ОЙДАН ШЫҒАРЫЛҒАН ДІН ЖӘНЕ ҚҰРАНДАҒЫ ДІН (2 тарау. жалғасы).
ҚҰРАНДЫ ЖЕТКІЛІКСІЗ КӨРЕТІНДЕР
Ілгеріде, Құранға деген жетерліктей сенімдері жоқ, пәленше мазхаптың ұстанушылары, түгенше тариқаттың шәкірттері бұл пікірлерге қарсы шығатын болады. Тағыда хадисшілер хадис кітаптары білінбей, фикыхшылар фикх кітаптары оқылмай, тәфсиршілер хадис жиынтығынан құралған тәфсир кітаптары зерттелмей Ислам дініні түсіну мүмкін емес, қарапайым халық дінді түсінбейді деген сандырақтарыны жалғастыра береді. Дін бүкіл адамдар түсінсін деп жіберілген бе әлде дін үш төрт адамның қарамағында ма? Пайғамбарымыздың мазхабы болған ба? Төрт халифтың мазхабы болған ба? Құранда Ханафилік, Шафиилік, Шиалық, Уәһһабилік мазхаптары бар ма? әлде Құран жалғыз дінді уағыздай ма? Құран діннің нұсқауы деп өзіні танытама, әлде Бухари, Муслим, Муватта, ілімхалдар және Онекі имамның шығармаларына сілтеме жасайма? Міне осы маңызды сұрақтардың жауабыны Құран аяттарынан тауып, зерттеп, Құранның, діннің жалғыз қайнары болып -болмағаныны анықтайық.
وَنَزَّلْنَا عَلَيْكَ الْكِتَابَ تِبْيَانًا لِكُلِّ شَیْءٍ وَهُدًى وَرَحْمَةً وَبُشْرٰى لِلْمُسْلِمٖينَ
Сондай-ақ саған әр нәрсені ашықтайтын және Мұсылмандар үшін тура жол, игілік әм қуаныш түрінде Құранды түсірдік.
Нахл сүресі 89
Жоғарыда берілген аятта көргеніміздей, Құран әр нәрсені айқындап бізді ақиқатқа жеткізеді. Егер Құран әр нәрсені анықтаса онда Бухари, Муслим сынды кітаптардың не қажеті бар? Құранда Алланың Өзі әр нәрсені, әр мәселені ашып баяндадым деп тұрғанда неге біз әлі Ханбали, Шафии, Ханафи, Малики, Джафари, Зәйди сияқты мазхаптардан медет сұраймыз? Құранда Алла бізге Мұсылман (Ислам болған) деген есім беріп тұрғанда өзімізге Сунни, Шиа, Салафи, Суфи, Ханафи, Шафии деген сынды лақап аттар қолданып неге Алланың бізге берген қадірлі есімді жеткіліксіз көреміз?
ҮКІМ ЖАЛҒЫЗ АЛЛАҒА ҒАНА ТӘН
اِنِ الْحُكْمُ اِلَّا لِلّٰهِ اَمَرَ اَلَّا تَعْبُدُوا اِلَّا اِيَّاهُ ذٰلِكَ الدّٖينُ الْقَيِّمُ وَلٰـكِنَّ اَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ
Үкім Аллаға ғана тән. Ол, өзіне ғана құлшылық қылуларыңды бұйырған. Міне осы, тұп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі білмейді.
Юсуф сүресі 40
قُلِ اللّٰهُ اَعْلَمُ بِمَا لَبِثُوا لَهُ غَيْبُ السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ اَبْصِرْ بِهٖ وَاَسْمِعْ مَا لَهُمْ مِنْ دُونِهٖ مِنْ وَلِىٍّ وَلَا يُشْرِكُ فٖى حُكْمِهٖ اَحَدًا
وَاتْلُ مَا اُوحِىَ اِلَيْكَ مِنْ كِتَابِ رَبِّكَ لَا مُبَدِّلَ لِكَلِمَاتِهٖ وَلَنْ تَجِدَ مِنْ دُونِهٖ مُلْتَحَدًا
Ол, өз үкіміне ешкімді ортақ қылмайды” де. Раббыңның Кітабынан саған уахи етілгенді оқы. Оның сөздерін ешбір ауыстырушы жоқ. Әрі Одан өзге паналайтын орын да таба алмайсың.
