Мазмұнға өту
abay_convict

Абайус Отариус

@abay_convict

Сайтта 2012 ж. 30 қыркүйекКазахстан, Астана

Қазақтың қарапайым баласымын.

рейтинг

100

жазбалар

5

пікірлер

5

тіркелуші

1

жазылу

1

Жайдарман, ширек финалдық кездесу

Енді 5 күннен кейін Жайдарман жоғарғы лигасының ширек финалы өтеді. Жарыс үш күнге созылмақ. Айта кету керек, ширек финалда тікелей жолдама алғаны бар, басқасы бар бас-аяғы 18 команда өнер көрсетеді. Бірінші күні Қуатжан бастаған "13 аймақ" (Шымкент), Бекзатты "ҚазҰУ" (Алматы), Еуразия университетінің "Күлтегіні" (Астана), Семейден келген "Аягөз жастары" (ШҚО), ел қорғаны "Байланыс жігіттері" (Алматы), астарлы әзіл айтудың шебері "Алғабасар" (Жуалы) жартылай финалға берілетін жолдамаға таласады. Екінші күні, яғни 25 сәуірде быраттары көп Михон бастаған "АЭСА" (Алматы), "Альянс" (Семей), астаналық емес бірақ "Тұңғыш астана" (Қызылорда), түрлі ұлттан құралған "Күлкі терапиясы" (Қарағанды), Оңдас және Брюс Ли "Абай даңғылы 8" (Алматы), Максим және К "Аграрка сарбаздары" (Астана) мықтылықтары…

0
0
1667

Bale-нің басталуы

Кіріспе немесе "Bale"-нің басталуы Тұңғыш рет FIFA 07-ні 2007 жылы ойнадым. Ол кезде қазіргідей футболдың фанаты емес едім, әрі ойыншыларды да толық танымайтынмын. Үйдегі компьютер ескі болса да, ФИФА-ны тартуға жетіп жатты. Колледжден келе сала монитор алдына қонжиямын. ФИФА-ны ойап көрсеңіз, менеджерлік карьераны білетін шығарсыз. Маған сонысы қызық. Өзіңді клуб қожайыны тәрізді сезінесің. "Барселона" жанкүйері болғандықтан, сол клубпен футболдық "өмірімді" бастаймын. Клубқа жаңа ойыншы сатып алу, талантты жастардың көз алдыңда өскенін көру қандай ғажап... Мессидің жұлдызға айналуы секілді қызықтар көп. Карьерада маған ең ұнамайтыны "Барселонаның" сол қанаттағы қорғаушылары кәрі болатын. Силвиньо 33, Джованни ван Бронкхорст 32 жаста еді. Бір жылдан кейін екеуінің де спорттық формасы аза…

3
3
1047

"Эмми" жүлдесін алған қазақ

«Эмми» – Америкадағы телевизия саласындағы беделді жүлде. Жыл сайын әр түрлі аталым бойынша үздік режиссер, продюсер, оператор және т.б. беріледі. Осы жүлдені алыс 2003 жылы қазақ жеңіп алған екен. Оның есімі Хасан, қазіргі таңда Нью-Йоркте тұрады. Хасанмен жасаған сұхбатым біраз уақыт бұрын "Нұр Астана" газетіне шыққан. «Жүлдені алуға барған жоқпын» –Хасан мырза, сіздің «Эмми» жүлдесін жеңіп алғаныңызды кеш те болса естіп, қуанып жатырмыз. Осы жайлы толығырақ айта кетсеңіз? –Бұл сонау 2003 жылы болған еді. «Эмми» – Америкадағы телевизия саласындағы үздік сыйлық. Ең үздік деп танылған 23-тен астам аталымда телевизия саласына беріледі. Маған «Зерттеу және деректі фильмдер» аталымы бойынша жүлде табыс етілді. Бұл фильмді түсіру туралы ұсынысты БиБиСи-де жұмыс істейтін танысым айтқан болатын…

0
0
594

Әлем тоқтаған кезде

"Реал" мен "Барселона" бір-бірімен ойнаған кезде әлем бір сәтке тоқтайды Жозе Моуриньо Эль-Классико! Футбол тарихындағы ең қызықты кездесу. Қазан айының 7-сі күні ЛаЛиганың 7-турында кезекті "Эль-Классико" өтпек. Қызуқанды кездесуге барын салып дайындалып жүрсе де, қос клуб та оны мойындайтын емес. Бапкерлер де, ойыншылар да ЛаЛиганың кезекті тур ойындары деп, жұртты сендіріп бағуда. Дегенмен, әлемдегі ең мықты қос клубтың ойынына дайындалмау мүмкін бе?! Барса мен Реал бүкіл турнирді санағанда 252 рет кездесіпті. Демек, 7 қазанда 253-ойын болмақ. Кім жеңуі мүмкін? Ол - уақыт еншісінде. Осы орайда, командалардың құрамына сараптама жасап көрсек. Чемпионат басталғанда "Реал"-дың ойыны жүрмеді. Болмайтын жерден ұпай жоғалтып, басты қарсыласы "Барсадан" 8 ұпайға қалып кетті. Әрі корольдік клуб…

Алаштың салмағы – «69»!

Қазақ боксы алыс Кеңес одағы тұсында да мықтылығымен танылған-ды. Былғары қолғап киген оғландарымыз талайға таңдай қақтырды. Тәуелсіздік алғалы қатысқан бес Олимпиадада бокстан алты алтын алуымыз осы сөзімізді айғақтай түседі. Солардың үшеуін 69 келіде сайысқа түскен тарландарымыз жеңіп алған екен. Тұңғыш рет Қазақстан дербес ел ретінде 1996 жылы Атланта Олимпиадасына қатысты. Ол кездегі ережеге сәйкес біз сөз еткелі отырған 69 келі салмақ дәрежесі жоқ болатын. Бұл салмақ кейіннен Афиныда қосылды. Мұхиттың арғы бетінде өткен додаға елімізден 8 боксшы аттанды. Бапкерлер сегіз ұланның ішінен Болат Жұмаділов, Василий Жиров, Ермахан Ыбырайымов, Болат Ниязымбетовтің жүлдеден үміткер екенін айтып еді. Тәжірибелі мамандар қателеспеген екен. Василий Жиров Олимп шыңын бағындырып, ең үздік боксшыға…

5
0
1006