Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Алтын ханшайым» Теректіден табылды

 

03.10.12.

Орал қаласынан 80 шақырым жердегі Теректі ауданынан жасы 2,5 мың жылға кететін ғажайып жәдігер табылды. Ол - әйелдің мүрдесі. Денесі алтынмен апталған...

Қолжетімді дерек­терге қарағанда, «Ал­­­тын ханшайым» табыл­­ған қорған тоналма­ған, бү­тін сақталған. Ар­хеолог­тар моладан көп­теген алтын әшекей тап­қан. Әрине, бұлардың бәрі бүгінгі ғылым үшін қол жетпес құнды зат болып табылатыны белгілі»
деп жазады centrasia.ru.сайты Батыс Қа­зақ­станда шығатын «Уральская неделя» басылымының сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті жұрт «Алтын ханшайым» деп ат қойып үлгерген құнды жәдігер тамыз айында белгілі болған­ға ұқсайды. Бірақ облыс әкімшілігі әзірге ол жөнін­де хабар таратпауды жөн көрген секілді. Себебі бүгінгі күні ұлттық символымызға айналып үлгерген Есік­тен табылған Алтын адамнан еш кем түспейтін ғажайып дүние болғандықтан, алдымен бұл туралы Астана, Елбасы хабардар болуы керек деп шешкенге ұқсайды.

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ

 
0
0
1556

Осы тақырып бойынша

«Алтын ханшайым» Теректіден табылды - Yvision.kz