Күйші Сүгірдің ұрпақтары
|
10.10.12.
![]() Шертпе күйлерімен исі қазаққа мәлім дарабоз күйші Сүгір Әліұлы туралы жазылып та, айтылып та келеді. Жазушы Тәкен Әлімқұлов «Телқоңыр» әңгімесін, ақын Бәтима Батырбекова «Күйші» поэмасын, жазушы Өтеш Қырғызбаев «Сүгір» романы мен «Назқоңыр» пьесасын жазды. Дегенмен зерттеушілерге ашылмаған дүние көп-ақ. Соның бірі - күйшінің үш қызы және олардан тараған ұрпақтары. Бұл жөнінде «Күйші Сүгір» дастанын жазған ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ескермес Жақсымбетұлы төмендегіше әңгімелейді:
- Сүгір 1882 жылы Арқаның кең жайлауында дүниеге келген. Сүгір туған тама руының бұзау деген бұтағы - қыста Көкшенің терең жалды құмын қыстаса, көктем шыға Бетбақ даланың шөлін басып өтіп, қоңырат, найман, қыпшақ елдерімен аралас Сарысу өзенін бойлап, Жетіқоңырды жағалай отырып, Арқаның жазиралы тауларына дейін мал жайып қайтатын болған. Міне, талантты бала Сүгірдің өнерпаз болып өсуіне көшіп-қонған сауыққой ел тұрмысы игі әсерін тигізеді. Сүгір алғаш рет күйді нағашысы, атақты қобызшы Ықыластан, одан кейін Сатыбалдыдан үйренеді. Белгілі Созақ шежірешісі, қаламгер Есіркеп Өмірбеков өзінің «Шежірелі өлке» деген кітабында Сүгір күйшімен бір болып, әңгімесін тыңдағанын былайша баяндайды.
![]() - Сүгір өзінің бір әңгімесінде: «Жоғарғы Сарысу бойында өткен Бағаналы елінің атақты адамы Өтжан деген кісінің баласы Сауқынбектің бала сүндеттеткен тойында атақты бес домбырашыны көрдім. Олар Қыпшақтан шыққан Жұмабай домбырашы, қоңыраттан шыққан Есенберілі, Иса деген домбырашылар. Найман елінен шыққан Есжан, алшын Дайрабай да домбырашы еді. Бұлардың бәрі де бірінен-бірі өткен күй тәңірісі болатын. Мен батаны Сыздық төренің қасына ерген Оңлыбай деген домбырашыдан алдым» дейтін. Сүгірмен бәсекелес домбырашылар аз болмаған. Алшын Ілияс, тама Асан, қоңырат Шубай, Өксікбай, Карбоз, Бейсен, Сүгірдің қызы Саракүлдің күйеуі Жайыл, саңғыл Ақтай, Алдаберген тамылжыта домбыра тартқан нағыз шеберлер екен. Енді Сүгірдің отбасылық жағдайына келейік. Сүгір бозбала шағында Қарақұр өзенін жайлаған қоңыраттың Беген жетімдер руынан шыққан Алдаш бидің қызы Айғанымға үйленеді. Бірақ Айғаным бала үстінде дүние салып, бесіккертпе құда болған құрақ тама Шынарбайдың қызы Сауқанмен тұрмыс құрады. Одан Саракүл туады. Сауқан кенеттен қайтыс болып, оның сіңлісі Сыпатайқызы Нәзікенге үйленеді.Нәзікеннен Ұлбала мен Оңғар туады. Ұл бала болмайды. Бір жылы тамалар мен қоңыраттар Арқадағы Атбасарға базарға шығып, қыстық бидайларын әкеле жатады. Керуенге Ұлытаудың маңынан қарақшылар шабуыл жасап, бидайларын тартып әкетеді. Бұл ел арасында үлкен дау-дамайға ұласады. Ел басшылары мен азаматтары аттанған бұл дауға көппен бірге Сүгір де барады. Осы сапарда қоңыржиембет Битан және Жаңғазымен достығы құдалыққа ұласады. Сөйтіп, қызы Саракүлді әрі ақын, әрі мықты домбырашы Жайыл Битанұлына ұзатады. Ұзатылып барған жері Бақырлы ауылы еді. 1931 жылы ашаршылық пен Созақ көтерілісіне қоса елді шешек ауруы жайлайды. Осы шешектен Саракүл қайтыс болып, Жайыл соқыр болады. Қапас қараңғыда зарланған Жайыл күңірентіп жырлайды. Жайылдың «Соқырдың зары», «Сағыныш» деген дастандары да болған екен. «Бәрінен жаман екен көз көрмеген, Содан соң ажал жаман тез келмеген. Қосылды соған келіп ашаршылық, Бұл күні жанның бәрі безген менен. «Ақ қаншық» зарланады, сұңқылдайды, Жазып алған |


