Мазмұнға өту

Жаңа

11 наурыздан бастап «Кухня» дәмді комедиясы

Дәмді комедия! Максим Лавровтың арманы - бас аспазшы болу! Шоу-бизнес жұлдызының танымал мейрамханасына жұмысқа тұру үшін, ол Мәскеуге жол тартады. Бұл мейрамхананың асүйін бас аспазшы Виктор Баринов басқарады. Өз дарынының мықты жақтары мен осы мейрамханада тамақтанушылардың осал жерлерін білетін бас аспазшы абыроймен басын тік ұстайды. Бұл мінсіз бейненің келесі бір жағы – ішімдікке салынғандық, құмар ойындарға берілгендік пен қиын мінез. Баринов ашу үстінде қорқынышты, ал бір ішіп кетсе, тоқтауы қиын. Тағам дайындау шеберінің мінезіне шыдайтындар көп, тек мейрамхананың арт- директоры Виктория Гончарова қана мойынсұнбайды. Жеке өміріне іскерлікпен қарайтын салқынқанды, жас әрі табысты мансапқор Виктория астаналық мейрамхананы қаладағы атақты орынға айналдыру үшін бәріне барады. Жеке бақ…

0
0
628

Барлаушы-жауынгерлер жорыққа шықты

Қазақстан Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлеріне қарасты әскери бөлімдердің бірінің әскери қызметшілері автокөлікпен жүз шақырымдық марш жасады. Бұл жорық әскерлердің жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес өткізілді.Бір күндік мерзім ішінде барлаушы жауынгерлер жеке құрамның жауынгерлік дайындығы мен десантшылардың тұрмысын қамтамасыз ете алатын қажетті элементтерді қамтыған далалық лагерь құрды. Аталған жиындарды өткізудегі негізгі міндет арнайы дайындықтағы барлау іс-қимылдарын жүргізуде кәсіби біліктілікті жетілдіру болып отыр. Атыс дайындығы және жауынгерлік машиналарды жүргізу бойынша оқу сабақтарынан тек келісімшарт бойынша әскери қызметшілер ғана емес, командалық құрамның толықтай қатысқандығын атап өткен жөн. Қысқы кезеңде далалық жаттығуларды ұйымдастыру жазғы кезеңге қарағанда екі…

0
0
1019

Қытай қазақтары жаңадан құрылған IKAZAKH.COM сайтын қолдана бастады

АСТАНА. 26 ақпан. BAQ.KZ – Жақында Қытайдың қазақ тілді сайттарының қатарына iKazakh.com деп аталатын жаңа сайт келіп қосылды. Сұрақ-жауап сайты ретінде дүниеге келген «iKazakh»-ты құрған Бейжіңдегі Қытай Орталық телеарнасы сайтының қазақ бөлімін жүргізуші Еркебұлан Мүтәнұлы атты азамат болып шықты. Жаңадан жұмысын бастап жатқан сайттың жетекшісіне қоңырау шалдық. –Қазақстандағы сұрақ-жауап сайтын үнемі көріп жүретінмін. Қытайдағы қазақтарға да осындай бір сайттың жетіспейтіні мені жиі мазалап жүрген болатын. Сондықтан, осындағы қазақ сайт қолданушыларына ғылым мен білім жағынан сауат беру мақсатында «iKazakh»-тың дүниеге келгеніне санаулы күндер ғана болды. Сайттың ұраны – «Сұраған біліп алар, сұрамаған құр қалар!» деп аталады, – дейді Еркебұлан. Сайт құрушысының айтуынша, біріншіден «iK…

0
0
1480

Қазақстан құрамасын Какау жаттықтырады

— Какаудың алдына қойып отырған тапсырмамыз да оңай емес. Еуропа біріншілігінің іріктеу турнирінде өз тобымызда екінші орын алуымыз керек. Алайда, сәтін салса, үшінші орынмен да Еуропа чемпионатына қатысуға болады. Бүгін Қазақстан футбол федерациясының атқарушы директоры Олжас Абраев көпшілікке футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкерін таныстырды. Cонымен, шағын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып 41 жастағы бразилиялық маман Рикардо Камара Собрал тағайындалды. Футзал әлемінде Какау деген атпен танымал бұл маман Қазақстан жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ойыншы ретінде бес жылдай «Қайрат» футзал клубының намысын қорғап, команданы өрге сүйреген. «Қайраттың» сапында УЕФА кубогының қола жүлдегері атанған. Бапкер ретінде Чехияның «Эра-Пак Хрудим» клубын жаттықты…

