Қазақтың асыл мұрасы МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ
Арулар Арулар – асыл жандар! Шуақ боп шашылғандар, Қуат боп тасынғандар, Құшақ боп ашылғандар, Арулар — асыл жандар! Арулар – асыл жарлар! Арулар – әрбір үйдің шаңырағы, Әрбір үйге от болып жағылады. Әрбір үйде таң болып атты-дағы, Әрбір үйге сәуле боп жамырады. Жимайды-ау бір шашылған шуақтарын, Саясына келеді-ау, шуақтағың. Жамандыққа қиярсың қалай ғана, Жайнаған бір-бір үйдің шырақтарын. Арулар – асыл жарлар, сағыныштар, Өтініштер, құшақтар, жалыныштар… Жек көрсе олар жүрегін мұз жасайды, Жақсы көрсе балқытып, жанына ұстар. Арулар – аяулылар, ардақтылар, Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар. Арулар – тіршілікке күре тамыр, Өмірді бір-біріне жалғап тұрар Мен сені сағынғанда, Қарамай жауындарға, дауылдарга, Қарсы қарап жүземін ағындарға, Кеудемде қимылдаған жаным барда, Мен сені сағынғанда, Бі…