Мазмұнға өту
Yerzhan_Alash

Yerzhan_Alash

Сайтта 2013 ж. 22 ақпан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

13

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Болашақ не болмақ?

Болашақ не болмақ? Дүниенің бүкіл экономикалық және интеллектуалды қауымдастығы Үнділік экономист Амартия Сенді ұйып тұрып, құлағын түріп қойып тыңдайды. Әлемнің ең озық интеллектуалдарының бірі болып саналатын Амартия Сен сияқты біздің қазақтан неге сондай тұлғалар шықпайды деп ойлайсың. Ойласаң оның себебі бар. Қандай? Бүкіл ғылымның дені Америкадан келеді. Америка біз ойлағандай мешкей ел емес. Ол жақта 2+2 деп санасып, тиынды тиынға соққан орта тұрады. Ал біз ше? Бізден Амартиядай ғалым шықпайды емес, шығады. Шыққанмен ол адам сөз айтса, дүниежүзілік қауымдастық не дейді? "Қарағым, сенің еліңде 7 емес, 200 жұртқа берілмеген байлық бар, бірақ елің болса тоз-тозы шығып, елден ерекше кедейлікте отыр, сен керемет экономист болсаң, алдымен еліңді түзеп ал" - дер еді біздің экономистке. Біз…

1
0
750

«Өлгендер қайтып келмейді» мекенінде Рысбай Ғабдиевпен болған диалог немесе гений Құрманғазы, өлген адамдардың Нұрғиса Тлендиевтің туған күнін тойлауы жайында.

"Өлгендер қайтып келмейді" мекенінде Рысбай Ғабдиевпен болған диалог немесе гений Құрманғазы, өлген адамдардың Нұрғиса Тлендиевтің туған күнін тойлауы жайында. Қазақ боп мұсылман болған соң, Пайғамбардың бір сүннеті өлі әруақтарды зиярат етуді әдетке айналдырған едік. Онда да жылына 1-2 рет. Бұл дүниеден өтіп кеткен халықтың Құранның бір аятына зәру болуы мен үшін айдан анық нәрсе. Олар да халық болған, сондықтан оларға да осылай қол ұшын беріп тұру - мен үшін міндет секілді. Біз де бір күні сол жаққа кете барамыз, мүмкін мені де ұрпақ жалғыз қалдырмас. 9-мамыр қарсаңында мен көбіне қала сыртындағы молаларға барып оның ішінде, Ғабит Мүсіреповтың "Қазақ солдаты" романының басты кейіпкері, Совет Одағының батыры, Қайырғали Смағұлов атамызға барып тұрамын. Жолай бәріне құран оқып, өлімді еске…

2
1
2492

Қаржы пирамидаларының әлегі.

Қаржы пирамидаларының әлегі. Алдында Ержан Алашпен болған бір сұхбаттан кейінгі ойыммен бөліссем деймін. Соңғы кезде қоғамда біздің қазақы дүнетанымға жат қаржылық сыпаттағы үрдістер орын алып жатыр. Дүйім жұртқа ол таңсық болып көрінгенмен, қазақ қарттарынан бастап жастарына шейін сол жобаларға етене араласып, бүгінде көпшілік сақалын сипап сазда отырған күй кешіп отыр. Біреу мүмкін қарсы болар, біреу жақ болар, дегенмен осы үрдістің ортақ атауы - Қаржылық Пирамидалар.Сонау 19 ғасырдан бастау алған әпербақан итальяндық алдаркөсе Понциден, одан қалса беріректегі Мавродиден алданған халықтың жағдайы өкінішке орай қазақ жастары үшін сабақ бола алмай отыр. Соңғы кезде осындай қаржылық жүйеге жастарымыз отбасыларымен кіріп, өзге жұртты артынан ілестіріп, өз-өздеріне құдық қазып жатыр. Ондай қ…

