Қар құрсауынан шығарды
Қорғаныс министрлігіне қарасты 83205 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қар құрсауында қалған тұрғындарға көмек көрсетті.
Ақмола облысының Бұлақсай елдімекені жанында далалық жаттығулар өткізіп жатқан әскерилерден қалың қарға батып қалған жүргізушілерден жәрдем көрсету туралы өтініш келіп түскен.Бөлім командирі полковник Айдар Әбдірахман ауыл тұрғындарына көмек көрсету мақсатында Камаз автокөлігін бөлді.
Келісімшарт бойынша старшина Қанат Айлақов жүргізетін жүк көлігі жол бойында батып қалған бірнеше жеңіл автокөлікті сүйреп шығарып, ауыл тұрғындарының алғысын алды.
ҚР ҚМ баспасөз қызметі
