Мазмұнға өту

Жаңа

Ресейдің отарлау саясаты: Хандықты жойып, сұлтандықты енгізді

АСТАНА. 28 қараша. BAQ.KZ - Ресейлік патша үкіметі қазақ даласын жедел отарлау үшін өткен 18 ғасырдың өзінде-ақ бір қатар шаралар қабылдапты. Мысалы, 1747 жылы 21 шілде күнгі Үкімет сенатының №164-ші құпия қаулысында: «қырғыз( қазақ) халқына қару-жарақ, оқ-дәрі, кремний, қорғасын сатпау керектігі жөнінде» айтылса, 1747 жылы 31 желтоқсанда: «Қазақтарды қорқытып ұстау мақсатында Оренбург губернаторы қазақтың бір немесе екі ауылын шауып тірі жан қалдырмай қырып тастау керек (әйелдер, қарттар,балаларды да)» делінген. 1747 жылы 10 сәуірде қол қойған Шетел ісі жөніндегі коллегияның №220-ші «Қырғыздар (қазақтар) тарапынан туатын қарсылыққа орай жоспар жасау» туралы құпия жарлығында: «Қырғыздармен күресті өзіміздің әскерге емес, көрші тұратын қалмақ, башқұрт, казак және Сібір губерниясының тұрғын…

0
0
8265

Армения – қыпшақтардың ізі қалған жер

АСТАНА. 28 қараша. BAQ.KZ - Армян-қазақтардың өткеніне көз жіберсек, ортағасырдан бергі тарихты қайта қопаруға тура келеді. Әлемді басып-жаншуды көздеген билеушілердің шабуылына қыпшақтар мен армяндар тізе қосып, жауға қарсы тойтарыс беру үшін құрған әскери жасағына бір тоқталамыз. XII-XIII ғасырда қазіргі Армения жеріне қыпшақтардың бір бөлігі барған. XII ғасырдың басында қыпшақтар Дешті-қыпшақ даласында моңғол шапқыншылығына қарсы шайқасқан. Моңғолдардың шабуылына қарсы тойтарыс беру үшін 40 мыңға жуық қыпшақ Қап тауының күнгейіне дейін шегініп, Солтүстік Иран жеріне жақын аймақты мекендеген. Грузин, армян жасақтарымен қосылып, Шыңғыс хан әскеріне қарсы тұруды көздеді. Бірақ, моңғолдар дегеніне жетіп, қыпшақтар грузиндер мен армяндармен бірлесіп, салық төлеуге мәжбүр болды. Соғыстың сал…

0
0
1554

Тәжiкстандағы қазақ диаспорасының 70 пайызы әйелдерден құралған

АСТАНА. 28 қараша. BAQ.KZ – Тәжiкстан Республикасында 100-ге жуық ұлт өкiлдерi тұрады. Ең азы – қазақ. Қазiр Тәжiкстанда 936 қазақ қалған. Олар Душанбеде –185, Соғды облысында 350 қазақ (37,39%), Хатлон облысында 311 (33,55%), республикалық дәрежедегi 9 ауданда – 87 (9,30%), ал Таулы Бадақшан облысында 3 қазақ өмiр кешуде. Қазақстан тәуелсiздiгiн алған соң көбiсi атажұртқа оралды. Олардың азаюына мұндағы азаматтық соғыс та әсерiн тигiздi. Осы елдегі қандастарымыздың жай-күйіне Дүниежүзi қазақтары қауымдастығының ұйымдастыру бөлiмiнiң меңгерушiсi Ботагөз Уатқанның берген мәліметіне негізделе отырып тоқталатын боламыз. Тәжiкстандағы қазақ диаспорасының басқа елдердегiден ерекшелiгi сол, негiзiнен 70 пайызы әйелдерден құралған. Дiнi бiр мұсылман әрi бауыр болғандықтан қазақ қыздары осындағы…

0
0
878

Қытайдан келген қандасымыз Президентке ән арнады (АУДИО)