2
1
928

Смағұл Елубай, жазушы: Сорымызға біткен он сорақылық

Смағұл Елубай, жазушы: Сорымызға біткен 10 сорақылық 1-сорақылық. 300 жыл бойы мойнымызға ілінген отарлық қамыт мойнымыздан түссе де.., миымыздан түспепті. Сол отарлық қамыт санамызда әлі де салпақтап тұр. Саяси отарсыздану рухани отарсыздануға ұласпады. 2-сорақылық. 2 миллиондай қазақтың өз Отанында отырып орыстануы. 3-сорақылық. Орыстілді сол 2 миллион қазақтың есебінен Республикадағы орыстілділердің саны көбейіп, бүгінде 7,5 миллионға жетуі, Бұл деген сөз – бірер жылда таразының орыстілділер жағы басқан күні тіл үшін күрестің де мезгілі өтеді деген сөз. Сорақылықтың көкесі – осыны ұқпау. 4-сорақылық. Тіл заңының қабылданғанына 20-дан астам жыл өтсе де, жалған қазақстандықтардың қазақша 20 сөз үйренбеуі. Және олардың қонжиып мемлекеттік қызметтерде отыруы. 5-сорақылық. «Тіл туралы» Заңд…

1
1
1579

Жайықта туған бақыттылар

Жайықта туған бақыттылар Бұл қасиетті Жайық өзені! Осы өзеннің жағасында Қыз Жібек балғын шағын өткізген. Осы өзенді өтіп Төлеген Қыз Жібекке келген. Осы өзеннің суына Махамбет пен Исатай әскері аттарын суарған. Осы өзенді қорек еткен. Осы өзен үшін алысып, жан беріскен. Ел азаттығы үшін осы өзенді талай малтып кешіп жүріп соғысқан. Осы өзенді өтіп әйгілі Бөкей Хан "Ішкі Орда" атты Еділ-Жайық арасына қоныс тепкен "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған" хандықтың негізін салған. Осы өзеннің жағасында Алашорда үкіметінің негізін салушылардың бірі Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтар дүниеге келген. Осы өзенді малтып жүріп балалық шақтарын өткізген! Осы өзеннің суымен Александр Македонский де ауқат алған. Осы өзеннің жерінен өзімен-өзі шығып жатқан қара майды көріп Аристотель де таң қалған. Осы өз…

1
1
706

Ержан Алаш. Шәкерім vs Steve Jobs

Ержан Алаш. Шәкерім vs Steve Jobs Ертең не мейрам екенін білмеймін, бірақ жоғары жақтағыларға рахмет пен дұғай-дұғай сәлем! Бұйыртса ертең үйде асханама жөндеу жасап, жарды басқа түске бояп, терезеге басқа жапқыш іліп, дәлізге Абайдың суретін ілемекшімін. Сонда Стив Джобсқа қарама-қарсы енді Абай тұратын болады. Мүмкін екеуі түнде сөйлесер))) Олар сөйлесіп, мен оны еститін болсам ғой шіркін! Стив Джобс: Hello mister Abai. Welcome to Yerzhan's apartment! Nice to meet you! Абай: Өй не дейді мынау, қазақша сөйле ініншек, қайда жүргеніңді білесің бе? Алаштың Атыраудағы штаб-пәтерінде жүрсің! Жарда ілулі тұрғаныңа 2 жылдың жүзі болды, немене қазақша үйрене алмадың ба?Стив Джобс: О не дегеніңіз, кешіріңіз, Абай мырза. Үйреніп жатырмын. Енді қасыма сіз келдіңіз. Тезірек үйренетін болдым. Жақыныр…

1
1
858

Абай тірі болса, қай партияда болар еді?

