.12. Үстіміздегі жылдың 7 қазанында Александр Винокуров ең соңғы рет жарыс жолына шығуды жоспарлап отыр. Сол күні даңқты велошабандоз Монакода өтетін 50 шақырымдық критериум сайысында бақ сынайды. Винокуров әлемдік деңгейде мойындалған спортшы. Оның спорттық өмірбаяны жарқын жеңістер мен толағай табыстарға толды. Александр көптеген халықаралық жарыстарда бас жүлдені олжалады. «Вуэльта» додасында топ жарды. Әр жылдары «Тур де Франс» көпкүндігінің кезеңдік сайыстарында жеңімпаз атанып, жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді. Ол ұзақ жылдар бойы Қазақстан Ұлттық құрамасы мен «Астана» клубының серкесі болды. Әлем чемпионатында екі рет қола медальді иеленді. Азияда да алдына жан салған жоқ. 2000 жылы Сиднейде алауы тұтанған Олимпиада ойындарында күміс медальді қанжығасына байласа, 2012 ж…

0
0
621

Бала мен әке. Ақыл сұрау.

Бала өскенде кезде, жасы бес пен он жас аралығында болғанда:
— Әкем бәрін біледі,- дейді

Баланың жасы он беске толғанда
— Әкем бәрін біледі,-дейді де, бойында күмән болады
Баланың жасы жиырмадан асқанда:
— Әкем бәрін біле бермейді екен,-деп, көңілі біраз қалады әкесіне
Баланың жасы отыз бен қырық арасында болғанда:
— Әй, қойшы, осы әкем не біледі өзі? -, деп, қолын бір сілтейді.
Баланың жасы елуден асқанда:
— Осы әкем болған кезде… әкемнен ақыл сұраушы едім. Ехх, әкем-ай, неге тез кетіп қалдың…

-4
1
624

Встречайте экшн-комедию «Люди в чёрном 3» / «Қара киімділер 3» на DVD и BLu-Ray

Встречайте экшн-комедию «Люди в чёрном 3» / «Қара киімділер 3» на DVD и BLu-Ray Насладитесь фантастическим изображением, потрясающим звуком и уникальными дополнительными материалами. Напомним, что дубляж экшн-комедии «Люди в чёрном 3» / Қара киімділер 3 осуществлен при поддержке ассоциации «Болашақ», АО «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына» и бренда холдинга «Меломан» — Marwin. На казахский язык фильм дублирован на алматинской студии «Синема Тон Продакшн». Бюджет создания казахской версии фильма составил более 20 000 000 тенге. Голливудская звезда Уилл Смит заговорил на казахском языке голосом Азамата Канапияева. Остальные роли озвучили Шалкар Уркимбаев, Балтабай Сейтмамытов, Бахытжан Альпеисов, Сауле Турдахунова и другие актеры (подробнее о дубляже). Режиссёром казахского ду…

1
0
902