Мазмұнға өту

Жаңа

Дос КӨШІМ: Орыстардың балаларын қазақ мектебіне беруі орыс мектептерінің босап қалуына әкеліп соғуда

Дос КӨШІМ - «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы, саясаткер – Жақында Білім және ғылым министрлігінде қазақ мектептерінің жай-күйі жайлы баяндама жасадыңыз. Осы баяндамаңызға кеңірек тоқталсаңыз... – Екі жыл бұрын «Ұлт тағдыры» қозғалысы еліміздің шығыс және орталық аймақтарындағы, яғни орыстілді өңірлердегі қазақтілді мектептердің мәселесімен айналысуды мақсат етіп бастады. Биыл да Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарының аудан ор­талықтары мен ірі елді мекендерінде кездесулер өткізіп, қазақ мектептерін аралап шықтық. Алдымен орыстілді азаматтарды балаларын қазақ мектебіне беруге шақырып, іс-шаралар өткіздік. Онда екі орыс баласының қазақ мектебіне бара жатқан суретін барлық жерге жапсырып, орыстілді ата-аналарға әсер ететіндей сөздер жазып ілдік. Жергілікті халықпен…

1
0
917

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы! Сіз кімді ұсынасыз?!

Қайырлы күн жастар! Өткен жұмада, яғни, ағымдағы жылдың 28 қыркүйегі күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Дарын-2012» мемлекеттiк жастар сыйлығына конкурс жариялаған болатын. Осыған орай, еліміздегі әлеуметтік желілерде үміткерлерді анықтау бойынша қызу талқылаулар өтуде. Алдымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығына тоқталып кетейік. Осыдан 20 жыл бұрын тағайындалған "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейiнгi азаматтарына қоғамдық, кәсiби жағынан танылған жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметi үшiн, сондай-ақ талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі. Сыйлық: ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шы…

3
2
1948

Валюталардың барлық нарықтық бағамдары 02/10/2012, 02:06

АВСТРАЛИЯ ДОЛЛАРЫ 155.75
АҒЫЛШЫН ФУНТ СТЕРЛИНГІ 242.39
БЕЛАРУС РУБЛІ 0.02
ВЕНГЕР ФОРИНТІ 0.68
ДАТ КРОНАСЫ 25.97
БАЭ ДИРХАМЫ 40.85
АҚШ ДОЛЛАРЫ 150.02
ЕУРО 193.51
КАНАДА ДОЛЛАРЫ 152.85
ҚЫТАЙ ЮАНІ 23.87
КУВЕЙТ ДИНАРЫ 534.45
ҚЫРҒЫЗ СОМЫ 3.18
ЛАТЫШ ЛАТЫ 278.28
ЛИТВА ЛИТІ 56.08
МОЛДАВАН ЛЕЙІ 12.14
НОРВЕГ КРОНАСЫ 26.26
ПОЛЬША ЗЛОТЫ 47.21
САУД АРАВИЯНЫҢ РИЯЛЫ 40.01
СДР 231.36
СИНГАПУР ДОЛЛАРЫ 122.21
ТӘЖІК СОМОНИІ 31.53
ТҮРІК ЛИРАСЫ 83.62
ӨЗБЕК СОМЫ 0.08
УКРАИН ГРИВНАСЫ 18.41
ЧЕХ КРОНАСЫ 7.71
ШВЕД КРОНАСЫ 22.87
ШВЕЙЦАР ФРАНКІ 160.12
ОҢТҮСТІК АФРИКА РАНДІ 18.17
ОҢТҮСТІК КОРЕЙ ВОНЫ 13.47
ЖАПОН ЙЕНІ 1.92
РЕСЕЙ РУБЛІ 4.82

