Адам қанағаты
Кешегі күндерді еске алатын сәттерім болады, балалық шақ... Адамның өмір жолына енді ғана аяқ басатын кезі бұл. Ата-анаңды қуантып өмірге келдің, көз қуанышы болып өстің, бүгін, міне, есейдің. Кешегі балалық шағыңды түшіркене бір еске аласың. Кез келген ұсақ жақсы жаңалық болсын, ертеңгі күніме сенім беріп, демеп тұратыны бар. Әр нәрсе, үңіліп қарасаң, бір үлкен бақыт. Балдәурен шақ - өзінің сыр сандығыңды ашқан кезің. Енді өмір ағымымен сен де өз ғұмырыңды кешудесің. Барған сайын өзіңе бір жаңалық ашасың. Мен өмірді күрделі есепке ұқсатамын. Соңғы шешімін табасың ба, жоқ па, белгісіз, алайда бұл саған берілген жалғыз ғана есеп - шешіп көруің керек! Қателестім деп санымды соғып отырмайын, жоқ. Басқа тәсілді қолданамын, еш тартынбаймын. Қате - өмірдің құрамындағы қоспа деуге бола ма екен,…