Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Иран қазақтарының той салты

АСТАНА. 24 қараша. BAQ.KZ – Иран қазақтары жеті атаға дейін бір атаның баласындай үлкен шаңырақтың мүшелері болып өмір сүреді. «Шетелдегі қазақтар, оның ішінде Иран қазақтары ұлтымыздың байырғы дәстүріне ерекше мән беретінін біз көріп өстік»,- деп жазады шығыстанушы ғалым Ислам Жеменей өз мақаласында. Иран қазақтарының той салты жайлы ғалымның мақаласын назарларыңызға ұсынамыз.

 

Жасы балиғатқа жеткен жасөспірім жігіт қалыңдығын көшеде танысып, қосылмайды. Ата-аналары арнайы рұқсат беріп, құда түсіп екі жасқа батасын бергеннен кейін ғана қосылып, некелері қиылған күні ғана жақындасуға мүмкіндік алған.
Қазақ жылқы мінездес дегенді жиі айтады. Бұл сөз тегін айтылмаған сияқты. Жылқы да өз үйіріне өзге үйірдің жылқыларын қоспайды. Қосыла қалған жағдайда ол үйірден бөлініп кетуі неғайбыл. Осы орайдан келгенде қазақтарда ежелден ата-атаға бөлініп өздерінің ұлттық қасиетті қағидаларын сақтап келеді. Рулық топ жеті атаға толған кезде арнайы ру ақсақалдары екі рудың жастарын боз биенің сүтіне шомылдырып, қол жайып бата беріп олардың қосылуларына рұқсат берген. Содан барып қазақ ұлтында жаңа ру қосылып отырады.
Әсіресе қазақтар арасында үйлену кезде олардың рулық қатынастарының маңызы зор болғандықтан әр қазақ өзінің аталық шежіресін жақсы білуге тиіс. Сондықтан қазақтар аталық шежіресін есте сақтауды мықтап меңгеріп, өзіндік салт-дәстүрін қатаң ұстанған.
Иран қазақтары өздерін Әнес Сахаба (Әнес ибн Малик, Әбу Хамза, пайғамбардың сахабасы. Ол Хәзәржи Бәни Нәжжар тайпасынан шыққан «Әнсар» (Пайғамбардың жанында жүрген достарының қатарында болған). Пайғамбар Мекке қаласынан Мәдине шаһарына көшкенде Әнестің анасы, басқа бір рауаятқа қарағанда өгей әкесі Әбу Тәлһе оны пайғамбардың хұзырына алып келіп, қабылдауын өтінді. Содан бастап Әнес Пайғамбардың соңғы деміне дейін оның жанында болды. Пайғамбардың қасында ирандықтармен болған Шуштер шайқасында Иран әскерінің қолбасшысы Һормозанды тізе бүктірткен сардар. Әнес үлкен отбасынан шыққан аса бай жан болған. Көп балалы отбасыдан шыққан Әнес мол байлығын, ұзақ ғұмырын, үлкен шаңырақ болуы себебін Алла тағалаға жасаған дұғаларына байланыстырады. Өйткені Пайғамбар оған Алла тағалаға мінәжат етуін бұйырған екен. Оның перзенттерінің қатарынан фиқһ ғалымы, көркем сөздің майталман шешендері шығып, биік дәрежелерге қол жеткізген атақты тұлғалар болды. Әнес жасы жүзден асқан шақта 712 жылы дүние салған. Иран қазақтарының қариялары Әнес баба ұрпағынанбыз деп біледі.

Гүмбез-Қауыс қаласы, Шәйбойы ауылында тұратын қазақтар өзедерін «Елтай» ұрпағынан санайды. Олар Елтайды шамамен 850 (1446) жылы өмір сүргенін айтады. Оның төртінші атасы Елу батыр Харезм мен Хожәнд шаһарларында диқаншылықпен айналысқан ауқаты мол, бай кісі екен . Елу батыр үлкен тайпаның басшысы ретінде өз қарамағында көптеген қызметшілері мен төрт түлік малы және басқа да мүліктері болған. Сол себепті ауа райының ерекшелігіне қарай жаз жайлауға қыс қыстауға көшіп-қонып жүре беретін. Олардың арасында өзге ұлт өкілдері мен оның ішінде қазақ еместерге үйленіп, тұрмыс құруға қатаң тыйым салынған. Дегенмен адай руларының әйгілі аталарының бірі Қосай ата өмірінің бір шейленісті жағдайына қатысты өзінің отбасы мүшелері, бауырлары мен ағайындарын алып қашуға мәжбүр болады. Қашып жүрген қатаң қыста мұз қатқан дарияның (теңіз) үстінен өтуге тура келеді. Қосай арғымағымен алға түсіп, арттағы жолдастарынан бұрынырақ дариядан өтіп оларды арғы жағалауда күтеді. Олардан хабар болмағаннан кейін, сезіктеніп артқа оралады. Қайта келген Қосай өзінің отбасы мүшелерін көре алмады. Жазым болып, дарияның мұзы жарылып барлығы су астына кеткен екен. Оларды құтқаратын қолынан шара келмей, қайғылы жағдайға тап келіп, өзінің әзиз жандарымен мәңгілікке қоштасуға тура келеді. Қосай сол оқиғадан біраз уақыт өткен соң бір түркімен қызымен үйленеді. Одан туған баланың атын Түркімен Адай қойған. Қазіргі кезде Иран қазақтарының бірнеше руы Түркімен Адай ұрпақтары. Бұл оқиғаның өзі Адай аталарымыз ұрпақтың жалғасуына қажет болған жағдайда өзге де ұлт-ұлыстармен некелесуді жөн көргенін байқатады.

Қорыта айтқанда, қазақтар арасында үйлену заңы бойынша өз ағайын-туыстарымен үйленуге тыйым салынған (Endogamy). Сондықтан ешқашан ағайындардың ұл-қыздары бір-бірімен үйленуі түгіл мүлдем жыныстық қарым-қатынаста да болмайды. Ағайынды ұл-қыз бір-бірін бейне бір әке-шешенің перзенттеріндей көреді. Яғни қазақтар өзге ру-тайпалардың ұл-қыздарымен үйленуге құқығы бар (Exogamy).

 
0
0
1342

Осы тақырып бойынша

Иран қазақтарының той салты - Yvision.kz