Жаңа
«Жүйрік болсаң, озып көр» («Қазақфильм», 1974 ж.)
«Бейбітшілік пен келісім – адамзаттың таңдауы»
Әншілер Айланға көмектеспек
11.10.12.Мәдениет қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Мейрамбек Бесбаевтың еншілігіндегі «Өнеге» журналының ұжымы «Unitу.KZ» қайырымдылық қорымен бірігіп концерт өткізбек. 20 қазанға жоспарланған қайырымдылық шарадан түскен қаржы ақмолалық 1 жасар сәби Айлан Дәулетбаеваның жеке шотына аударылмақ. Жиналған ақша өзгелер сияқты емес, өңеші бітеу болып туылған бүлдіршінге күрделі ота жасау үшін жұмсалмақ. Концертке қазақ эстрадасының танымал әншілері Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Ақмарал Леубаева, Жанар Айжанова, Жұбаныш Жексенұлы, Шахизада, Мадина Сәдуақасова, Меруерт Түсіпбаева, Роза Әлқожа, Жанболат пен Жазира, Индира Расылхан, «Денар» тобы, «Асыл» тобы, «Азия» тобы, Ерлан Орынбасаров, Таңат Мамырхановтар қатысады. Сондай-ақ «Өнер қырандары» әзіл-сықақ к…
Роза Ресейде ән салды
|
11.10.12.
![]() Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек және дипломатиялық қарым-қатынастардың 20 жылдығына орай Мәскеудегi Мемлекеттік академиялық Үлкен театрда салтанатты кеш өтті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин тамашалаған концертте Ресей халық артисі Лев Лещенко мен Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева өнер көрсетті. |
Жүрек тебірентер телетуынды
11.10.12.Баян Есентаеваның көптен күткен «Ғашық жүрек» телетоптамасы көрерменге жол тартты. Осыған орай баспасөз өкілдеріне туындының бірінші сериясы көрсетілді. Ұйымдастырушылар уәде еткендей, бұл туынды ешкімді де бей-жай қалдырмады. Көрсетілімге қатысқан барлық жанның жүрегі бұл кештен ауырып қайтты. Көрерменнің туындыдан кө-ңілі қалып жүрегі ауырған жоқ, ондағы ауыр сюжеттен еңсесін көтере алмай шықты. Осылай басталған бұл телетоптаманың бірінші сериясынан-ақ көпшіліктің көңілінен шығатыны анық байқалды. Жобаның бас продюсері Баян Есентаева: «Залда отырған көрерменнің көз жасын сығып алғанын көрдім. Біздің басты мақсатымыз да осы еді, яғни адамға ой салу болатын. Бұл бір көрген соң ұмытылып қалатын дүние емес деп ойлаймын» деді. Расында, бұл туындыны әрбір жан жүрегі сызда…
Ерболат Тоғызақов: барлық трюктарды өзім істедім
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмінде басты рөлді сомдаған Ерболат Тоғызақов — бұған дейін жалпы көпшілікке аса таныс емес тұлға. Алайда «Келін», «Балалық шағымның аспаны», «Сталинге сыйлық», «Қызғылт қоян туралы аңыз» секілді бірқатар туындыларда қосымша, эпизодтық рөлдерді сомдаған актер ұзақ жылдар бойы кино саласының отымен кіріп, күлімен шығып келеді. Киностан порталы Ерболат Тоғызақовтың «Шал» фильмінен алған әсерлерін, ойларын сіздерге ұсынып отыр. * * * Фильмнің финалында қасқырмен бетпе-бет келіп, тағының мені кешірген сыңайда қарап, кері бұрылып кететін жері бар. Бұл — режиссердің, монтаждаушылардың, оператордың үлкен еңбегі. * * * Түсірілім барысында мен сол қасқырға деген үлкен алғысты сезіндім. Әбден шаршаған болатынмын. Ә…
Күні біткен Козлов
10.10.12.Ақтау қалалық сотында болған процесс «Алға» мүшелері Владимир Козлов, Серік Сапарғали және ереуілшілер қозғалысына дем беруші Ақжанат Әміновке қатысты біржақты үкімнің шығуымен аяқталды. Айыптау кезіндегі келтірілген дәлелдер қорғаушылар үшін күтпеген соққы болды, ал жұртшылықтың жағасын ұстатты. Әбілязов пен Козлов басында отырған «алғалықтардың» Жаңаөзендегі күш қолдану акцияларын дайындағаны туралы фактілер онсыз да шатқаяқтап тұрған әлсіз құрылымның тіреуін бірден құлатты. Сот процесіне қатысқан куәгерлердің бірауыздан айтуынша, ереуілге шыққандар «Алғаның» тегеурінді насихаттаушы күшіне бағынышты болған. Бұл ұйымға қатысы бар әрбір адам Әбілязовтың атынан сөйлеген және күш қолдануға ашық шақырған оның мақалалары жазылған парақтарды таратқан екен. Козлов басқарған «Алға…
Күйші Сүгірдің ұрпақтары
10.10.12.Шертпе күйлерімен исі қазаққа мәлім дарабоз күйші Сүгір Әліұлы туралы жазылып та, айтылып та келеді. Жазушы Тәкен Әлімқұлов «Телқоңыр» әңгімесін, ақын Бәтима Батырбекова «Күйші» поэмасын, жазушы Өтеш Қырғызбаев «Сүгір» романы мен «Назқоңыр» пьесасын жазды. Дегенмен зерттеушілерге ашылмаған дүние көп-ақ. Соның бірі - күйшінің үш қызы және олардан тараған ұрпақтары. Бұл жөнінде «Күйші Сүгір» дастанын жазған ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ескермес Жақсымбетұлы төмендегіше әңгімелейді: - Сүгір 1882 жылы Арқаның кең жайлауында дүниеге келген. Сүгір туған тама руының бұзау деген бұтағы - қыста Көкшенің терең жалды құмын қыстаса, көктем шыға Бетбақ даланың шөлін басып өтіп, қоңырат, найман, қыпшақ елдерімен аралас Сарысу өзенін бойлап, Жетіқоңырды жағалай отырып, Арқаның…
әлемдегі әр затты анықтап көру үшін жанның да жанары болуы керек...
#books Жанымнан жырақтамашы, Көзіңмен сыр ақтарғансың, Сен сөйтіп ұнап қалғансың... Құралай Омар "...Сонымен, аға, сізбен де қоштасып барамын. Отыз жылға бергісіз отыз күн өте шықты. Сіз ойлағандай, бұған дейінгі жүдген жүрегім түлеген жоқ, қайта өзімді-өзім ескі, мың жыл бұрын қирап қалған қорғанның арасынан тауып алғандай, мәңгірген күйде аттандым. Сіз, аға, өзіңізді тым жақсы, ережедегідей тәртіпті ұстадыңыз, бұл сіз үшін үлкен сынақ сықылданғаны рас: артық сөз, оғаш қимыл жасамай, өз-өзіңізді тура бір ай тұтқында ұстадыңыз. Шынымды айтайын, дәл осы ғадетіңізге жат мінез-құлқыңыз тіпті де ұнаған жоқ. Алғашында аң-таң қалған басым артынша айнығандай еді. Неге? Мен сізді соңғы бір аптада жек көріп кеттім. Маған сіз өзгенің жоғын өлең айтып жүріп іздейтін көнтерілеу болып көріндіңіз. Ең ө…
