Төстік батыр мен Жөндік би туралы лингвистикалық ертегі
Ерте, ерте, ертеде, ежелгі қазақ жерінде, Еділ мен Ертіс енінде бейбіт өмір жайлаған бір ел болыпты. Онда ел басқарған екі дана - Төстік батыр мен Жөндік би атты ағайынды екеуінің өз елінде орнатқан тұрақты, әдепті тәртібі, ондағы жарасымды әлеуметтік өмір, әділ билікті бүкіл халық құлшына қолдайды екен. Күндердің күнінде көршілес отырған бір ел өз ішінен бүлініп, өзара қырқысып, елдің берекесі кетеді. Әбден жүдеген жұрттан Төстік батыр мен Жөндік биге елшілер келіп, ол елге де әділ билік орнатып беруін сұрайды. Төстік пен Жөндік сарай маңындағы жағымпаз елпектерге ел билігін сеніп тапсырып, өздддері көрші елге қырық күндік шөлден өтіп,айлап жүріп ат арытып жетеді. Бірі батыр, бірі би ағайынды екеуі бұл елде де белдескендермен белдесіп, даукестерін сөзбен жеңіп, жәбірленгендерді жебелеп,…