1
0
335

Қалам – қандауырдан да қуатты құрал БАҚ тілі мінсіз болсын десек…

Бүгінгі таңда Қазақстанда қазақ тілінде 449 газет пен 117 журнал шығады екен. Оның сыртында қазақ, орыс тілдерінде екі тілде шығатын газет-журналдар тағы бар. Кеңестік дәуірмен салыстырғанда қазақ басылымдары санының бұлай артуы тәуелсіздік арқасында қол жеткен жетістік екені даусыз. Осы басылымдар қазақ тілінің шешімін таппаған сан алуан мәселелерін үздіксіз көтеріп, тіліміздің дамуына, оның Ата Заңда көрсетілген мәртебесіне сәйкес қолданылуына қатысты жазудан жалыққан емес. Тек журналистердің ғана емес, тілші ғалымдар мен филологтардың, тіл жанашырлары мен түрлі сала мамандары тарапынан тілдің жайын сөз еткен сан алуан мақалалар да негізінен қазақ тілінде жарық көретін газет-журналдарымыз арқылы қалың жұртшылыққа жол тартады. Жалпы, қазақ тілінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын да қазақ б…

1
0
620

Бейбіттен бала сүйгім келеді!

02.10.12.«Бүгінгі қазақ жігіттері қандай болуы керек?» деген сұрақ мені ғана мазаламасы анық. Өйткені бұл сауал - жалпы жұрттың жүрегінде жүрген, көпшіліктің көкейінен кетпейтін, түн ұйқысын төрт бөлетін маңызды мәселе. Әрине, көптің көзіне топырақ шашуға болмас, алайда қазіргі қазақ жігіттері әлсізденіп бара жатқан сияқты. Ұсақ-түйек әңгімеден аса алмай, ұсақ-түйек ұрлық жасап, темір тордың арғы жағында өмірін өксікпен өткізіп жүрген жігіттер туралы ойлағанда, төбе-шашым тік тұрады. Ертеңгі күнге сенімсіздеу, керісінше, өзінен бұрын әйеліне сенетін серілер көбейіп барады. Қанша жігітпен танысудың реті келді, бәрінің алдымен қояры «қайда қызмет істейсің, үйің бар ма?» деген секілді сұрқиялау сұрақтар. Керісінше, «болашақтың іргетасын бірге қалаймыз, қорықпа...» деп басу айтар бір жігітті…

0
0
976

Құраншылардан: Біз тоқтадық!

www.nurmura.kz Құрметті қазақстандықтар! Бізді кешіріңіздер! Біз қателесіппіз, сол үшін өкінеміз! Қалай ғана өз бетімізбен кетіп, өз басымызбен ойланып, толғанып жүре аламыз беп ойладық? Оның орнына дүмше молдалардың артынан еріп, етегінен ұстап, айтқан сандырағына сеніп жүре берсек қайтеді? Қалай ғана Құранның 19 санымен шынымен де кодталғанын алде еместігін тексере қалдық? Оның жазылуындағы сұлулығының қоршаған ортадағы, адамның жан әрі тән сұлулығымен ундес екенін көрмес едік қой. Оған қоса математикалық және логикалық жағынан кереметін де көрмес едік. Масқара! Бүлдірдік бәрін де! Біз араб сөздерін зерттеп білу үшін сөздіктерге бас ұрмауымыз қажет еді! Неге ғана араб тілінде қолды шауып тастау мағынасын беретін сөздің «батара» екенін, елдер ойлағандай «ақтаху» емес екенін таптық? Сонды…

0
0
425

Маржан ЕРШУ, ақын: Менің қырсық бір мінезім бар...

29.09.12. - ТҮРКСОЙ тарапынан татардың ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың туғанына 125 жыл толуына орай 2011 жыл - «Ғабдолла Тоқай жылы» болып жарияланды. Өзің де Тоқай өлеңдерін қазақша сөйлеттің. Әңгімені осыдан бастасақ...- 2010 жылы ТҮРКСОЙ-дың ұйымдастыруымен Кипрде өткен Қорқыт ата тақырыбына арналған симпозиумге қатысып, «Ақындардың арғы атасы - Қорқыт» тақырыбында баяндама жасадым. Сол шара кезінде ТҮРКСОЙ-дың басшысы Дүйсен Қасейінов келер жылды татардың ұлы ақынына арнап отырғандарын айта келіп, осыған орай Тоқайдың өлеңдерін қазақшаға аударуға ұсыныс білдірді. Тоқайдың өлеңін кезінде Жақан Сыздықов, Қадыр Мырза Әли секілді үлкен ақындарымыз аударған. Қазақшаға аударылмаған өлеңі де қалмаған болуы керек. Қайталап аудара бергенде не болады деп едім, Дүйсен аға: «Бұл ойың дұрыс емес. Ұлы…

0
0
2952

«Аспантаудан жаңғырып жеткен өлең...»

