Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астанада маунтинбайктан чемпионат өтті

 

Жақында Астананың орталық саябағында маунтинбайктан қала чемпионаты өтті, деп хабарлады Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

«Маутинбайктан жалғыз олимпиадалық жарыс саналатын кросс-кантриде үздік спортшы анықталды. Кросс-кантри жарысы төменге түсіп, жоғарыға көтерілетін учаскелері бар, түрлі кедергілергі толы жолда өтті», — делінген ақпаратта.

Жарыстарға №6 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жүзден аса тәрбиеленушісі қатысты.

Дмитрий Лесечко 1999 жылы туған және одан төменгі жастағы жасөспірімдер арасындағы жарыстардың жеңімпазы атанды (жаттықтырушысы В.Г.Елькин). Екінші орын Иоган Штейн, ал үшінші орын Данил Пронскийге бұйырды (жаттықтырушылары В.Р.Риве).

1997-1998жж туған жасөспірімдер арасында бірінші орынға Қайрат Қадылбек ие болды. Екінші орынды Максим Сатликов алса (жаттықтырушылары В.Р.Риве), үшінші орынды Сергей Коваленко алды (жаттықтырушысы Александр Кочетков).

 
0
0
404

Осы тақырып бойынша

Астанада маунтинбайктан чемпионат өтті - Yvision.kz