Қоңыр-сары көшелерден өзімді өзім іздедім
Құралай Болатханқызы Омар 1983 жылы 2 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Жамбыл ауылында дуниеге келген. Өскемен қаласында Жамбыл атындағы гимназия-интернатында білім алған. 2004 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Оныншы халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлдегері. Құралайдың блогы Құралайдың "Халық сөзіне" берген сұхбаты Анар Мұстафинаның Құралай Омармен кездесуі «Жүрек назы». Әні: Роза Әлқожа, сөзі: Құралай Омар. Оралхан Бөкейдің «Жылымық» әңгімесінің желісі бойынша. Төменде ақынның «Ақ қар» атты жыр жинағынан бірнеше өлең. Жылап тұрған аспан емес, мен едім, Жанарыңның жасын отын сағынып. Аңсағанда тамшыларды төгемін, Көкке барып, бұлт жейдемді жамылып. Тұнжыраған аспан емес, мен едім, Жар бола алмас…