Мазмұнға өту

Жаңа

Мен сені іздегем...

Мен сені іздегем түндерден,

Түсімде мазалап келер деп.

Мен сені іздегем күндерден,

Жаныма мейір, нұр себер деп.

Мен сені іздегем таңдардан,

Самал боп, бетімнен өбер деп.

Мен сені іздегем маңдардан,

Шық - сезім, жауын - жыр төгер деп.


Мен сені іздегем қаладан,

Бір уақыт кезігіп қалар деп.

Мен сені іздегем жағадан,

Басқа емес, мені еске алар деп.

Мен сені іздегем көктемнен,

Есігін жүректің қағар деп.

Мен сені іздегем өткеннен,

Үміттің отын кеп, жағар деп.

Іздеп ем бүгін мен ертеңнен

...Жүзігін тағар деп...

Келер деп, табар деп,

Бақытқа, бағына балар деп...

Әттең!

3
0
479

Глэм-рок бағытындағы жас әнші Тоғжан

Әр бүлдіршін кішкентай кезінен «өскенде бәленше боламын» деп армандайды. Бірақ есейе келе, күнделікті тіршілік қамымен бе, әлде пессимист қоғамның әсерінен бе, кешегі бала арманы ұмытыла береді. Осылайша кейбір ересектердің көздерінен кім үшін өмір сүрдім, арманым неге орындалмады деген риторикалық сұрақтар оқылып тұратындай. Алайда өз арманын сатпаған, қандай қиындық болмасын, ең бастысы, жан-дүниесін тыңдай білген бақытты адамдар да өмірде аз емес. Сол қатарға жататын арулардың бірі, жұмысына кәсіби түрде келетін, әр қимылынан индивидуалдылығы көрінетін, өзінің қуатты тембрымен тыңдарманға позитив сыйлайтын Тоғжан Ерсімбекпен болған әңгімемізді қабыл алыңыздар. Глэм-рок — (ағылш. glamorous — «эффектілі») — 70-ж.ж. басында Англияда пайда болған рок-музыканың бір бағыты. Глэм-рок жанрында…

7
5
2307

Моңғолиялық қандасымыз сумодан әлем чемпионы атанды

АСТАНА. 15 қараша. BAQ.KZ – Ганконг елінде өткен Сумо күресінің әлемдік чемпионатында қандасымыз Серік Бердімұратұлы Әлем чемпионы атанды,- деп хабарлайды kaznews.mn ақпараттық порталы.

Жақында Ганконгте 37 ел спортшыларының қатысуымен Жапондардың ұлттық күресі Сумодан өткен әлем чемпионатында Моңғол елінің атынан қатысқан 18 жастағы қандасымыз Серік Бердімұратұлы 100 келі салмақта әлемнің түкпір-түкпірінен келген сумошылармен белдесіп, қазақ палуанының қайсар күш иесі екенін тағы бір рет дәлелдеді. 
Серік жақында ғана тамыры терең моңғолдың ұлттық күресінен жасөспірімдер арасында мемлекеттік чемпион атағын алған болатын. Самбо күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері Серік осылай күрестің әр түрлерінде сәтті күресіп, жақсы қырынан танылып келеді.

0
0
580

Моңғолияның Ұлттық порталы «Жыл адамын» жариялады

АСТАНА. 27 желтоқсан. BAQ.KZ - Моңғолияның KAZNEWS.MN Ұлттық порталы әр жылдың соңында жылдың үздік оқиғаларын атап, іскерлік карьераның шыңына көтерілген азаматтарды анықтауды үрдіске айналдырған болатын. Аталмыш портал биылғы жылдың «Жыл адамын» Экономика ғылымдарының докторы, Моңғолия Мемлекеттік Ұлы Хуралының мүшесі Бакей Ағыпарұлы деп таныды. Бұл жайлы Kaznews.mn хабарлады. Ел басқару тізгіні екінің біріне берілмейді. Білімі мен тәжірибесі толысқан жаңашыл азаматқа ғана аманат артылады. Бакей Ағыпарұлы экономика, саяси, әлеуметтік мәселелерде жиі үн қатып, қолға алған бастамасын соңына дейін жеткізіп, беделді саясаткер, білімді азамат екенін дәлелдеп жүрген азамат. Ол Мңғолияның батыс өңірі, аз ғана қазақ шоғырланған Баян-Өлгей аймағының асқақ бейнесін асқақтатуға, аймақтың әлеуметті…

0
0
433

Қазақ жерінде неміс автономиясы қалай құрылмай қалды?

Астана. 12 қаңтар. Baq.kz-Егер 1979 жылы немістер Қазақстаннан автономия алса, онан соңғы кезек ұйғыр мен кәрістікі еді. Олар да бұл мәселені күн тәртібіне шығаруға әзір болатын. Сөйтіп, Қазақ елі бір басында бәленбай автономиясы бар, соның салдарынан қанды қырғынның ошағына айналып кетуі де ғажап емес қой.(Суретте: Амантай Кәкен, Жылқыбай Жағыпарұлы) Қазақтың азаттық жолындағы күрес тарихының ақтаңдақ тұстарының бірі – 1979 жылы Целиноград облысының орталығында болған «Ақмола көтерілісі» болатын. Бұл, сөзсіз, «түкірігі жерге түспей тұрған» тоталитарлық империяның саяси шешіміне қарсы шыққан халықтық ірі қозғалыстардың бірі.Қазақстанда неміс автономиясын құратындай олардың қазаққа не қатысы бар деген сұраққа жауап беру үшін тарихқа сәл шегініс жасайық. Ресей империясының аумағына немістер…

