Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қытайдан келген қандасымыз Президентке ән арнады (АУДИО)

АСТАНА. 28 қараша. BAQ.KZ - Қытайдан келген әнші қандасымыз, бар қазақтың мақтанышына айналған «Қаражорға» биін алғаш насихаттаушылардың бірі – Қажымұрат Шешенқұлұлының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап, жаңа ән жазғанын BAQ.KZ-те хабарлаған едік.

Жаңа әнді сахнаға 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні шығаруды жоспарлаған әнші «baq.kz» порталының оқырмандарын күттіріп қоюды жөн көрмепті. Міне сиясы кеппеген ән қолымызда. Сөзі белгілі ақын Қайрат Құл-Мұхамметұлынікі.


«Бақытқа елді бастаған»
Бостандық бабалардың арманы едің,
Тілегім одан басқа бар ма менің. 
Бастаған қазағымның саңлақ елін,
Өзіңсің мақтанышым, ардагерім.

 

Айбыны асқақ мұнарам, 
Телегей ойлы ғұламам. 
Бақытқа елді бастаған,
Нұрағам, менің Нұрағам!

 

Алтын күн Отаныма төкті нұрын,
Ғасырға тең бақытпен өтті жылым. 
Күллі әлем мойындаған тектілігін,
Қазағым арманына жетті бүгін.

 

Келеді шаттығы мол шақтар әлі,
Бірлігі бекем елге бақ қонады.
Есімің ұран болып жатталады,
Бар қазақ өзіңізбен мақтанады...

 

Дайындаған Біләл Қуаныш

Әнді мына жерден тыңдай аласыздар http://www.baq.kz/diaspora/361

 
0
0
792

Осы тақырып бойынша