Мазмұнға өту

Жаңа

Рахат Тұрлыханов — Аққу (аккорды)

Бастапқы бет: kazchords.kz Em_______Am______D____________Em Арайлап кірсең баққа, бірден елеңдеймін. Em__________Am______D____________Em Қараймын бір сен жаққа, қалай көрем деймін. Em________Am______D___________Em Думанды топқа кірсем, тұрам осы жайнап. Em_________Am_______D____________Em_______D Жамығып жоқтарым сен, қайда жүрсің қайда? ммм-хх-мммм :)) Қайырмасы: [kazchords.ru] Em Аққудайым, арман құсым, Am Сұлу туған мәрмәр мүсін. C____D________Em Сағындым, әнім - ау. Em Саған ғана бас ұрамын, Am Саған ғана асығамын. C____D________Em Сағындым әнім - ау. Em________Am_______D__________Em Мен сені көрсем деймін, асқар биіктерден. Em_________Am_______D___________Em Қолыңды берсең деймім, маған сүйіп келген. Em_______Am______D____________Em Алмастай асыл нағыз, жаным нұрланайын. Em_______Am_…

0
0
917

«Барысты» бұғаулаған — төрешілер

Осы ойындағы «Барыстың» айып уа­қы­ты 30 минут болды! Бұл дегеніңіз – таза 60 ми­нуттық ойынның тең жартысын «Барыс» кем құрамда ойнады деген сөз. Мұндай жүк­темеге қандай команда шыдасын? Бі­рақ «Барыс» хоккейшілері қайсар­лы­қ­тың, жанкештіліктің үлгісін танытып, жан­кү­йерлерін риза қылды. «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Нижнекамскіде «Нефтехимик» клубымен өткізіп, шектен тыс шиеленісті өткен ойында 1:2 есебімен ұтылып қалды. Бұл Қазақстан клубының биылғы маусымның негізгі сатысында өткізген түздегі соңғы ойыны еді. Негізі, бұл ойында «Барыс» ұтылмас еді. Бірақ қара ала киімді төрешілер то­бық­тан қағып, ойнатпады. Бірінші кезеңнің ортасында «Барыстың» жас шабуылшысы Романов гол соғып, Қазақстан клубы алға шыққан. Содан басталды… Төрешілер қайта-қайта «Барыстың» ойы…

0
0
445

Атыраулық спортшы кекушинкай каратэден әлем кубогын жеңіп алды

 

Атыраулық спортшы Бауыржан Күмісқалиев Жапонияда өткен «Гран – при 2013» жарысында кекушинкай каратэден өз салмақ дәрежесі бойынша Әлем кубогын жеңіп алды.

Жапонияда өткен әлем біріншілігіне 17 елден 650 каратэші қатысты.

Бауыржан 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша бес жекпе-жекте жеңіске жетті.

Күмісқалиев осы жарыста бірінші орын алған жалғыз қазақстандық спортшы. Оның алтын медаль алуының арқасында біздің ел жалпы командалық есепте Жапония мен Ресейден кейінгі үшінші орында тұр.

Қазақстандық спортшыларды кекушинкай каратэден Атырау облысының аға жаттықтырушысы Нұржан Кенжеболатов дайындады.

0
0
461

Жаңа ғасырдағы жаңа мамандықтарға сұраныс

ХХI - ғасыр адам өмірінің әртүрлі саласына жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. Адам баласы ХХ-ғасырда қажетсінбеген, тіпті естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда.Ол негізінен, ақпараттық технологиялардың ұшқыр дамуына, қызмет көрсету және саладағы еңбекті жіктеу ережесінің түрленуіне байланысты. Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын қолданыста болмаған, олардын атын естігенде қазіргі күннің өзінде "Сонда, ол маман немен шұғылданады?" деген сауал туындайды. Бірақ даму жолына түскен компаниялар бүгінде осындай мамандар үшін өз мекемесінде "орын әзірлеп" жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық: бренд-менеджер - тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман; логистик - бұл мамандық туралы естуің…

0
0
5188

Бір триллион бес жүз миллиард теңге жоғалды!

Бір триллион бес жүз миллиард теңге жоғалды! Әміржан Қосанов | 01.02.13 Осы біздің қазекең қызық! Жан қалтасынан біреу мың теңгесін жымқырса, айналаны азан-қазан етіп, басына көтереді, милитсәдан ұрлықшыны дереу табуды талап етеді! Ал, Елбасы «ел қалтасынан 10 миллиард доллар (яғни, 1 триллион 500 милллиард теңге!) із-түзсіз жоғалды» деп алқалы жиында баршаға жария етсе де, түк болмағандай жүре береді. Ол суыт хабарды шыбын шаққандай көрмейді, мыңқ етпейді, тіпті! Осындай кең халқы бар, биліктің де арманы жоқ шығар! Осыншама, тіпті, көз алдына елестетудің өзі қиын соманың Ұлттық қордан жоғалып кетті деген сөзді естіп, баршамыз жағамызды ұстадық! Ол рас! Бірақ өз жағаңды ұстау бір бөлек те, ұрлықшының жағасынан алу екі бөлек! Екіншісіне біз, қоғам, әзірше жарамай жатырмыз! Бір қызығы: бас…

0
1
841

Джекидің жаңа рекорды немесе нағыз жігіттердің аптасы

Жаңа «кино аптасы» Джеки Чанның «Қытай зодиагы» атты кезекті фильмімен ерекшеленеді деп отырмыз. Жалпы осы бейсенбі экшндық жанрға бай болып тұр – Стэтхэмнің «Паркері» де, үш мықты шал түскен «Нағыз жігіттер» де, комедия, мелодрама, атыс-шабыс элементтерін қатар жинаған «Ұста да қаш» та қым-қуыт кадрлар мен ию-қию көріністерді ұнататындар үшін киноға баруға жақсы себеп болмақ. Қытай зодиагы / Доспехи Бога 3: Миссия Зодиак Бір емес, бірнеше ұрпақты киноларына «отырғызған» Джеки Чанның соңғы үлкен фильмі (өз сөзі). Құнды жәдігерлерге ие болу үшін әлемнің түкпір-түкпірін шарлап, небір қызық оқиғаны басынан кешіретін ұры туралы франшиза бізге бұрыннан таныс. Жұлдыз белгілері салынған мүсіндердің соңынан түскен бас кейіпкер небір шаш ал десе, бас алатын қарақшылармен қолма-қол төбелеске түседі…

0
0
1053

Өлімге билет не, замаң талабы?!