0
0
337

«Сарыарқа» негізгі айналымда топ жарды

Жоғарғы хоккей лигасында өнер көрсететін «Сарыарқа» ЖХЛ-дың алғашқы кезеңінде чемпион атанды. 52 ойында 115 ұпай жинаған қарағандылықтар плей-офф кезеңінің алғашқы раундында пензалық «Дизельмен» кездеседі. Бұл туралы ЖХЛ-дың ресми сайты хабарлайды. «Дизель» плей-офф бәсекесіне ең соңғы болып іліккен команда. Краснодарлық «Кубань» клубы «Южный Уралға» сырт алаңда есе жіберген соң, лиганы әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік алған «Дизельді» біздің жігіттер негізгі айналымда екі мәрте жеңіп кеткен. «Сарыарқадан» бөлек, Өскеменнің «Қазцинк Торпедосы» да ЖХЛ-дың 1/8 айналымына жолдама алды. Жоғарғы хоккей лигасы, плейй-офф «Сарыарқа» — «Дизель» «Торос» — «Қазцинк Торпедо» «Южный Урал» — «Ариада Акбарс» Бұл топтағы кездесулер наурыздың 2,3,6,7,10 күндері өтеді. «Рубин» — «ХК Саров» «Нефтяник» — «М…

0
0
366

Нәзірдің сыны – Сәкеннің жауабы

Астана. 26 ақпан. Baq.kz-Назарларыңызға ұлтымыздың қос арысы – Нәзір Төреқұлов пен Сәкен Сейфуллиннің әдебиет саласына қатысты өзара тартыстары туралы Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы мұражайдың ғылыми қызметкері Назгүл Сапиянованың зерттеу мақаласын ұсынып отырмыз. Осы әдеби пікірталастардың көп жағдайда саяси астар алып кететіні де жасырын емес. Аталған мақала қос арыстың бұрын көпшілікке беймәлім қырларын аша түседі, сонысымен де қызықты. Сондай-ақ, редакцияның пікірі автордың пікірімен сәйкес келе бермеуі мүмкін екенін де еске саламыз.Редакциядан Нәзір Төреқұлов Сәкен Сейфуллиннің «жеке сыншысы» деген тарихи атпен танымал. Ол Сәкеннің 1922 жылы Орынборда шыққан «Асау тұлпар» өлеңдер жинағын сынауымен полемика жанрының көшбасы болды. Сыни пікір талқысы, оның абырой-беделінің дең…

0
0
2902

Samsung ATIV Smart PC Pro 700T планшетті компьютерге шолу

Бүгін "Үй" атты лабораториямда жаңа өнім - Samsung ATIV Smart PC Pro 700T. Samsung ATIV Smart PC 500T атты планшеттің жаңартылған түрі немесе ағасы десек те болады. Бұл планшетті компьютерді сатып алуға тұрарлық па? Бәсекелестерінен қай жері артық немесе кем? Өзінің бағасына сапасы жауап бере алады ма? Осы сұрақтарға және де басқа да сұрақтарға бірге жауап іздейік. Техникалық сипаттамалары Samsung ATIV Smart PC Pro 700T Дисплей PLS, 11.6 дюйм, 1920x1080 нүкте, жылтыр, сенсорлы, Wacom дигитайзері Көлемі Планшет: 304x189x12 мм Салмағы планшет: 888 грамм, док-станция: 725 грамм Операциалық жүйе Windows 8 (64-разрядтық нұсқа) Процессор Intel Core i5-3317U, 1.7 ГГц (Turbo Boost 2.6 ГГц дейін) Графика Intel GMA HD4000 Жедел жады 4 ГБ Жинақтаушы mSATA SSD 64 ГБ Байланыс түрлері Wi-Fi 802.11b/g/n…

8
9
2037

Шетелде білім алу: Carl von Ossietzky Universität Oldenburg

Сымбат Айжарықова Жамбыл облысы Шу қаласында орта мектепті аяқтағаннан кейін Қырғызстанның Әлем тiлдер институтының немiс тiлi-аймақтану факультетiне оқуға түседі. Одан кейін арман қуып Еуропаға тіл үйренуге аттанады. Алайда, кішігірім арманы үлкен арманға ұласып, Германияның Ольденбург қаласының Carl von Ossietzky университетінің Educational and Social Sciences факультетінде Special educational foundations and cross-categorical Special Needs Education & Rehabilitation & Psychology мамандығы бойынша бакалаврды, Educational Management мамандығы бойынша магистратураны аяқтайды. Бүгінгі материалда Сымбаттан Германияның оқу жүйесі туралы сұрап, біраз сұхбаттасқан едік. — Бірінші өзің жайлы айтып берсең. Қандай мамандық бойынша білім алдың? — Жамбыл облысының Шу ауданында туып өстiм. О…

5
7
3194