Инженер-саперлер далалық жаттығуларда
Алматы облысындағы инженер әскерлерінің «Берег» оқу орталығына Қазақстан Қарулы Күштері Арнайы әскерлер Бас басқармасына қарасты инженерлік-саперлік батальоны келіп жетті. Оқу орталығына дейінгі аралыққа жорық жасап келген батальон жеке құрамы келе салысымен жауынгерлік әзірлік жұмыстарына кірісіп кетті. Офицерлер үшін далалық жаттығулар бөлімшеге техниканы пайдалану арқылы тапсырма беруге, қолда бар тәжірибелерін жетілдіре түсуге мүмкіндік жасайды. Полигондағы жұмыстар командирлерге бөлімдер мен есептоптардың өзара іс-қимылын басқару бойынша жинақтаған тәжірибелерін іс-жүзіне асыруға септігін тигізеді. Сержанттар жоғарғы командирлердің берген бұйрықтарын қабылдауға, өз қарамағындағыларға тапсырма беруге, инженерлік қару-жарақты дұрыс пайдалана білуге машықтанады. Сарбаздар далалық күрдел…