Мазмұнға өту

Жаңа

Нөмір-өмір...

Негізі әр аймаққа көлік нөмірлері әліпби бойынша берілді. Ал, мен мына жазбаны жыл басына таласқан жануарлар туралы аңыз ізімен жазып шықтым. Оқып көріңіз... ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті облыс, қала әкімдерін жиып, жаңа көліктердің нөмірін таратыпты. Шығыс Қазақстан облысы мен ОҚО әкімінен басқасының бәрі жиналған. Шығыстың әкімі Бердібек Сапарбаев әлі күнге шейін адамның тізесінен келетін омбы қармен күресіп әлек екен. Ал, Асқар Мырзахметов болса Наурыз мерекесін 9 күн бойы 9 түрлі етіп атап өтеміз деп тойшылап жүр. Қалған әкімдер түгел жайғасыпты. Дәл алдында қасқайып И.Тасмағанбетов пен А.Есімов әңгіменің майын тамызып отыр. Комитет басшысы сөзге келместен 01 – Астанаға, 02 – Алматы қаласына дегенде, бәрі жамыраса қолдапты. Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов орынсыз әңгімеге ар…

0
1
1495

Әскерилер оқушылармен және студенттермен кездесті

Әскерилер оқушылармен және студенттермен кездесті Құрлық әскерлеріне қарасты «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында алда болатын Отан Қорғаушылары күні мен Жеңіс мерекесіне дайындық жұмыстары қызу қарқын алған. Аталған даталы күндерді мерекелеуге дайындық шеңберінде Семей қаласында бірқатар іс-шаралар атқарылды. Бұл жұмыстарды Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлері «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасы мен қалалық әкімшілік бірлесіп іске асырды. Мәселен, Балалар мен жастар шығармашылығы сарайында «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының өкілдері "Батырлық пен батылдықтың 900 күні» атты Ленинградтағы блокада туралы Ерлік сабағын өткізді. Кездесуге Ұлы Отан соғысының ардагерлері шақырылды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының кеңесшісі запастағы генерал-майор Александр Мартынов баяндама ж…

0
0
618

Жауынгерлік парад өткізіледі

Қазақстан тарихында Қорғаныс министрлігі тұңғыш рет Жауынгерлік парад өткізеді. Бүгін Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков 2013 жылы Отан Қорғаушылар күнін мерекелеу құрметіне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парадына дайындалу және оны өткізу туралы бұйрыққа қол қойды. Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға қосымшалар енгізіліп, Отан Қорғаушылар күні мемлекеттік мерекеге айналды. Қазақстан Қарулы Күштерінің 21 жылдығы құрметіне және осы датаны атап өту үшін Қазақстан тарихында 7 мамыр күні Гвардейск гарнизонының құрамалары мен әскери бөлімдері базасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парады өткізілетін болады. Жауынгерлік парад барысында авиацияның және артиллерияның сүйемелдеуімен әскерлер…

0
0
456

«Қазпочта» АҚ кешірім өтінеді

«Қазпочта» АҚ кешірім өтінеді «Қазпочта» АҚ Твиттердегі «Қазпочта» АҚ аккаунтында жарияланған орынсыз түсіндірме үшін кешірім сұрайды. «Қазпочта» АҚ аккаунтты жүргізушінің тұжырымдамасының әдепке жатпайтынын және орынсыздығын мойындайды. Бүгінге дейін «Қазпочта» АҚ әлеуметтік желілеріндегі аккаунтарды бірнеше адам жүргізіп келді, олар логиндер мен парольдерді бірге пайдаланды. Осы қызметкерлер бұл жұмыспен компаниядағы өздерінің негізгі жұмыстарынан бөлек, ерікті түрде айналысады. Қазір хабарламаға кімнің жауап бергені анықталуда, өйткені қызметкерлер браузерлерді емес, твиттер-клиенттерді немесе өздерінің ұялы телефондарын пайдаланады. Қазіргі сәтте пароль мен логин ауыстырылып, аккаунтқа қызметкерлердің кіруіне рұқсат етілмейді. Кешірім сұрай отырып, барлық пайдаланушылар мен клиенттері…

0
1
662

Отандық саундтрекші - Шамис Хасенов

Бүгінде түрлі саладағы жаңа адамдармен танысу аса қиындық тудырмайды. Әлеуметтік желілерге тіркелсең болғаны. Осылайша саундтректерді ерекше жақсы көретін мен ғаламтор шырмауында кездейсоқ «Love with Siren», «Take off» атты әсем әуендерге тап болдым. Осы туындылардың авторы Шамис Хасенов деген отандасымыз екендігін білгенде бұл дарынды жігітпен кездеспей қалуымды «Екпін» оқырмандары кешірмес деп, келесі күні Шамис екеуіміз Алматы кофеханаларының бірінде әңгіме-дүкен құрдық. Сол әңгімеміздің бір бөлігін алдарыңызға ұсынып отырмыз. — Шамис, танысқанымызға қуаныштымын. Музыкамен қашаннан бастап айналыса бастадыңыз? — Бала кезімнен. Бірақ музыкалық білімім жоқ. Кішкентай кезімде үйде әкем ойнайтын пианино тұратын. Әкем ойнап жатқан кезінде қасына тұрып алып бақылауды ұнатушы едім. Әкем үйде б…

6
0
1764

Өмірі өнегелі жан

Астана. 13 наурыз. Baq.kz-ХХ ғасырдың соңын ала Кенес империясының тоны жіби бастады. Жариялылық қоғам келді. Сәкен Сейфуллин 1957 жылы толық ақталып шықса да, қайраткерге арнап мұражай ашу жабық тақырып күйінде қала берді. Тек 1988 жылғы 20 ақпанда Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің арнайы шешімімен Ақмолада облыстық «Сәкен Сейфуллин» мұражайы ашылды. Бұл – көп жыл күткен үлкен қуаныш еді. Ол кездегі Ақмоланы бүгінгі күнмен салыстыруға мүлде келмейді. Тың өлкесінің «эпицентрі» атанған қалада жергілікті халықтың өзі тым сирек. Сырттан келген өзге жұрттар кеңірек қоныстанған. Қазақ мектептері жабылған. Ана тіліміз өгей баланың күйін кешкен заман еді...Алмағайып уақытта осы жерде ұлтым деген азаматтар да болды. Олар ұлттық құндылықтармыздың жойылып бара жатқандарына жүректері ауырды. Қалай сақт…

0
0
1178