Жаңа
Баламен қайда барамын, немесе оқушыларға Сарай салып берген Школьник
Жұма сайын үйімізде пікір талас басталады. Демалыс күндері қайда барамыз? Керуен, Азияпарк, Ханшатыр және тағы басқа ойын-сауық орталықтарына демалыс сайын барып қомақты сома қалдыру қиындау болып барады. Оған қоса "біреудің пәтері" деген атракционға ай сайын төлеп жатқан жайымыз бар. Сондықтан балаға қызықты, сонымен қатар пайдалы демалыс ұйымдастыруды ойластырып жүрдім. Кеше Астанадағы Оқушылар сарайына жолым түсті. Қатты таң қалдым. Бұл ғимараттың жанында өткен сайын таң қалатынмын. Керемет жобаға сүйеніп салынғаны сыртынан-ақ көрініп тұрды. Өткен демалыс күндері Сарайдың ішіне де кірдім. Ендеше іште жүріп алған әсеріммен бөліскім келеді. Ғимараттың ішіне кірген кез келген адам мына бір конструкцияға назар аударады. Ол үнемі айналып тұрады, ал конструкцияның астында Сарайдың ресми симв…
«Айқап» журналында әйел теңсіздігі мәселесі
ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНЫҢ АТАЛАРЫНА Қымбатты аталарымыз! Біз-дағы сіздердің ер балаларыңыз секілді балаларыңызбыз. Ер балаларыңыз қанша жақсы, білімді, үлгілі болса, соншама сіздерге абыйыр емес пе?! Сол сияқты біздер де білімді, үлгілі болып, надан болмай, тәрбиелі болсақ, сіздерге абыйырлы болмас па едік? Шариғат бұйрығынша ер бала мен қыз бала тең болуға тиісті. Ер баланы артық көріп тәрбие қылсын да, қыз баланы кем көріп тәрбие қылмасын деген шариғат бар ма? Қыз баланы кемге тұтыну жаһиттік белгісі емес пе? Осы белгілі-сын аталарға нық орнап қалған секілденеді. Неге десеңдер, сіз қыздарыңызды тәрбиелеуде кем тұтынасыз. Кем тұтынғандығыңыз ер балаларыңызды оқытасыз да, қыз балаларыңызды оқытпайсыз. Қыздарымыз оқыса бұзылады дейсіз де біздерді оқудан махұрым қалдырасыз. Бұрынғы ғаялдардың бұзылғ…
«Рейчел тұрмысқа шығады». Драма (АҚШ, 2008 ж.)
«Қызғаныш». Комедия (АҚШ, 2004 ж.)
Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығына» — 10 жыл!
фото: Емельянов, Литвина, Руденконың бапкер Н. Загриценко Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 99 қаулысымен құрылды. Орталықты әр жылдары басқарғандар: Болат Үкібайұлы Әбдірахманов (2003-2006 ж.ж.) Ербол Нұраханұлы Қырғызбаев (2006-2007 ж.ж.) Бостан Оңдашұлы Жаңбырбаев (2007 ж.) Қанат Сыздықұлы Төлеков (2007-2012 ж.ж.) Қанат Ізбасарұлы Жұрқаев (2012 - қазіргі уақытта) Әр жылдары Қазақстанның ең үздік жаттықтырушылары бізбен бірге жұмыс істеді: Олар: Еркін күрестен С. Жақсыбеков, Я. Абылғазин, Н. Рахманқұлов; Бокстан Г.Кенжебаев, С.Костоев, Е.Оспанов, Б. Масабаев; Дзюдодан Б. Жаналин, С.Жылқыбаев, С.Шә…
Қытайдан жұмбақ нысандар табылды