Кәһф сүресі 26, 27
Үкім Алладан басқасына берілген сәтте тура жолдан адасу басталады. Түрлі мазхаптардың берген іжтихат-пәтуәлары, иджма, қияс немесе хадистерге сүйеніп берілген үкімдер Алланың үкімі болып есептелмейді. Бұл мазхаптарды дінмен теңеу- Алланың үкім беру билігіне басқаларды да серік қосу болып табылады. Алланың үкімінде ешқандай серігі жоқ. Адамдардың шығарған жеке үкімдері дін бола алмайды. Кәһф сүресінің 27. Аятында баяндалғанындай, Алланың үкіміне ұйуымыз үшін Алланың аяныны ұстануымыз керек. Алланың сөздеріні ауыстыра алатын ешқандай құдірет жоқ, алайда мазхаптар насих мансух және жалған хадистер арқылы Алланың үкімдеріні ауыстыруға тырысуда. Алланың үкімдері ол Алланың аяны Құран-дүр. Құраннан басқа Алланың сөзі саналатын ілім негізінің жоқ болғандығы бәрімізге мәлім даусыз ақиқат. Ендеше Алланың сөзі тек Құран болса Алланың үкімдеріні де тек Құранның ішінен алуымыз керек емес пе? Үкімнің жалғыз Алланың ғана болуы үшін (Юсуф сүресі 40) және Алланың өз үкіміне ешкімді ортақ етпеуі үшін (Кәһф сүресі 26) Алланың бүткіл үкімдеріні толық қамтитын Құранды діннің жалғыз қайнары етуімізге мәжбүрміз. Егерде Алланың үкімі саналмайтын, Алланың кітабы саналмайтын кітаптарды, діни үкімнің қайнары ретінде қабылдасақ (Мысалы; мазхап ілімхалы немесе хадис кітаптары) Алланың кітабы Құранға қайшы болғанымызды білгеніміз жөн. Бұл кітаптардың Бухари, Муслим, Абу Дауд сынды есімдері және мазхаптардың Ханафи, Шафии, Джафари сынды аттары, берілген үкімдердің қожасыны танытады. Яғни сол кітаптар мен мазхаптардағы үкімдердің иесі Алла емес сол үкімдерді шығарған тұлғаныкі.
وَمَنْ اَحْسَنُ قَوْلًا مِمَّنْ دَعَا اِلَى اللّٰهِ وَعَمِلَ صَالِحًا وَقَالَ اِنَّنٖى مِنَ الْمُسْلِمٖينَ
“Шын! Мен Мұсылмандарданмын.” деп, Аллаға шақыра отырып ізгі іс істеген кісіден сөз тұрғысынан жақсы кім бола алады?
Фуссыләт сүресі 33
وَتَمَّتْ كَلِمَتُ رَبِّكَ صِدْقًا وَعَدْلًا لَا مُبَدِّلَ لِكَلِمَاتِهٖ وَهُوَ السَّمٖيعُ الْعَلٖيمُ
Раббыңның сөзі (Құран) шындық әрі туралықпен тамамдалған. Оның, сөздерін өзгертуші жоқ. Ол, толық естуші, аса білуші.
Әнғам сүресі 115
Алланың діні, Құранның түсуінің тамамдалуымен, Пайғамбарымыздың тірі кезінде кәміл толықталды. Құран жазылып жатталды және басы мен аяғы белгілі қайнар ретінде нұсқауымыз болды. Ал Пайғамбарымыздың тірі кезінде жазуға тыйым салынған хадистер болса Пайғамбарымыз қайтқаннан жүз-екіжүз жылдан кейін шығып бастады. Құранның аяты бойынша Алланың сөздері өзгертілмеген әрі толық болуына қарамастан надан адамдар Алланың сөзіне разы болмай басқа сөздер іздеп бастаған. Бұндай адамдардың ойынша дін Имам Шафииның іжтихиттары, Он екі Имамның пәтуәлары немесе Абу Ханифаның түсініктерімен тамамдалған. Яғни бұндай саналар бойынша имамдар, ғұламалар келместен бұрын дін кәміл болмай кемшілікті болған екен! Бұнымен қоймай дәстүрлі Исламның қорғаушылары насих-мансух және хадис деген сиқырлы таяқшаларымен Құранның түсінігіні бұзып, орнына өздерінің түсініктері мен хадистерді орнатқан. Осылайша адамдардың көпшілігі Алланың үкіміне серіктер қосып ширкке кірген.
www.nurmura.kz
