Мазмұнға өту

Жаңа

Суық

Суық қала, суық дала, суық қар,

Балаң сезім өр көңілін жуықтар.

Үміттене беремін мен дәрменсіз,

Қанша жерден соқсадағы суықтар.

 

Суық жүрек, суық көңіл, суық түр,

Арыстарға қоғам деген суып тұр.

Жүрегімде қала бермек сонда да,

Айтылмаған ешбір жанға суық сыр.

 

Суық  сезім, суық көзің, суық қан,

Көңілім наз, аумай қалған  уықтан.

Бос сөздер мен арсыз ойлар кенеттен,

Байқаусызда  көңілімді суытқан.

 

Өз бетімше ашқан болдым түнекті,

Қайран  жүрек, сезіміме жыр екті.

Аяңдарсай, о жамағат оны да,

Бар суықтан тоңып қалған жүректі.

0
1
733

Сезімге наз...

Сағына бердім.

Аяң жай басып тағдырдың шамына келдім.

Толықсығандай, мұңдана ойымды шалып,

Басымды идім, амалсыз тағына жердің.

 

Еркелесең де.

Саяз бақытқа желкілдеп ерте келсең де.

Шоқ болып тұрған жүрекке дауа беріңдер,

Беткейден үріп сөзімді өртеме сен де.

 

Солқылдағандай.

Меңіреудегі асау түс жортылмағандай.

Ақ зер көңілім, шабытта өкси береді,

Махаббат нәрін ішсем де қортылмағандай.

 

Жібіген еді.

Лебіздерім де сырыңды ұғып күңіренеді.

Күлтеңе тыққан жасырын сезімді жетім,

Жауқазын жаным, жырымның түбіне келді.

 

Аяладың ба?

Торығып, толқып жанымды саяладың ба?

Тәкәппәр сезім көрерсің, әлі де талай,

Арман қуамын арымның саябағында.

2
2
406

Сезімге наз...

Сағына бердім.

Аяң жай басып тағдырдың шамына келдім.

Толықсығандай, мұңдана ойымды шалып,

Басымды идім, амалсыз тағына жердің.

 

Еркелесең де.

Саяз бақытқа желкілдеп ерте келсең де.

Шоқ болып тұрған жүрекке дауа беріңдер,

Беткейден үріп сөзімді өртеме сен де.

 

Солқылдағандай.

Меңіреудегі асау түс жортылмағандай.

Ақ зер көңілім, шабытта өкси береді,

Махаббат нәрін ішсем де қортылмағандай.

 

Жібіген еді.

Лебіздерім де сырыңды ұғып күңіренеді.

Күлтеңе тыққан жасырын сезімді жетім,

Жауқазын жаным, жырымның түбіне келді.

 

Аяладың ба?

Торығып, толқып жанымды саяладың ба?

Тәкәппәр сезім көрерсің, әлі де талай,

Арман қуамын арымның саябағында.

1
1
457

Рахат Тұрлыханов — Аққу (аккорды)

Бастапқы бет: kazchords.kz Em_______Am______D____________Em Арайлап кірсең баққа, бірден елеңдеймін. Em__________Am______D____________Em Қараймын бір сен жаққа, қалай көрем деймін. Em________Am______D___________Em Думанды топқа кірсем, тұрам осы жайнап. Em_________Am_______D____________Em_______D Жамығып жоқтарым сен, қайда жүрсің қайда? ммм-хх-мммм :)) Қайырмасы: [kazchords.ru] Em Аққудайым, арман құсым, Am Сұлу туған мәрмәр мүсін. C____D________Em Сағындым, әнім - ау. Em Саған ғана бас ұрамын, Am Саған ғана асығамын. C____D________Em Сағындым әнім - ау. Em________Am_______D__________Em Мен сені көрсем деймін, асқар биіктерден. Em_________Am_______D___________Em Қолыңды берсең деймім, маған сүйіп келген. Em_______Am______D____________Em Алмастай асыл нағыз, жаным нұрланайын. Em_______Am_…

0
0
909

«Барысты» бұғаулаған — төрешілер

Осы ойындағы «Барыстың» айып уа­қы­ты 30 минут болды! Бұл дегеніңіз – таза 60 ми­нуттық ойынның тең жартысын «Барыс» кем құрамда ойнады деген сөз. Мұндай жүк­темеге қандай команда шыдасын? Бі­рақ «Барыс» хоккейшілері қайсар­лы­қ­тың, жанкештіліктің үлгісін танытып, жан­кү­йерлерін риза қылды. «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Нижнекамскіде «Нефтехимик» клубымен өткізіп, шектен тыс шиеленісті өткен ойында 1:2 есебімен ұтылып қалды. Бұл Қазақстан клубының биылғы маусымның негізгі сатысында өткізген түздегі соңғы ойыны еді. Негізі, бұл ойында «Барыс» ұтылмас еді. Бірақ қара ала киімді төрешілер то­бық­тан қағып, ойнатпады. Бірінші кезеңнің ортасында «Барыстың» жас шабуылшысы Романов гол соғып, Қазақстан клубы алға шыққан. Содан басталды… Төрешілер қайта-қайта «Барыстың» ойы…

0
0
443

Атыраулық спортшы кекушинкай каратэден әлем кубогын жеңіп алды

 

Атыраулық спортшы Бауыржан Күмісқалиев Жапонияда өткен «Гран – при 2013» жарысында кекушинкай каратэден өз салмақ дәрежесі бойынша Әлем кубогын жеңіп алды.

