Жауынгерлік парад өткізіледі
Қазақстан тарихында Қорғаныс министрлігі тұңғыш рет Жауынгерлік парад өткізеді. Бүгін Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков 2013 жылы Отан Қорғаушылар күнін мерекелеу құрметіне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парадына дайындалу және оны өткізу туралы бұйрыққа қол қойды. Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға қосымшалар енгізіліп, Отан Қорғаушылар күні мемлекеттік мерекеге айналды. Қазақстан Қарулы Күштерінің 21 жылдығы құрметіне және осы датаны атап өту үшін Қазақстан тарихында 7 мамыр күні Гвардейск гарнизонының құрамалары мен әскери бөлімдері базасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парады өткізілетін болады. Жауынгерлік парад барысында авиацияның және артиллерияның сүйемелдеуімен әскерлер…