АСТАНА. 28 қараша. BAQ.KZ - Қытайдан келген әнші қандасымыз, бар қазақтың мақтанышына айналған «Қаражорға» биін алғаш насихаттаушылардың бірі – Қажымұрат Шешенқұлұлының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап, жаңа ән жазғанын BAQ.KZ-те хабарлаған едік. Жаңа әнді сахнаға 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні шығаруды жоспарлаған әнші «baq.kz» порталының оқырмандарын күттіріп қоюды жөн көрмепті. Міне сиясы кеппеген ән қолымызда. Сөзі белгілі ақын Қайрат Құл-Мұхамметұлынікі. «Бақытқа елді бастаған»Бостандық бабалардың арманы едің,Тілегім одан басқа бар ма менің. Бастаған қазағымның саңлақ елін,Өзіңсің мақтанышым, ардагерім. Айбыны асқақ мұнарам, Телегей ойлы ғұламам. Бақытқа елді бастаған,Нұрағам, менің Нұрағам! Алтын күн Отаныма төкті нұрын,Ғасырға тең бақытпен өтті жылым. Күллі әлем мойындаған т…

0
0
805

Иранда қазақ тілінде оқытатын мектеп жоқ

Ел тәуелсіздігінің арқасында тарыдай шашылған қазақтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдай бастадық. Дегенмен қазақтар жиі қоныстанған Қытай, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия елдерінен өзге мемлекеттердегі қандастарымыз турасында мәлімет өте аз. Иран қазақтары туралы аз-кем ақпарат алу үшін М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Юсуф Пилтанды әңгімеге тарттық. — Иран қазақтары 1929-33 жылдар аралығында Маңғыстау мен Атыраудан Түркменстан жері арқылы Иранға қоныс тепкен. Мыңдаған адамдар жолда ауырып,сырқаттан қаза тауып, көмусіз қалған болатын. Елден көшкен қазақтардың бірсыпырасы Иранда безгек және тағы басқа ауруларға шалдығып көз жұмған. Жат ортаға бірден бейімделіп өмір сүру қазақтарға оңайға түскен жоқ. Бүгінгі таңда олар Гүлістан облысындағы, Горган, Бендер-Түркмен, Күм…

0
0
701

Қазақстанда «Кел, үйленейік» секілді «Ал, ажырасайық» деген бағдарлама шықпақ

Астана. 14 қаңтар. BAQ.KZ. Қазақстанда «Кел, үйленейік» (Давай поженимся!) телебағдарламасы секілді «Ал, ажырасайық» (Давай расстанемся) деген бағдарлама шықпақ. Бірақ, бұл интернет жоба. Жоба авторлары – психолог Юлия Соколова мен журналист Влад Длиннов. Мұнда некелескен жандарды неке сарайына қайта жібереді. Әрине, ажырастыру үшін. Олардың айтуынша, мұнда келген ерлі-зайыптылар бар сырын жайып салып, жылап алады екен. Ал, түсірілімнен кейін екінші мұндай қателік жасамауға бел байлайды екен. «Қазіргі қоғамда адамдарда екі түрлі қиындық бар. Бірі – жалғыздық болса, бірі – сәтсіз неке. «Кел, үйленейік» жалғыз бастыларға жұп тауып берсе, біз бірін-бірі сүймейтін, жараспаған жұптарға арнап «Ал, ажырасайық» деген бағдарлама аштық. Олар некеде жолы болмаған жандар. Біз Влад екеуміз осы бағдарл…

0
0
451

Иран қазақтарының той салты

АСТАНА. 24 қараша. BAQ.KZ – Иран қазақтары жеті атаға дейін бір атаның баласындай үлкен шаңырақтың мүшелері болып өмір сүреді. «Шетелдегі қазақтар, оның ішінде Иран қазақтары ұлтымыздың байырғы дәстүріне ерекше мән беретінін біз көріп өстік»,- деп жазады шығыстанушы ғалым Ислам Жеменей өз мақаласында. Иран қазақтарының той салты жайлы ғалымның мақаласын назарларыңызға ұсынамыз. Жасы балиғатқа жеткен жасөспірім жігіт қалыңдығын көшеде танысып, қосылмайды. Ата-аналары арнайы рұқсат беріп, құда түсіп екі жасқа батасын бергеннен кейін ғана қосылып, некелері қиылған күні ғана жақындасуға мүмкіндік алған.Қазақ жылқы мінездес дегенді жиі айтады. Бұл сөз тегін айтылмаған сияқты. Жылқы да өз үйіріне өзге үйірдің жылқыларын қоспайды. Қосыла қалған жағдайда ол үйірден бөлініп кетуі неғайбыл. Осы ора…

