Ертең Ригада хоккейден Қазақстан құрамасы франциялық қарсыластарымен кездеседі
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Рига қаласында Франция командасымен өтетін ойынға дайындалуда, онда Финалдық Олимпиадалық біліктілік турнирі өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның шайбалы хоккейден ұлттық құрамасы Австрияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, жергілікті командамен жолдастық матчта өнер көрсетті. Кеше Ригаға Финалдық Олимпиадалық біліктілік турниріне қатысу үшін Ригаға келіп жетті. Құраманың бас менеджері Шуми Бабаевтың айтуына қарағанда, ойыншыларға қатысты еш сын жоқ, бәрі тек жеңіске жетуге дайындалуда.
«Біз Венада жақсы кездесу өткізіп, Австрия құрамасымен кездесуде жақсы өнер көрсеттік. Ригаға жақсы көңіл күйде келіп отырмыз. Бұл ойын алдындағы соңғы жаттығу болмақ, себебі ертең ойын еш дайынықсыз басталады. Яғни, команда бойын жазбастан бірден ойынға көшеді. Бір-ақ күн қалды, бұны бәрі біледі және әркім өз міндетіне жауапкершілікпен қарайды. Күнде тынбастан дайындалуда. Ойыншыларға еш сын жоқ: тәртібіне қатысты да, жігері мен жұмыстарына қатысты да», — деді Ш.Бабаев.
Қазіргі уақытта Франциямен өтетін ойынға қақпашы тағайындау мәселесі қарастырылып жатыр.
«Соңғы шешім ертең ойын алдында қабылданады. Біздің екі тең дәрежелі қақпашымыз бар: Еремеев пен Колесник. Олардың екеуіне де кез келген жағдайда дайын болыңдар деген тапсырма берілді, сондықтан екеуі де кез келген төтенше жағдайға сақадай сай. Әр ойынға қақпашы жеке-жеке тағайындалатын болады. Қазір бізде екі негізгі қақпашы бар, үшіншісі – Полуэктов. Егер, әрине, құдай сақтасын ондайдан, аяқ асты оқиға бола қалған жағдайда ол да мұзға шығуға дайын тұр. Сондай-ақ алғашқы бестік те белгіленді, тек ойынның басталуын күтіп отырмыз», — деді Шуми Бабаев.