Астана. 14 қаңтар. BAQ.KZ – Қытай аумағынан құпия нысандар табылды. Оларды ЦРУ-дың бұрынғы қызметкері ғаламтордағы Google Earth бағдарламасының көмегі арқылы байқап қалған. Алайда, бұл жайт АҚШ жүргізіп жатқан ғарыш жоспарына кедергісін келтіруі мүмкін деп американдық билік өкілдері дабыл қағуда. Аллен Томпсон Google Earth бағдарламыс арқылы әлемді біраздан бері зерттеп келеді. Ол жуырда үйінде шықпай-ақ Ирандағы құпия ракета орталығын, Гоби шөлінде бірнеше жұмбақ нысандардың бар екендігін анықтаған. Ал, қазір оның назары Қытайдың Қашғар қаласының маңындағы шөлге түсіп отыр.Құпия нысандар деп отырғанымыз бірнеше бөліктен тұратын ғимарат тектес нысандар. Кейбіреуінің ұзындығы жүз метрден асады және бірі таға пішіндес. Мұны естіген АҚШ билігі қазір үрейленіп отыр. Себебі, Қытай антиспутникт…
Мұқанов Моңғолияда
АСТАНА. 17 қараша. BAQ.KZ – Қазақ әдебиеті алыптарының бірі – академик-жазушы Сәбит Мұқанов 1966 жылдың жазында ресми сапармен Моңғолия қазақтары қоныстанған Бай-өлке аймағына барған. Бұл кездесу ондағы қазақтар үшін көктен Ғайса түскендей әсер қалдырған көрінеді. Сәбеңді көріп, қолын алған, қасына отырып әңгімесін тыңдаған адамдар әлі күнге: «Баяғыда Мұқанов келген жылы...» деп, ұзын сонар хикаясын бастайды-ау. Расында, осы жылдары бай-өлкелік қазақтар арасына Сәбеңнің «Ботакөз» романы кең тарап, сауаты бар қазақ баласы оқып шыққан, сауаты жоқтар оқытып тыңдаған, «Сұлушаш» поэмасын екінің бірі жатқа айтатын, нағыз бір рухани таза жұтынып тұрған заман еді.Бүтін халық аяғынан тік тұрып далада қарсы алады. Сәбең бай-өлкелік бауырлары арасында арқа-жарқа екі-үш күн қоныпты. Кеңес елінен келг…
Моңғолияның президентін тауға ертіп шыққан қазақ
АСТАНА. 12 қараша. BAQ.KZ – Жанарбек Ақыбиұл– альпинист, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Баян-Өлгей аймағының жыл адамы және ең таңдаулы спортшысы болған. Кезінде мемлекеттік Еңбек құрметі медалімен марапатталған, Спорт және білім министрліктерінің әртүрлі сыйлықтарының иегері. Моңғол елінде биік-биік шыңдарды бағындырып жүрген қандасымыздың журналист Дастан Жұмабекұлына берген сұхбатын ұсынамыз. – Әуелі өзіңіздің шыққан тауларыңызды санамалап берсеңіз.– Мен моңғол еліндегі биік таулар басында мәңгі мұзбен көмкерілген барлық шыңдарға шықтым. Ең биігі саналатын Бесбоғда шыңдарына 60 рет шығыппын. Шетел шыңдарына алғаш рет 1994 жылы шықтым. Бұл Түркияның 4000 метрлік биік Бурса шыңы болатын. Одан кейін Алатаудың Тұйық суына, 2002 жылы Тянь-Шаньның 6400 метр биік Мәрмәр дуал шыңына, Алт…
Моңғоляда «Бүркіт тойы» өтті
АСТАНА. 14 қараша. BAQ.KZ – Моңғоляда «Бүркіт тойы» атты құсбегілерге арналған жарыс жыл сайын өтіп тұрады. Аталған жарыс жақында ғана Баян-Өлгейінде 13-рет ұйымдастырылды. Оған Моңғол елінің құсбегілерімен қатар көрші Қытайдан құсбегілер қатысты. Кеңес Одағы ыдырап, темір тор шекарасы сөгіліп, жабық есігі ашылысымен-ақ, Моңғолияға ағылған әлем туристері арқылы Моңғолияда саны 400-ге жақын қазақ бүркітшілерінің суреті ғаламтор бетінен түспейтін ең қызықты тақырыпқа айналды. Әр ел ондағы қазақ құсбегілері жайлы деректі фильм жасап, альбом шығарып мәре-сәре болды. «Темірді қызуында соқ» дегендей, Баян-Өлгей азаматтары Казбек, Медеухан, Еділхандар 13 жыл бұрын Моңғолия құсбегілерінің басын қосып, «Бүркіт тойы» аталған жарыс ұйымдастырысымен-ақ жыл сайын қызығушылық артып, жалғасын тауып келе…