Абай тірі болса, қай партияда болар еді? Абай тірі болып, қазіргі заманымыздың адамы болса, әрине бүгінгі болып жатқан саяси-қоғамдық үрдістерден шет қалмас еді. Ал егер солай болып жатса, Абай атамыз қазіргі қай саяси партияның белсендісі болар еді?"Айқап.kz"ақпараттар порталы жастар арасында осындай сауалнама жүргізіп мынадай қорытындыға ие болды. 60-қа жуық адам Абай "Нұр Отан" партиясының мүшесі болар еді десе, 15 адам "Ақжол" партиясының белсендісі болар еді дейді. 10 адам Абай "Азат" партиясында, 8 адам“Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясында”, 19 адам "Руханият" партиясында болады десе, екі адам мыңқ етпестен айды аспанға бір-ақ шығарды: ол екеуінің ойынша Абай кеше Парламентте "коммунисттер күні" - деп кәмпит таратқан, әлгі “коммунисттер партиясының” мүшесі болады екен. Десек…

1
2
1074

Ұлылықтың сыры немесе 10 000 сағат тәртібі жайында

Ұлылықтың сыры немесе 10 000 сағат тәртібі жайында Алтайдан Атырауға дейін жайылған қазақ даласы талай ғұламалар мен ойшылдардың туған жері екені бәрімізге аян. Ежелгі кезден бастап өмір сүрген дара туған ақиық ағаларымыздың өз істерінің шебері болуымен қатар, ұрпақтан ұрпаққа тараған танымалдылығының қандай да бір сыры бары енді анықталды. Біздің ойымызда қалыптасқан «талант» түсінігі жағымды мүмкіндіктер мен берілген артықшылықтардың қиыстырыла қолданылуы деп айтуға болады. Психолог Андерс Эриксон жиырма жыл бұрын Берлиндегі музыка Академиясында өзінің екі әріптестерімен осы тақырыпқа байланысты тәжірибе жүргізді. Қатысушылар скрипка бөлімінде оқитын студенттер болатын. Олар арнайы үш топқа бөлінді. Бірінші топқа - әлем жұртына танымал болатын болашақ жұлдыздар, екінші топқа – болшағына…

1
1
1519

Қазаққа жасалған геноцид Майлиннің «Күлпаш» шығармасында.

Бейімбет Майлин. Күлпаш Қазақтың қазаққа жаны ашуы деген ұғымды тәпіштеп түсіндіріп беретін оқиға басымнан өтсе де, мен сол заматта кішкентай бала болғаным үшін түсіне алмадым. Жылдар өтті, бүгін де сол бір 30-минутқа созылған оқиға есіме түскен соң мен оны түсінгендей болдым. Содан соң компьютерімді қостым да, ғаламтордан қазақтың ең әйгілі, суреттеуден алдына жан салмайтын жазушысы Бейімбет Майлиннің "Күлпаш" атты шығармасын іздей бастадым. Іздегенім алдымнан табылып (kazakhadebieti.kz ), сайт ұжымына деген ерекше ілтипатпен тапқан ақпаратымды ықыласпен көшірдім де, Айқап.кз сайтының оқушысының назарына ұсындым. Күлпаш әңгімесі бәрімізге таныс. Мүмкін көбіміздің ол әңгімені оқығалы талай жылдар өтіп кеткен шығар. Мүмкін ол әңгіменің айтпағына бүгінгі күні өзгеше бір баға беретін немесе…

1
0
4263

Қыздар ұлттың аналары

Қыздар ұлттың аналары Ежелден ата-бабамыз қыз тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қыз бала-болашақ ана. Барлық тәлім-тәрбие, мінез-құлық, жан сұлулығы мен рухани байлықтың бәрі ана сүтімен беріледі. «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі», «Анасына қарап қызын ал, ыдысына қарап асын іш», «Қызға қырық үйден тыю», «Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер» деген сияқты қазақ халқында қыз тәрбиесіне байланысты ақыл,нақыл сөздер артып жетіледі. Басты мақсат-өнегелі, иманды, сыпайы да биязы қыз, жар, болашақ ана тәрбиелеу. « Қыз жат жұрттық...» деп әкесі қызына ерекше көңіл бөледі, ал шешесі жат үйдің табалдырығына барғанда сыпайы, көрегенді келін болғанын қалайды. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деп бекерден-бекер айтпаған. Жаһанданған заманда сыртқ…

3
1
4818