Жапонияда өткен әлем біріншілігіне 17 елден 650 каратэші қатысты.

Бауыржан 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша бес жекпе-жекте жеңіске жетті.

Күмісқалиев осы жарыста бірінші орын алған жалғыз қазақстандық спортшы. Оның алтын медаль алуының арқасында біздің ел жалпы командалық есепте Жапония мен Ресейден кейінгі үшінші орында тұр.

Қазақстандық спортшыларды кекушинкай каратэден Атырау облысының аға жаттықтырушысы Нұржан Кенжеболатов дайындады.

0
0
456

Жаңа ғасырдағы жаңа мамандықтарға сұраныс

ХХI - ғасыр адам өмірінің әртүрлі саласына жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. Адам баласы ХХ-ғасырда қажетсінбеген, тіпті естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда.Ол негізінен, ақпараттық технологиялардың ұшқыр дамуына, қызмет көрсету және саладағы еңбекті жіктеу ережесінің түрленуіне байланысты. Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын қолданыста болмаған, олардын атын естігенде қазіргі күннің өзінде "Сонда, ол маман немен шұғылданады?" деген сауал туындайды. Бірақ даму жолына түскен компаниялар бүгінде осындай мамандар үшін өз мекемесінде "орын әзірлеп" жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық: бренд-менеджер - тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман; логистик - бұл мамандық туралы естуің…

0
0
5181

Бір триллион бес жүз миллиард теңге жоғалды!

Бір триллион бес жүз миллиард теңге жоғалды! Әміржан Қосанов | 01.02.13 Осы біздің қазекең қызық! Жан қалтасынан біреу мың теңгесін жымқырса, айналаны азан-қазан етіп, басына көтереді, милитсәдан ұрлықшыны дереу табуды талап етеді! Ал, Елбасы «ел қалтасынан 10 миллиард доллар (яғни, 1 триллион 500 милллиард теңге!) із-түзсіз жоғалды» деп алқалы жиында баршаға жария етсе де, түк болмағандай жүре береді. Ол суыт хабарды шыбын шаққандай көрмейді, мыңқ етпейді, тіпті! Осындай кең халқы бар, биліктің де арманы жоқ шығар! Осыншама, тіпті, көз алдына елестетудің өзі қиын соманың Ұлттық қордан жоғалып кетті деген сөзді естіп, баршамыз жағамызды ұстадық! Ол рас! Бірақ өз жағаңды ұстау бір бөлек те, ұрлықшының жағасынан алу екі бөлек! Екіншісіне біз, қоғам, әзірше жарамай жатырмыз! Бір қызығы: бас…

0
1
837

Джекидің жаңа рекорды немесе нағыз жігіттердің аптасы

Жаңа «кино аптасы» Джеки Чанның «Қытай зодиагы» атты кезекті фильмімен ерекшеленеді деп отырмыз. Жалпы осы бейсенбі экшндық жанрға бай болып тұр – Стэтхэмнің «Паркері» де, үш мықты шал түскен «Нағыз жігіттер» де, комедия, мелодрама, атыс-шабыс элементтерін қатар жинаған «Ұста да қаш» та қым-қуыт кадрлар мен ию-қию көріністерді ұнататындар үшін киноға баруға жақсы себеп болмақ. Қытай зодиагы / Доспехи Бога 3: Миссия Зодиак Бір емес, бірнеше ұрпақты киноларына «отырғызған» Джеки Чанның соңғы үлкен фильмі (өз сөзі). Құнды жәдігерлерге ие болу үшін әлемнің түкпір-түкпірін шарлап, небір қызық оқиғаны басынан кешіретін ұры туралы франшиза бізге бұрыннан таныс. Жұлдыз белгілері салынған мүсіндердің соңынан түскен бас кейіпкер небір шаш ал десе, бас алатын қарақшылармен қолма-қол төбелеске түседі…

0
0
1050

Өлімге билет не, замаң талабы?!

Жалпы әлемде әуе көліктерін ойлап табуы, үлкен ғылыми прогресстің нәтижесі деп сөзсіз есептеуге болады. Адамның бір жерден екінші жерге тез мезетте жетуі өте ыңғайлы. Егер шұғыл шаруалар бола қойған жағдайда немесе алыс қашықтықты, уақытты үнемдеу үшін адам баласы осы көлік түріне жүгінеді екен. Оның әлемдегі түрлерінің сан алуандығы басты айналдыратыны түсінкті. Тік ұшақ та, ұшақтың көптеген басқа да түрлері баршылық... Адам баласы оны ойлап тауып қана қоймай, қауіпсіздігі жайлы да біраз ойланып жылдан-жылға жетілдіру әрекеттерін ендіруде. Дегенмен апта, ай сайын, кейде үлкен өкінішке орай күн сайын әлемнің түкпір-түкпірінен әуе көліктің апатқа ұшырауы туралы қайғылы хабарлар келуде. Біздің еліміз бұл қайғылы оқиғалардан шетте қалған жоқ. Енді құрметті оқырмандар сіздердің назарларыңызға…

1
1
1246