0
0
1350

Алтайдан келген – ақ боз үй

АСТАНА. 22 қараша. BAQ.KZ - Астана қаласының 10 жылдық мерекесі кезінде «Атамекен» - Қазақстан картасы этно-мемориалды кешенінің сыртқы ауласында ақ шаңқан матаға алқызыл өрнек бастырған, ақ боз үй тігулі тұрды. Керегесі торлы желкөз, қарын қақтай жонып иген сегіз қанат, тоқсан бас. Ал іші әлем-жалам. Мінсіз шебердің қолынан шыққан киіз сырмақтар мен патсайы қара пұлға бастырып тіккен оюлы маяаузалар төрден есікке дейін көсілте төселген. Оң жақта ұршықты төсек. Басы-аяғы ұрыбілеу, ұршық мойын, қысқа қайың шарбақпен шабақталған. Тақтай бетінде қыналы бояудың сәнді өрнегі. Бұл төсекті сонау Өр Алтайдың күңгей бетіндегі Буыршын ауылында тұратын Әбділ деген шебер жасапты. Тоқсан бас, сегіз қанат боз үйдің желбауының өзі бір қарыс жалпақ. Кереге басын көмкерген басқұр уықтың иінінен асып тұр,…

0
0
2551

Фарида Мерхамитқызы, «Ерке-Нұр» компаниясының президенті: «Ерке-Нұрдың» киімдері хан мен қарашаға ортақ

Ел тәуелсіздігімен қатар өркен жайып келе жатқан кәсіпорындар баршылық. Солардың бірі – Қытай елінен Атамекеніне оралып, отандық кәсіпкерліктің жандануына айрықша үлес қосып жүрген Фарида Мерхамитқызы басқаратын «Ерке-Нұр» компаниясы. Аталмыш компания өнімдер тек Қазақстан көлемінде ғана емес әлем елдеріне етене таныс десек артық айтқандық болмас. Өйткені Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтан бастап, шетел Президенттерінің біразының иығына «Ерке-Нұрдың» шапаны жабылған. – Еліміз егемендігімен бірге өсіп-өркендеген кәсіпкерсіз. тәуелсіздік шежіресіне қандай қолтаңба қалдырдыңыз? – Еліміз алғаш тәуелсіздік алған жылдары Қытай елін артқа тастап, ат басын атамекенге бұрдық. Өрімдей жас кезімізде келіп едік, одан бері де, міне, 21 жылды еңсеріп, жасымыз қырықтың қырқасына шықты. Өз басым 1997 жылда…

0
0
2032

Елбасыны тебіренткен өнерпаз

АСТАНА. 24 қараша. BAQ.KZ - 1993 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ресми сапармен Моңғолияға барды. Ресми кездесулерден кейін Нұрекең осы елдегі қазақтармен кездесті. Қазақтар ақбоз үйін тігіп, ақсарбасын сойып, көздері мөлдіреп күтіп тұрады. Елбасы келеді. Осы сәтте жас әнші Меруеш Башай домбырамен толғау айтып қарсы алады. Уа, дариға-ай, дариға-ай,Жүректі от қариды-айСұлтанбысыз Нұрмысыз, Аман-есен жүрмісіз... – сыңсытқанда, толғауды тыңдап тұрған Нұрсұлтан Әбішұлының көңілі босап, көзіне жас алды. Бұл оқиға жайлы журналист Қайнар Олжай «Президент пырағы» атты еңбегінде арнайы жазды. Меруеш Моңғолиядағы өнер университетін драма театр режиссері мамандығы бойынша бітірген. Оның алдында педагогикалық колледжде дәріс алған. 1990-2007 жылдары Бай-өлке аймағындағы қазақ музыка драма…

0
0
826