Жалпы әлемде әуе көліктерін ойлап табуы, үлкен ғылыми прогресстің нәтижесі деп сөзсіз есептеуге болады. Адамның бір жерден екінші жерге тез мезетте жетуі өте ыңғайлы. Егер шұғыл шаруалар бола қойған жағдайда немесе алыс қашықтықты, уақытты үнемдеу үшін адам баласы осы көлік түріне жүгінеді екен. Оның әлемдегі түрлерінің сан алуандығы басты айналдыратыны түсінкті. Тік ұшақ та, ұшақтың көптеген басқа да түрлері баршылық... Адам баласы оны ойлап тауып қана қоймай, қауіпсіздігі жайлы да біраз ойланып жылдан-жылға жетілдіру әрекеттерін ендіруде. Дегенмен апта, ай сайын, кейде үлкен өкінішке орай күн сайын әлемнің түкпір-түкпірінен әуе көліктің апатқа ұшырауы туралы қайғылы хабарлар келуде. Біздің еліміз бұл қайғылы оқиғалардан шетте қалған жоқ. Енді құрметті оқырмандар сіздердің назарларыңызға…

1
1
1251

Үрімжіде қазақтың халық әндері қытай тілінде шырқалды (ФОТО)

АСТАНА. 28 қаңтар. BAQ.KZ – Жақында Үрімжі шаһарында «Шіңгілдің мөлдір сундай» атты қазақ халық әндерінің концерті болды. Концерттің ерекшелігі қазақтың халық әндері тек қана қытай тілінде шырқалып, қазақ халық әнінің қай тілде орындалса да бояуын солғындатпайтынын дәлелдей түсті,- деп хабарлайды Тәңіртау ақпараттық сайтының тілшісі Құрмангүл Әспенқызы. Концертке қатысқан Қытайдағы белгілі қазақ әншілері мен қытай әншілері қазақтың «Ғайни», «Назқоңыр», «Дудар-ай», «Бипыл», «Ақ тамақ» әндерін шыңына жете шырқады. Құлақ құрышын қандырар халық әнін қытай көрермендері де тамсана тамашалады. Концертке қатысқан қазақ зиялылары Шіңгіл ауданының ұйымдастырушыларына алғыс айтып, осындай халқымыздың төл өнерін танытудағы үрдісті үзбей жалғастыру керектігін айтты. Айта кетейік, Қытай-Монғолия шекара…

0
0
2302

Мұстафа Шоқайға арналған еңбек үш тілде жарық көрді

АСТАНА. 29 қаңтар. BAQ.KZ – Шоқайтанушы белгілі ғалым Әбдіуақап Қараның Мұстафа Шоқай туралы бұдан бұрын түрік және қазақ тілдерінде жарық көрген еңбегі француз тіліне аударылып Париждегі «Ларматтан» баспасында басылып шықты. Аталмыш кітап Мұстафа Шоқайдың өмірі, күресі мен шығармашылығына арналған. Кітап авторының айтуынша бұл басында докторлық диссертация болып дүниеге келген еңбек екен. Сөйтіп 2002 жылы Түркия жазушылар одағы тарапынан «Биографиа саласындағы үздік кітап» деп бағаланып, түрік тілінде жарық көреді. Көп өтпей 2004 жылы Алматыда қазақ тілінде қайта басылған биографиялық еңбек үш ұлттың тілінде шығып, оқырмандарына жол тартты. Кітапта Мұстафа Шоқайдың қазақ, түрік, орыс, ағылшын, француз тілдерінде жазылған 700-дей мақаласы тұңғыш рет анықталып, жинақталған. Оқырмандардың п…

0
0
592

Қазақтар мен өзбектер қалай бөлініп кетті?

Астана. 31 қаңтар. Baq.kz- Тұрақты оқырмандарымыз білер, біз орта ғасырларда жазылған сирек кітаптардан қазақ өміріне қатысты маңызды мәліметтерді үзбей беріп келе жатырмыз. Соның бірі – «Маджма‛ ал-гара‛иб» («Сирек жинақ»). Шығарма авторы парсылық тарихшы Сұлтан Мұхаммад ибн Дарвиш Мұхаммад ал-Мүфти ал-Балхи. Балхы патшаларының сарайында қызмет еткен. Оның әкесі мүткіл Балхы жұртшылығының мүфтиі болған кісі көрінеді. Кітаптың екі редакциясы болған: біріншісін Сұлтан Мұхаммадтың өзі жобамен 1566-67 жылдары, екіншісін оның ұлы 1576-77 жылдары жазыпты. Шығармада Орталық Азия елдеріне қатысты көптеген тарихи-жағрафиялық мәліметтер келтірілген. Ал оның 19-тарауында кейбір ортаазиялық этнонимдердің шығу тегі мен мағыналарына жіті тоқталады.Сонымен, парсылық автордың айтуынша, ислам пайда болға…

0
0
568