29.09.12. Қазақстан Жазушылар одағында белгілі ақын, аудармашы Алмат Исәділдің шығармашылық ізденістеріне 20 жыл толуына орай, сондай-ақ «Көкжиекке сіңген жол» атты жыр жинағының жарық көруіне байланысты «Аспантаудан жаңғырып жеткен өлең...» атты шығармашылық кеші өтеді. Алматыда туып, Кегенде өскен талантты жасқа ақындық қасиет атасы Исәділден дарыса керек. Әкесі де өнерден құр алақан болмапты. Кеген аудандық денсаулық сақтау саласында Бас балалар дәрігері ретінде ұзақ жыл еңбек ете жүріп, «Әттеген-ай» атты халықтық театр құрады. Ауданның мәдени жаңғыруына, «ел іші-өнер кенішіндегі» дарынды еңбеккерлердің қарым-қабілеттерінің ұшталуына, дамуына аянбай тер төгеді. Анасы Ханшайым Ыдырысқызы да Кеген аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметінде аймақтың жан-жақты өркендеуіне т…

0
0
650

Рационалды монотеизмді сынаушыларға жауап

NURMURA.KZ Дәлелсіз қабылданған нәрсені дәлелсіз терістеуге болады.Евклид Бізді сынайтындар көп. Бірақ біз негізі бар сынды дұрыс қабылдаймыз. Өйткені, сын дегеніміз-ғылымды алға жетелейтін күштердің бірі, сын-өсудің, жетілудің жалғыз жолы. Бізді қынжылтатыны, ғылыми дәйектермен сынаушылардың аздығы. Әр нәрсеге сын көзбен қарап дағдыланбай нағыз білімге жету мүмкін емес. Ақиқат турасындағы дерек сынсыз, дәлелсіз қабылданар болса, оның құндылығы мен пайдасы күмәнді. Ақиқатты іздеудің ең үздік жолы-ғылым мен философия. Қазір адамзаттың қолында ақиқатты осы әдіспен іздеудің барлық мүмкіндігі мен құралдары бар. Ендеше бүгінгі ғылым мен техниканың ғасырында тозығы жеткен дәстүрлі догматтарды дәйек қылып дауласу – күлкілі нәрсе. Дінге қатысы бар тақырыпта сөз таластырмас бұрын, қарсы пікір айту…

0
0
1556

Екінші Ислам Реформациясының Манифесті

Алғысөз Алла – Құран, Адам – Ақыл Құдайдың адамға ерекшелеп жасаған ең үлкен сыйы – Ақыл. Бізді басқа жан-жануардан ерекшелендіріп тұрған осы ғана. Құдай адамға Ақылды Ақиқатты танысын, білсін, өзіне берілген өмірін саналы өткізсін деп сыйлады. Егер адам Ақылды пайдаланбаса, яғни Ақылдан ада болса, өз ақылын ысырып қойып, байлық пен билікті көздеп, діннің иесі болып алған молдалардың, имамдардың, дінбасылардың, әулие-әмбиелердің, бір сөзбен айтқанда пірлердің сөзінен ерсе, онда ол адасады – Ақиқатты тани алмайды – Құдайын ұмытады – мына дүниенің, бүткіл ғаламды Жаратушының заңына қарсы шыққан болады. Құдай адамды адасудан сақтандырып отырады. Адамзат тарихын қарап отырсақ, Ол пайғамбарлар арқылы адамдарға бірнеше рет уахи, бірнеше рет Кітап жіберді. Әрісін айтпағанның өзінде, берідегі Мұс…

0
0
686