Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақтың блогерлері кім? Қандай тақырыпта және қайда жазып тұрады?

23-24 наурыз күндері Шымкент қаласында қазақ блогерлерінің 3-ші БлогҚұрылтайы өтеді. Ол жайлы толығырақ Құрылтайдың ресми сайтынан http://www.blogcamp.kz/ білуге болады. Бұған дейін БлогҚұрылтай 2011 жылы Алматыда ҚМЭБИ (KIMEP) ғимаратында және 2012 жылы Астанада Назарбаев университетінде өткен болатын. 2011 ж. Алматы. BlogCamp 2011 2012 ж. Астана. BlogCamp 2012 Бұл мақала Құрылтай жайлы емес, соны ұйымдастырып, блогосфераны дамытып жүрген қазақ блогерлері жайлы болмақ. Қазақ блогерлерінің орысша жазушы блогерлерден бірнеше ерекшеліктері бар. 1. Кез келген қазақ блогері ұлттық құндылық, тіл, Отан жайлы жаза алады һәм жазып жүр. 2. Тақырып таңдамайды кез келген тақырыпта көрген-білгенін танымдық блог ретінде жиі жазады. Нақты бір тақырыпта жазатын блогерлер аз. 3. Саясатқа көп араласа берм…

Мерекелік видеоблог: Наурыз мерекесіне дайындығыңыз қандай?

Сәлем, достар! Жаңа жылымыз, Наурыз мерекесі құтты болсын!

Біздің мерекелік видеоблогымызда сіздер бүгінде Ұлыс күніне дайындық қалай жүретінін білесіздер:) Бұл видеода біз:

- мерекелік киім дайындаймыз

- ұлттық тәтті тағам - балқаймақ қайнатамыз

- дәстүрлі ән мен терме шырқаймыз

- және әрине мерекелік құттықтаулар мен бата аламыз!

Достар, тамашалағандарыңызға рахмет! Лайк басып, пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!:)

8
8
783

Наурыз көже — главное блюдо семейного праздничного стола

Наурыз - праздник весны. Это аксиома для любого жителя нашей страны. Для меня это всегда праздник любви, красоты и обновления. В этот день на улицах накрывают столы, щедро угощают всех вкусными блюдами, на площадях и улицах звучит музыка.Красивые национальные наряды, традиционная кухня, древние обычаи и игры - все это Наурыз. С древнейших времен он был известен как главный праздник у тюркских народов. Это праздник жизни, обновления и пробуждения природы. Мир наполняется новым звуками и красками, жизнь бьет ключом. В традиции Наурыза входят празднества, карнавалы, спортивные состязания, игры, песни. Люди в этот день должны быть приветливыми и гостеприимными. Издревле Наурыз праздновался всей общиной вместе. Дело в том, что после кочевий, зачастую именно в это время семьи собирались вместе,…

Қазақстандағы идеологиялық қайшылық: ағымдар мен топтар

Қазақстан халқы да басқа елдер сияқты өз ішінде әлеуметтік, этникалық, генеологиялық, діни және идеологиялық тб ерекшеліктерге байланысты жіктелген, бөлшектенген қоғамға жатады. Осылардың ішінде идеологиялық ұстанымына байланысты халықтың қандай ағымдар мен топтарға бөлінетініне тоқталуды жөн көрдік. Осы мақсатпен сызылған ағаш бізге мәселені анығырақ анықтауға мүмкіндік береді. Діни мотивациялы (ислам діні): бұл топқа өзін және өзгені танытуда (идентификация) дінді бірінші орынға қоятын адамдар жатқызылды. Бұл топтың өз ішінде тағы да көптеген ағымдарға бөлінетіні жасырын емес. Оларды үш ірі топқа жинастырып қарастыруға болады; Радикалдар – мақсаты халифат немесе шариғат заңдарына негізделген мемлекет орнатуды көздейтін және өз жамағатындағы адамдардан басқаларды «адасқандар» ретінде сан…

0
0
5429

Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump

1.Кез келген бэкпэкер (бюджетті турист) Ришикеш қаласының атын естігенде, ойына Ганга өзені, Гимайлай шатқалдары, рафтинг, трэккинг, үнді храмдары, йога, медитация және дәмді манты сияқты "момо" атты Непал асүйі еске келері сыр емес. Бірақ дүние бір орында тұрмайды, сондықтан Ришикеш жайында үйреншікті мағұлматқа қоса, адреналинді жаңа деңгейге қалай жеткізгенімізді баяндаймын. 2. Ришикеш-қаласы Үндістанның өлшеміндегі кішігірім "Уттараканд" штатында орналасқан. Йога мен медитацияның әлем астанасы болып саналады, танымал The Beatles тобы 1968 жылы осында келген болатын, сол уақыттан бері хиппилар және сол бағыттас жас ұрпақтардың негізгі туризм бағытына кірді. 3. Дели-Харидвар бағытында қатынайтын темір тұлпарын күтіп отырғанда, аяғы гипсте болып, жүк арбада кезіп жүрген кісіні көрдік. Cу…

