«Қазақстан мұнайы. Ғасырлық тарих»
«Алдоңғар» мәдениетті дамыту қоғамдық қоры танымал мұнайшы, қоғамдық және мемлекеттік қайраткер Равиль Чердабаевтың төл туындысы «Қазақстан мұнайы. Ғасырлық тарих» кітабының жарық көргені жайлы хабардар етеді. Автор әлемдік мұнай өнеркәсібінің тарихи-саяси қырын зерттеу жұмысын көп жыл бұрын бастаған болатын. Зерттеу нәтижесінде қазақстандық мұнайдың 110-жылдығына орай 2009 жылы оқырмандардың назарына ұсынылған «Мұнай: кеше, бүгін, ертең» монографиясы жарық көрді. Бұл еңбекте көне дәуірден бастап заманауи кезеңдегі әлемдік мұнай өндірісіндегі жағдайға дейінгі әлемдегі «қара алтын» өндіру жайлы жинақталған мәліметтер баяндалды. «Қазақстан мұнайы. Ғасырлық тарих» кітабында Равиль Чердабаев мұнай мен оның тарихын қарастыруды біздің елдің мұнайгаз саласы үлгісінде жалғастырды. Автордың айтуын…