Күйші Сүгірдің ұрпақтары
10.10.12.Шертпе күйлерімен исі қазаққа мәлім дарабоз күйші Сүгір Әліұлы туралы жазылып та, айтылып та келеді. Жазушы Тәкен Әлімқұлов «Телқоңыр» әңгімесін, ақын Бәтима Батырбекова «Күйші» поэмасын, жазушы Өтеш Қырғызбаев «Сүгір» романы мен «Назқоңыр» пьесасын жазды. Дегенмен зерттеушілерге ашылмаған дүние көп-ақ. Соның бірі - күйшінің үш қызы және олардан тараған ұрпақтары. Бұл жөнінде «Күйші Сүгір» дастанын жазған ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ескермес Жақсымбетұлы төмендегіше әңгімелейді: - Сүгір 1882 жылы Арқаның кең жайлауында дүниеге келген. Сүгір туған тама руының бұзау деген бұтағы - қыста Көкшенің терең жалды құмын қыстаса, көктем шыға Бетбақ даланың шөлін басып өтіп, қоңырат, найман, қыпшақ елдерімен аралас Сарысу өзенін бойлап, Жетіқоңырды жағалай отырып, Арқаның…

