Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Гарлем шейк билейміз ба ?

Қарағандыда бір университеттің ішінде, президенттің портретінің алдында беттерін бүркеп алып, столдың үстінде студенттер би билепті.

Сол себепті екі студент оқу орнынан құылыпты.

Астанада экс депутат Бахыт Сыздыкова да бетін бүркеп, жастарды жинап алып оқудан құылғандарды жақтап би билепті.(Неге артқы жағына президенттің портретін қоймаған ??? )

Шамам келгенше сараптап ой жүгіртіп көрейін.

БІРІНШІДЕН:

Мысалы, әлгі экс депутат өзінің жеке пәтерінде, қонақ күтетін бөлмесінде тұрған столдың үстінде би билеген болсын.

Бұл жағдайға қоғамның басқа мүшелері (жеке тұлға болсын, қоғамдық немесе мемлекеттік қызметкер болсын) сенікі дұрыс, дұрыс емес деп талқылауға құқығы барма?

ЖОҚ ! Өйткені ол жеке пәтер, және ол сол пәтердің ИЕСІ !

ЕКІНШІДЕН:

Енді әлгі депутаттың жеке пәтеріне РҰҚСАТСЫЗ біреулер кіріп алып, ата анасының портреттерінің алдындағы столдың үстінде тап солай би билесе қалай?

Қоғамның басқа мүшелерінің қайсысының дұрыс-бұрыс деп айтуға құқығы бар ?

Ол тек қана сол пәтердің ИЕСі болуы керек шығар !?

Жәй ғана әзілдесіп шығарып жібере ма? Ұрысып шығара ма? Полиция шақырама? Оны тек қана өзі біледі!

ҮШІНШІДЕН:

Енді Қарағанды университетінде болған уақиғаны алайық.

ЖЕКЕ тұлғалардың көз қарасы қалай?

Біреулері студенттерді қолдайды:  "Сендердің университеттеріңе де, мемлекеттеріңе де, президенттеріңе де осы керек. Осындай құрметке ылайықтысыңдар"- дейді.

Біреулеріне дұрыс па дұрыс емес па - БӘРІБІР !

Біреулері жәй күліп: "жас баллардың ойыны ғой бұл"- дейді

Біреулері түбегейлі қарсы болады.  Мемлекетіміздің,сол университетің, елбасымыздың намысын қорлау деп түсінеді. Халқымызға көрсетіліп жүрген көп қоқаң-лоқының бір көрінісі деп түсінеді.

Енді ҚОҒАМДЫҚ пен заңдылық тұрғыдан қарасақ.

Егер жастар өз биін жекеменшік бір үйде билегенде: оған қоғамның , заңның еш қатысы болмас еді.

Ал университет - ол қоғамдық орын, мемлекеттік мекеме. Сондықтан сол жердегі қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың сақталуы, сондағы дүние мүліктің, құрал саймандардың сақталуы міндеттелген әкімшіліктің сол жастарға қандайда да болмасын бір шара қолдануларына құқығы барма? Жоқ па ?

ТӨРТІНШІДЕН:

Егер осы жастарға еліктеп ертеңгі күні тағы бір топ жастарымыз мешіттің иә болмаса христиан шіркеуінің қақ төріне шығып алып осылай өнер көрстсе !?

Оларға жазалау шарасын қолданған дұрыс па? Иә болмаса қолдау көрсеткеніміз дұрыс па?

БЕСІНШІДЕН:

Айталық сол университеттің "РЕКТОРЫ" экс депутат Бахыт Сыздыкова билеп жаткан студенттерін көріп қалды !?

Сонда ол қандай әрекет жасар екен:

1.Ештеңе көрмегендей өтіп кетер ма?

2.Ұрысып тыйып тастар ма?

3.Полиция шақырар ма?

4.Өзіде бетін бүркеп, жастардың ортасына шығып, бетін камераға, артын президенттің портретіне қаратып тұрып өнер көрсете ма?

 
0
0
361

Осы тақырып бойынша

Гарлем шейк билейміз ба ? - Yvision.kz