Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы! Сіз кімді ұсынасыз?!

Қайырлы күн жастар! Өткен жұмада, яғни, ағымдағы жылдың 28 қыркүйегі күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Дарын-2012» мемлекеттiк жастар сыйлығына конкурс жариялаған болатын. Осыған орай, еліміздегі әлеуметтік желілерде үміткерлерді анықтау бойынша қызу талқылаулар өтуде.

Алдымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығына тоқталып кетейік. Осыдан 20 жыл бұрын тағайындалған "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейiнгi азаматтарына қоғамдық, кәсiби жағынан танылған жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметi үшiн, сондай-ақ талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі.

Сыйлық: ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет аталымдары бойынша екі жылда бір рет тағайындалады.

1996 жылдан беріле бастаған сыйлықты еліміздің бірқатар танымал тұлғалары иеленді. Олардың қатарында: Бекболат Тілеухан, Нұрлан Өнербаев, Мейрам Бегентаев, Ольга Шишигина, Илья Ильин, Қыдырәлі Болманов, Бахтияр Артаев сынды және т.б. азаматтар бар. Мәселен, 2010 жылы сыйлықты Гуанчжоудағы 16-жазғы Азия ойындарының чемпионы - Нұрмахан Тыналиев, "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамының "Жеті күн" ақпараттық-талдамалық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі - Ринат Кертаев сынды азаматтар иеленді.

 

Осы орайда, ғаламтордағы әлеуметтік желілердің шексіз мүмкіндігін пайдалана отырып, жас қазақстандықтардың еңбегін мемлекет тарапынан бағалау үшін тағайындалған «Дарын» сыйлығына лайықты жастарды бірге анықтауға шақырамыз.

Егер сіз, қоғамдық, кәсiби жағынан танылған жас қазақстандықты білсеңіз және оны жоғарыда аталған номинациялар бойынша «Дарын» сыйлығына лайықты деп есептесеңіз, байқауға ұсынуыңызды сұраймыз.

Жастардың еңбегін бағалап қоймай, әрі қарай ел игілігі үшін жаңа жетістіктерге итермелейтін айтулы сыйлықтың иегерін бірге анықтайық!

 

P.S. Бұл әлеуметтік сауалнама жастар арасында "Дарын-2012" сыйлығына әлеуетті үміткерлерді анықтау үшін жүргізіліп отыр. Аталған сауалнама негізінде дауыс беру жүйесімен әлеуетті үміткерлердің бейресми тізімі жасақталады.

 

Өз үміткерлеріңізді төмендегі үлгі бойынша ұсынуларыңызды сұраймыз!

Суреттер 2010 жылғы "Дарын" сылығын марапаттау рәсімінен

3
2
1919

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы! Сіз кімді ұсынасыз?! - Yvision.kz