«Қазақ» газетінде Наурыз мейрамы туралы материалдар

НАУРЫЗ Наурыз — қазақша жыл басы. Бұрынғы кезде әр елде наурыз туғанда мейрам қылып, бас асып, қазан-қазан көже ішіп ауылдан-ауылға, үйден-үйге жүріп кәрі-жас, қатын-қалаш бәрі де мәз болып көрісіп, араласып қалушы еді. Бұл кезде ол ғұрып қазақ арасында қалып бара жатқан секілді, наурыздың қай айда, қай күні болуы хақында әр түрлі сөйленеді. Біреулер наурыз марттың бірінде, екіншілер тоғызында келеді деседі, һәр жұрттың белгісі күнде жаңа жыл туады, ескі жыл бітіп, жаңа жыл басталғанда: «іс жаңа жыл қайырлы болсын, жаңа бақыт кәсіп болсын» — деп құттықтасады, ол күнді мейрам қылып шаттықпен өткізеді. Рустың жаңа жылы қыс ортасында, нағыз сақылдап тұрған суықта келеді, біздің Жаңа жылымыз — Наурыз марттың басында болсын, ортасында болсын, әйтеуір мартта келетін болса, шын мағынасымен Жаңа…

2
3
10617

Әйел-отбасының ұйытқысы

Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Әрбір әйелдің бұл дүниедегі басты міндеттерінің бірі аналық міндетін тиісінше атқару. Ол оның қасиетті борышы. Түрлі сылтаулар айта отырып баладан бас тартып, өз баласын өлтіретін әйел мен Алладан қорқа отырып дүниеге сәби әкеліп, оған аналық мейрімін төгіп аялап өсіретін әйелдің айырмашылығы жер мен көктей. Дүниеге сәби әкелуден қашқан әйел дүниеге өзімшіл такаппарлық әкеліп, соны аялап өсіреді. Өзі түгел жақын-жуықтарының да сорына айналатын осынау менмендігінің құлы болған әйелге өз кінасын іскерлік және саяси жетістіктерімен ақтауы қиын. Шындығына келгенде өзінің аналық парызына адал бола алмаған әйелдің қоғамды қарық қылуы екіталай. Алла Тағаланың алдында адамның құны оның іскерлігімен, саяси белсенділігімен емес, оның адамшылығыме…

-5
0
2014

Мәзһабты қорғау тек мәзһабты қорғау ма?

Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Сонау Ислам дінінің бастауында имам Әбу Ханифа, Имам Малик, имам Шафиғи, және имам Ахмад ибн Ханбал тәрізді сәлаф ғұламалар негіздерін қалаған, содан бері талай ғасырлар Исламның ақыл-ойы да, қаруы да болып дінді осы кезге аман жеткізген, көпті көрген төрт мазхабтың да тағдыры талқыға түсе бастаған күндер туды. Өздері жақын арада пайда болса да мазхабтарды сынауда шеберлік таныта білген, сол арқылы мазхабтардың беделдерін түсіріп, олардың жамағатын өз қатарларына көптеп тартып жатқан кейбір фитнашы топтардың өсу қарқыны алаңдатпай қоймайды. Олардың әрекеттерінен шамалары жетсе мазхабтарды жойып, олардың орнын басу мақсаты анық байқалады. Бұл несімен қауіпті? Егер осы кезге дейін мұсылмандардың басым көпшілігі өзара тату төрт мазхабқа бі…

-5
0
932

Дін, саясат, және ел тағдыры

Аса қамқор, ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Алла кімді тура жолға салуды қаласа, оның көңілін Ислам үшін кеңітеді. Құран Кәрім 6:125. Аллаға сансыз мадақ! Осы аятта айтылғандай Алла Тағала халқымызды тура жолға салуды қалап, оның жүрегін Ислам үшін аша бастады. Соның нәтижесінде жылдан –жылға құлшылық етушілердің қатары өсіп, жер-жерлерде жаңа мешіттер ашылып, дініміз кеңінен қанат жайып келеді. Бірақ, осы жетістіктерімізбен қатар оған көлеңке түсіріп, көңілде бір мазасыздық тудырған қауіпті бір үрдіс те бой көтере бастады. Бұл намазхандар арасындағы бөлінушілік. Алла Тағала өзара бөлініп, үздіксіз ыдырау үстіндегі Кітап иелерін мысал ете отырып аяттар арқылы бөлінбеуді нұсқау етсе де, себеп тауып топ құрап алушылықтың зардабын мұсылмандар да тартумен келеді. Міне, осындай жікші…

-5
0
1588