0
0
9412

Абыралы көтерілісі

Астана. 12 қаңтар. Baq.kz-Тарихта «Абыралы көтерілісі» деген атаумен қалған оқиғаны былайғы жұрт кейде Қамбарлар көтерілісі деп те атай береді. Өйткені, ол өлке халқының 90 пайызын Арғын-Қаракесек ішіндегі Қамбар рулары құрап тұрған. Көтерілістің басты күші болған да осы атаның балалары. (Суретте:Абыралы тауы) 1931 жылы ақпанда басталған Абыралы көтерілісі бұрынғы Семей облысы, Абралы ауданында болған. Көрші жатқан Шыңғыстау, Шұбартау, Қарқаралы, Қу аудандарындағы өздеріне ниеттес азаматтармен байланысқа шығып, оларды көтеріп, күресті бірге өрбітуге талпынған. Көтеріліс алғашқыда Ұзынбұлақ, Тайлан, Ақбұлақ, Бөрілі, Мыржық, Дегелең аудандарында басталып, кейін іркес-тіркес барлық ауыл қостаған. Жалпы, 3500-ге тарта адам атқа қонып, қарулы қақтығыстарға қатысты. Жазалаушы отрядтар мен болға…

0
0
3314

Қазіргі қазақ киносы жайында...

Қазіргі қазақ киносының бет алысы бір арнаға түсе бастағандай.Соңғы 3-4 жылда бірінен соң бірі шыққан киноларымыз қазақ тілді көрерменнің көзайымына айналып,жақсы-жаман бағаларын да алып үлгерді.Сең боп қатып қалған қазақ киносын аз да болса қалыпқа келтірдік-ау,бірақ сапа,мән-мағына жағынан әлі де кем-кетік тұстарымыз табылуда.Әрине,мойындау керек,бұл 3-4 жылымыз қазақ тілді көрерменнің қатарын едәуір көбейтті.Шетел көрерменіне арналған кейбір төл туындыларымыз жүлделі боп жатса,кейбірі үмітті ақтамай жатты.Шетел демекші,көптеген режисерлер осы күні фильмдерінің тұсауын өз елімізде емес,шетелде кесуге тым әуес.Егер ұлттығымызды көрсететін фильм болса бір сәрі,кей фильмдерімізді қарап отырып,нағыз қазақ осындай ма еді деп күмәндәніп қалатынымыз тағы бар. Жақсыны жақсы дей отырайық! Мың ба…

0
0
12204

Медеу, коньки, сырғанақ.

Медеу, коньки, сырғанақ. Төгілген әуен, шабытты ырғақ. Аяққа тағып мұзатты, Мінгендей тұлпар, кетесің зырлап. Медеу, әрине тамаша, теңдесі жоқ мұзда сырғанау айдыны. Тек, әттең дегізетін, бірнеше ыңғайсыздық болмаса. Біріншісі, коньки деген мұзда сырғанау құралының қазақша аудармасының қайта-қайта дұрыс баламасын таба алмай аударыла салынып келуі. 2007-2008 жылдары Медеу мұз айдының әкімшілігі "шаңғы" деп аударып, жарнамалық бағандар мен басқа да жазуға боларлық тақтайшаларға жаза салған еді, биылғы жылы "сырғанақ" деп аударыпты да: сырғанақсыз мұзға шығуға болмайды,- деп баттитып жазып тастапты, ескерту бағандарына. Тым болмаса " коньки" дегенді "мұзат", "мұзтақ" - мұз тақтайшалары, деп те көрмепті. Сырғанақтың басқа таудан сырғанау, жазық даламен шаңғымен сырғанау деген түрлері болатынд…

0
0
1703

Бәйтерек — Сен (аккорды)

http://kazchords.kz/?p=283 1-куплет: 5(4)-3-2-1 қайырмасы және басқа куплеттеі: алтылық F#m Мұңттындырып жанары E____________________D Жылдарым жылжып барады ________________A__E Жүрегім мәнгі жаралы-ы-ы. F#m Өтер көктем, өтер күз E Қалайша жаным екеуміз D_______________E Табыса алмай кетерміз? қайырмасы: ________A___________E Арманымнан уайым кештің ________Hm______________F#m Мендей саған тілемес бақыт ешкім ___D_____________________E Аяулым, сүйе алмас мендей ешкім. Am________Dm___________G Сен нәзік жүрегінді өзі жылатқан __________C_______________F Мен жан жүрегімді әнмен жұбатам F________E Жаным сәулем. Am_______Dm____________G Сен нәзік жүрегіңді өзін жылатпа _________C_________________F Шың ғашықтар қосылмайды бірақ та F______E Арман әні. F#m Жүрегімнің аңсары E___________________…

0
0
7419

Айғана баба

Айғана Жантоқұлы XVII ғасырда Жәңгір хан ставкасында қызмет еткен старшын, атақты әулие, батыр болған. Қазіргі кезде бейіті Атырау облысы, Исатай ауданы, Сазанқұрақ кен орнының маңында. Ол жерде мәрмәрдан ескерткіш белгі, әулие белгісі ақ жалау, түнек үйі бар. Жылына әлденеше рет ағайын-тума ата басына ас беріледі. Ол жөнінде қосымша деректер болса хабарласуды өтінеміз.

0
0
1097