Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы! Сіз кімді ұсынасыз?!
Қайырлы күн жастар! Өткен жұмада, яғни, ағымдағы жылдың 28 қыркүйегі күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Дарын-2012» мемлекеттiк жастар сыйлығына конкурс жариялаған болатын. Осыған орай, еліміздегі әлеуметтік желілерде үміткерлерді анықтау бойынша қызу талқылаулар өтуде. Алдымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығына тоқталып кетейік. Осыдан 20 жыл бұрын тағайындалған "Дарын" Мемлекеттiк жастар сыйлығы Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейiнгi азаматтарына қоғамдық, кәсiби жағынан танылған жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметi үшiн, сондай-ақ талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі. Сыйлық: ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шы…